Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет50/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
Оқыту психологиясы
Пәні:
Жүйелі оқыту (білім беру) жағдайында танымдық сфераның дамуы. 
 
Негізгі міндеттері:

Әр түрлі дидактикалық жүйе жағдайында танымдық әрекеттің ерекшелігін ажырататын 
сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын ашу; 

Оқыту жағдайында мотивациялық және тұлғалық дамудың өзара байланысын зерттеу; 

Баланың дамуы мен оқыту процесін басқару мүмкіндіктерін ашу; 

Оқыту тиімділігінің психологиялық-педагогикалық критерийлерін бөліп алу. 

 
Тәрбие психологиясы
Пәні:
Бала мен ұжым іс-әрекеттерін мақсатты ұйымдастыру жағдайында жеке тұлғаның 
дамуы. 


21 
Негізгі міндеттері:

Оқушының мотивациялық сферасы мазмұнын, оның бағытын, адамгершілігін, т.б. 
зерттеу; 

Әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілердің өзіндік санасының 
ерекшелігін анықтау; 

Балалар мен жасөспірімдер ұжымының құрылымы мен олардың жеке тұлғаның 
қалыптасуына әсерін зерттеу.

 
Педагогикалық іс-әрекет және ұстаз психологиясы
Пәні:
 
Кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының психо-логиялық аспектілері
сондай-ақ осы әрекеттің қарқынды дамуына немесе тежелуіне әсер ететін жеке тұлғалық 
ерекшеліктер. 
Негізгі міндеттері:

Педагогтың шығармашылық әлеуетін және олар арқылы педагогикалық стереотиптерді 
жою мүмкіндіктерін анықтау; 

Ұстаздың эмоционалдық тұрақтылығын зерттеу; 

Ұстаз бен оқушы қарым-қатынасы даралық стилінің оңды ерекшеліктерін анықтау.

Педагогикалық психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы
. Педагогикалық 
психологияның 
басқа ғылым салаларымен 
байланысу себептері: 
 
Біріншіден
, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы 
психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады. Ғылыми білім үшбұрышының 
Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыңы – жаратылыстану ғылымдары, оның 
тағандарының бұрыштары – философия және қоғамдық ғылымдар, ал ортасында осы 
ғылымдармен психология түйісіп тұр). 
 
Екіншіден
, білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени 
тәжірибені тасымалдаушы болып табылатынды-ғында және осындай мәдениетте 
өркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырлануында. 
 
Үшіншіден,
пәннің өзі танып білуші, тануға үйретілуші, басқа да көптеген ғылымдар 
тарапынан зерттелетін 
адам 
болып табылуында.

 
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өзара байланысы 
зерттелу 
объектісі 
– 
бала, жеткіншек, жасөспірім
– ортақтығымен түсіндіріледі. Жас ерекшелігі 
психологиясы әр жас кезеңдеріндегі адам психикасының дамуын зерттесе, педагогикалық 
психология оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму заңдылығын зерттейді. 

 
Жас ерекшелігі психологиясының принциптері: 

Белгілі бір жас кезеңі жеке дара зерттелмейді, ол жалпы тенденция бойынша осы жасқа 
дейінгі мен кейінгілерді ескере зерттеледі; 

Жас ерекшелігі (хронологиялық шеңбер және мазмұн) статистика-лық емес, олар 
қоғамдық-тарихи факторлар арқылы анықталады; 

Әрбір жастың қоршаған ақиқат орта мен өзінің іс-әрекетіне қатысты ұйымдастырылған 
даму резервтері болады; 

Бір жастан екінші жасқа өту ондағы психологиялық жаңа сапалардың қалыптасуымен
яки басты әрекет типінің өзгеруімен, дамудың әлеуметтік жағдаяттарымен, адамның 
қоршаған ортамен қатынас типімен және т.б. анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет