Педагогикалық кәсіптік борыш
– педагогтың кәсіптік іс -
әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі.
Педагогикалық консилиум
– оқушылардың үлгерімі мен тәртібін
тереңірек қарастыратын, оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған
кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табу мақсатында өткізілетін
мұғалімдердің кеңесі.
Педагогикалық тұлға
– ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас
үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг
қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг
(1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың
жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек
жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені
немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен
іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру
арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: