Педагогикалық
зерттеулер
–
оқыту
мен
тәрбиелеудің
заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен
тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның
мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары
туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға
бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.
Педагогикалық
басқару
–
қойылған
мақсатқа
сәйкес
педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан
екінші қалыпқа ауыстыру процесі.
Педагогикалық диагноз
– оқушының қабілетін, мінезіндегі
ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау.
Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі
туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және
нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады.
Педагогикалық
жүйе
–
адамды
дамыту
мақсатындағы
жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі.
Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті
құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар
мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін
жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ
қасиеттердің пайда болуы.
Педагогикалық зерттеу әдістері –
оқытудың, тәрбиелеу мен
дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар
мен тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық зерттеу міндеті
– педагогикалық зерттеудің
нақтыланған немесе неғұрлым жекеленген мақсаттарын айқындау.
Педагогикалық зерттеу пәні
- зерттеу объектісінің нақты бөлігі
ондағы жүріп жатқан процесс немесе зерттелетін мәселе аспектісі.
Педагогикалық кәсіптік борыш
– педагогтың кәсіптік іс -
әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |