қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг
(1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ.
екінші жартысында ұстаздың
жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек
жазды. Гаудигтің теориясы бойынша,
мұғалім арнайы ережені
немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен
іскерлігін жеке басының үлгісімен
шығармашылықпен іске асыру
арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек.
Педагогикалық ұжым
– оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен
құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп
басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарғы органы –
педагогикалық кеңес.
Педагогикалық шеберлік
– педагогикалық қызметтің жоғары
деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың
оқу - танымдық іс-
әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен
өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік
беретін арнаулы
білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік
маңызды қасиеттерінің кешені.
Педагогикалық ықпал -
мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып
жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие
алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.
Рефлексия
– лат. «бейнелеу» деген сөз (өз ойларын, бастан
кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан –
дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы.
Талап
– педагогикалық ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі. Іс -
әрекетке итермелейтін талап (кесімділік
дәрежесіне қарай -өтініш,
тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге тыйым салатын талап (нұсқау,
сәйкес бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: