Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне


Трисомия  - хромосоманың диплоидты жиынтығының өзі үш  дана болып келетін кариотиптік өзгеріс. Фенотип



Pdf көрінісі
бет94/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Трисомия 
- хромосоманың диплоидты жиынтығының өзі үш 
дана болып келетін кариотиптік өзгеріс.
Фенотип 
- генотип 
пен сыртқы орта факторларының 
әрекеттесуі негізінде қалыптасатын белгі-қасиеттердің жиынтығы.
Фенилкетонурия 
- фенилаланинді тирозинге айналдыратын 
ферменттердің түзілмеуіне байланысты пайда болады. Соның 
салдарынан фенилаланиннің қандағы мөлшері шамадан тыс артып 
кетеді. Артық фенилаланин фенилпиро-жүзім қышқылына айналып, 
несеппен бірге сыртқа шығарылады. Нерв жүйесінің бүзылуына 
байланысты есуастық белгісі қалыптасады. Аутосомдық-рецессивті 
белгі ретінде түқым қуалайды.
Хиазма 
- кроссинговердің салдарынан пайда болатын X тэрізді 
фигура.
Хроматин 
- клетка ядросындағы ДНК мен белок комплексінен 
түратын зат.
Хромомерлер 
- хромосоманың анық көрінетін, қанығып 
боялатын бөлігі.
Хромосомалар 
-
клетка 
ядросындағы 
нуклеопротеидтік 
жіпшелерден түратын қүрылым.
2 4 0


Хромоцентрлер 
- телофаза кезінде деспиральданбайтын, соған 
байланысты интерфазалық ядрода метафазалық қалпын сақтайтын 
хромосоманың гетерохроматинді бөлігі.
Центромера 
- хромосоманың ұршық тәрізді (ахроматин) 
жіпшелер бекінетін жері.
Цистрон 
- белок молекуласының толық құрылымы туралы 
хабарламасы бар бөлігі.
Цитокинез 
- клетка цитоплазмасының бөлінуі.
Цитоплазмалық аталық стерильдік 
(ЦАС) - цитоплазмадағы 
генетикалық факторлар мен ядролық гендер бірігіп бақылайтын 
аталық жыныс клеткасының ұрықтандыру қабілетінің болмауы.
Цитоплазмалық тұқым қуалау 
- негізінен цитоплазма 
органоидтарьшда (митохондрия, пластидтер т.б.) орналасқан гендер 
арқылы анықталатын тұқым қуалаушылық.
Чаргаф ережесі 
- америка оқымыстысы Чаргаф негізін салған 
молекулалық генетикадагы іргелі мәселенің бірі. Ол бойынша кез 
келген 
ДНК молекуласындағы пурин 
негіздерінің жиынтығы 
пиримидин негіздерінің жиынтығына тең болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет