ұғымның белгілері мен олардың бір-бірімен байланысын ажырату
қабілеттілігі;
Білімнің жеделдігі – әр түрлі жағдаяттарда меңгерілген білімді қолдануда шапшаңдық
көрсету қабілеттілігі;
Білімнің тереңдігі – ұғымдардың мәнді белгілері мен олардың байланысын ажырата алу
қабілеттілігі;
Білімнің икемділігі – бір міндетті шешуде бірнеше шешім жолын тауып өз бетімен
қолдана білу немесе ұқсас міндеттерге жетуде дәстүрлі емес жолды табу.
Білімнің нақтылығы және
жалпылығы – жалпы түрдегі білімді бөліп алу, нақтыны жалпыға
жақындату, жекені жалпыға ығыстыру:
Білімнің жинақылығы – ойды жинақы түрде, жүйелі жеткізу;
Білімнің жүйелілігі – ұғымдар иерархиясын, оның жүйелілігі мен өзара байланысын
анықтау іскерлігі;
Білімнің саналылығы – материалды қайта топтаумен қайта өңдеу, құбылыс, заң т.б.
туралы деректерді шығармашылықпен қолдану іскерлігі.
6. Меңгеру – тарихи жолмен қалыптасқан қабілеттің, мінез-құлықтың, білім мен іскерліктің
қоғамда жинақталған түрлерінің индивидте индивидуалды - субъективті іс-әрекет формасына
айналу процесі. Меңгеру процесі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы психикасының
дамуының негізі болып табылады.
Меңгерудің негізгі формалары:
тікелей-эмоционалдық қарым-қатынас;
заттық-манипуляциялық әрекет;
ойын әрекеті;
қоғамдық-пайдалы іс-әрекет;
оқу іс-әрекеті;
еңбек әрекеті.
Меңгерудің негізгі компоненттері:
қабілетті, білімді адамның іскерлігі мен дағдысын (меңгеру мазмұны) іске асыратын
мәдени құралдар;
тапсырма түрлерінің оны меңгеру формаларына сәйкестігі;
мәдени салада іске асырылатын тәжірибелік, танымдық, адекватты әрекеттер.