16
жалпылау;
жүйелеу және т.б.
Формальды логикаға негізделген ойлаудың диалектикалық логикаға негізделген ойлауға
ауысу процесін ынталандыру.
Ойлауды дамыту критерийлері
Оқушылардың белгілі ойлау деңгейіне жетудегі жетістіктерін айғақтайтын көрсеткіштер:
1)
Ойлау әрекетінің операциялары мен тәсілдерін игеру дәрежесі, оларды оқу және оқудан
тыс танымдық процестерде қолдана алу іскерлігінің деңгейі;
2)
Ойлау әрекетінің операциялары мен тәсілдерін саналы түрде сезіну деңгейі;
3)
Ойлау операциялары мен тәсілдерін, сондай-ақ оларды
қолдану дағдыларын басқа
ситуацияларға және басқа заттарға тасымалдауды жүзеге асыру іскерлігі деңгейі;
4)
Ойлаудың әр түрлерінің, сондай-ақ ойлаудың бір түрінің екіншісіне ұласу процесінің
қалыптасу деңгейі;
5)
Міндетті шығармашылықпен шешу, жаңа жағдайға бейімделу
әрекетіндегі жинақылық
дәрежесі;
6)
Тезаурус көлемі, яғни білім қоры, оның жүйелілігі, сондай-ақ білімді меңгерудің жаңа
тәсілдерінің пайда болуы;
7)
Әртүрлі ойлау сапаларының жағдайы мен өсу бағытындағы дина-микасы:
дербестік,
тереңдік, сыншылдық, орамдылық,
ұшқырлық, логикалық, жүйелілік, жылдамдық және
т.б.
Ақыл-ой міндетін шешу кезеңдері:
1.
Проблемалық ситуацияны сезіну;
2.
Міндет қоя білу;
3.
Іздену аймағын шектеу;
4.
Болжам (гипотеза) жасау;
5.
Болжамды тексеру;
6.
Әрекет пен нәтижелерді рефлексиялау.
Оқу процесінде есте сақтаудың нәтижелілігіне
әсер етуші себептер
Субъективті:
- есте сақтау типі;
- бұрынғы жинақталған тәжірибе;
- бағыт-бағдар;
- қызығушылық;
- организмнің жағдайы.
Объективті:
-
материалдардың сипаттамасы;
- мағынасын сезіну;
- байланыстылығы;
- түсініктілігі;
-
көрнекілігі;
- бір қалыптылығы;
- материалдың көлемі;
- материалдық жағдай.
Логикалық есте сақтаудың кезеңдері:
- есте сақтаудың мақсатын сезіну;
- есте сақтайтын материалдың мағынасын түсіну;
- материалды саралау;
- мәнді-мағыналы ойларды бөліп алу, жинақтап қорыту;
- осы жинақтап қорытуды есте сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: