7. Дағдының даму заңдары Тиімділік (эффект) заңы - 1921 жылы Э.Торндайк ашқан. Дағдыны дамыту үшін әрбір
пысықтаудың нәтижесін білу қажет, сонда ғана келесі пысықтауда оны жетілдіруге деген
ниет туады.
Дағды дамуындағы жылдамдықтың өзгеру заңы - алғашқы пысықтаудағы дағды
өнімділігін жетілдіру қарқыны көп кешікпей өз қарқындылығын баяулатады.
Дағды дамуындағы біркелкі еместік заңы – дағдының ілгерілеуі олардың өнімділігне
әсер ететін субъективті және объективті себептер қатары әсерінен уақытша дағдының
төмендеуімен алмасады.
Дағды дамуындағы плато (үстірттік) заңы – уақытша дағды өнімінің жақсаруы немесе
төмендеуінің байқалмауы олардың психологиялық құрылымының қайта құрылуы туралы
түсінік береді. Демек, дағдылану процесі табандап бір орында тұрып қалады немесе тіпті
бастапқы кезінен төмендеп кетуі мүмкін. Осыны психологияда
плато (француз сөзінен
«platean» – бірыңғай) деп атайды.
Дағды дамуының шексіздігі заңы – дағды дамуындағы соңғы плато дағды құрылымын
қайта құру есебінде жүріп оның нәтижелілігін аз да болса жақсарта алады.
55
Дағдының сөну заңы – пысықтау жоқ жерде дағды кері қарай дамуға ұшырайды, бірақ
пысықтаудың қайтадан қалпына келуі, дағдыны алғашқы пысықтауға қарағанда
жылдамырақ қалпына келтіреді.
Дағдыны тасымалдау заңы – қалыптасқан дағдылар психоло-гиялық құрылымы
бойынша ұқсас дағдылардың дамуын жеңілдетеді (оң тасымал) және құрылымы әр түрлі
дағдылардың дамуын қиындатады (теріс тасымал).
56
Дағдыны қалыптастыру деңгейлері
Дағдыны ойластыру – әрекетті орындау мақсаты белгілі, бірақ оған жету жолы
түсініксіз.