213
құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де,
егіске де
пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған,
тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз,
икемсіз әрі денелі
адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты»
деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып
есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін,
сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Түйе мен жылкыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға,
арбаға,
малға жегеді, салт та мінеді.
4.
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті -
қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Ешкі
де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті
аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік
ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, борте,
шыбыш, серке деп бөледі.
5.
Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік
малдың басын басқаға бермеген, онда мал
көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып
отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан
жасалатын арқан, сиыр мүйізінен
жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет,
тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің
шудасын да қайнатып, емге пайдаланған. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз
перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп,
айналып-толғанып, еркелетіп
отырған.
13.
Епсіз, икемсіз адамға теңейтін түлік
A) Түйе
B) Сиыр
C) Қой
D) Ешкі
E) Жылқы
14.
Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қай бөлігінде көрінеді?
A) Бірінші
B) Бесінші C) Екінші
D) Төртінші E) Үшінші
15.
Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал
A)
Ат - биеден, аруана - түйеден
B)
Есі кеткен ешкі жинар.
C)
Тайлы бие тайлақты түйедей.
D)
Сиырдың сүті тілінде.
E)
Түйесі жоқа ауылға тайлақ атан көрінер.
16.
Мәтін мазмұнының реттілігі
1.
Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі.
2.
Сыйдың ең қадірлісі
3.
Үндемейтін адамға қатысты теңеу
4.
Амандасу әдебі
5.
Төрт түлікке
қатысты халық ырымы
A) 1.2.3.5.4. B) 1.2.5.4.3. C) 4.2.5.3.1. D) 4.5.3.2.1. E) 4.2.3.1.5.
17.
Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырған?
A)
Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болғандықтан
B)
Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан
C)
Серке төрт түлік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болған,
D)
Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болған.
E)
Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан
18.
Төрт түліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны
A) Түйе
B) Сиыр
C) Ешкі
D) Жылқы
E) Қой
19.
Қойға қатысты сипаттама
A)
Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырған.
B)
Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған.
C)
Кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған.
D)
Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, шыдамдысы.
E)
Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөлінеді.
20.
Бабаларымыздың төрт түлікке көңіл бөлу себебі?
A)
Байлығын, мансабын көрсететін дүниесі.
B)
Малдың төлін балалар жақсы көргендіктен.
C)
Ауырғанда ем болар шипаның көзі болған.
D)
Ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі болған.