Кеңестік білім беру жүйесінің құру



бет1/4
Дата15.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#83228
  1   2   3   4
Байланысты:
Кеңестік білім беру жүйесінің құру

Кеңестік білім беру жүйесінің құру

Орындаған:АРИПЖАнова А; Ашкейқызы А;

Әлшер м; Базарбекқызы а; Байзакова Б;

Балтабай А; Биржан а;

ЖОСПАР

  • Мектеп білімнің жаңа жүйесін жасау
  • Міндетті бастауыш оқу
  • Білім беру ісінде бірқатар ірі кемшіліктер
  • «Кадрлар бәрін шешеді!»
  • Жұмысшы факультеттері (рабфактар)
  • Соғыс қарсаныңда оқу орны
  • Соғыс жоғары мектептің дағдылы өмірін өзгертті
  • Қорытынды

Мектеп білімінің жаңа жүйесін жасау мемлекеттік басқарудың бұрынғы құрылымын қайта құру арқылы жүзеге асырылды.

БОАК-тың 1918 жылғы 16 қазандағы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» Ережесіне сәйкес бұрынғы бастауыш училищелердің, гимназиялардың, реалдықучилищелердіңжәне басқа да оқу орындарының орнына 2 сатыдан тұратын бірыңғай еңбек мектебі бекітілді: оның біріншісі 8-ден 13 жасқа дейінгі, екіншісі 13-тен 17 жасқа дейінгі балаларға арналды. Халықағарту комиссариаты 1918 жылғы 31 қазандағы «Шағын ұлттар мектебі туралы» қаулысымен: «Ресей Кеңестік Социалистік Федеративті Республикасында коныстанған барлық ұлттар бірыңғай еңбек мектебінің және жоғары мектептің қос сатысында да өздерініи ана тілінде оқуды ұйымдастыру қүқығын пайдалана алады* деп жариялады. 1914-15 оқу жылында 2011 мектеп болса, 1920-21 оқу жылында республикадағы мектегітердің саны 2410-іа жетті. Негізінен бірінші сатыдағы мектептер көбірек оқылды. Оқушылардың саны да өсті. Рас, мектеп құрылысындағы қиындықтар жетіп артылатын еді. Мектепте білім беру мәселесін жетілдіру көпшілік мектептерде қажетті материалдық-техникалық базаның болмауының, сондай-ақ мұғалім кадрларының жетіспеуінен де тежеліп отырды. «Мектептер көбіне ауылдан лайықты үй-жай таппайды, - деп айтылады Ақмола губерниясының жауап-

тарының бірінде, — аядай ғана, әрі тым қораш жеке меншік балшық үйде қысылып-қымтырылады,кейде ондай үйлердің төбелері шұрқ тесік болады, ешқандай жиһаз да, оқу құралдары да жоқ... Бұрынғы молдалар мен шала сауаггы азаматтардың мұғалімдер ретінде шақырылатыны да сирек құбылыс емес». 20-жылдардың соңына қарай мектепте білім беру проблемасының шешілмеуі айқын фактіге айналды. Ол Халық шаруашылығын индустрияландыру үрдісінен шыға алмады, сауатсыздықты жою жөніндегі барлық іс-шара кемшін соғып жатты. Сауатын ашпаған жастар иңдустриялық еңбек салаларына кіруге жарамсыз болды. Мәселен, 1929 жылы мектеп жасындағы балалардың 40%-ы ғана бірінші сатыдағы мектепте оқыды. Әрі ең төмен көрсеткіштер қазақ және өзбек балаларынан байқалды (21%), тараншылар мен дүнгендерде — осыған сәйкес 34 және 33%, орыстарда — 60%, татарларда — 65%. Қауырт шаралар қабылдау қажеттігі туды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет