Қолданылған әдебиеттер: 1.
Зимняя И.А. Педагогическая психология, 1997, С. 8 - 35.
2.
Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002, С.
9-10.
3.
Логвинов И., Сарычев С., Силаков А. Педагогическая психология в схемах и
комментариях. Питер, 2005, С.12-19.
1.2. Заманауи білім беру Білім беру көпжақты феномен ретінде. Білім беру модельдері. Білім беру жұйесінің
компоненттері. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары. Жаңартылған
білім беру мазмұны, ерекшелігі. Тұлғалық – іс-әрекеттік тұрғы - білім беру процесін
ұйымдастырудың негізі.
Лекция түрі: Проблемалық дәріс
Оқыту әдістері: Әңгімелесу, пікір алмасу, Венн диаграммасы, Инсерт әдістері
« Білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық
ұйымдасқан әлеуметтену процесі» (
Б.М.Бим-Бад, А.В.Петровский ).
«Білім беру – қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау
жүйесі» (
В.С.Безрукова ).
«Білім беру – білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі
жетістігі жүйесі» (
И.П.Подласый ).
«Білім беру – адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім,
іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі
дамыту процесі» (
Үлкен энциклопедиялық сөздік ).
2. Білім беру түрлері
Мазмұнының типі бойынша - биологиялық;
- математикалық;
- дене тәрбиелік;