18
І БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1 - СҰРАҚ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
1.
Педагогикалық психология пәні, мақсат-міндеттері
2.
Педагогикалық психологияның құрылымы
3.
Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері
1.
Педагогикалық психология
ұғымы зерттеушілердің пікірлері бойынша ғылыми айналымға 1877
жылы орыс педагогы П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология» атты кітабы жарық
көрген соң енгізілген.
Педагогикалық психология –
оқыту мен тәрбиелеу барысында солардың
болмысының
даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін
жүйелейтін психология ғылымының саласы.
«Педагогикалық психология
жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу-тәрбие
ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу
әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп
есептейді» (Л.С.Выготский).
«Педагогикалық психология
білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру заңдылықтарын, осы
процестердегі жеке даралық өзгешеліктерді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық
ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу
әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді
»
(
В.А.Крутецкий
).
«Педагогикалық психология
оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын
зерттейді» (
А.В.Петровский
).
Достарыңызбен бөлісу: