Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет305/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

3-
 
мәтін 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: 
Қазақ хандығы ту тіккен өңір 
1.
Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп, 
жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу 
мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи 
оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен 
өткен кезеңдерден сыр шертеді. 
2.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз 
Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы 
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде 
Қозыбасы биігіне жақын болыпты. 
3.
Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ 
мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі 
жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 
«Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасыда 
деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихи-географиялық тұрғыдан алғанда XIV- XV 
ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар 
жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген. 
4.
Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының 
тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек 
коздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін 
қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта, 
Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі 
болды. 
5.
Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан 
аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы 
екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән 
айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге XIV ~ XV ғасырлардагы 
этноүрдістер жатады. Бұл кезеңнің басты белгілерінің біріне - қазақ халқының этнос ретінде 
тарих төріне шығуы жатса керек. 
6.
Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар 
негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр, территория, менталитеттегі байырғы этностың 
қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі 
аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие 
болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этноним іне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ 
хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың 


278 
алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, 
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет 
ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі 
«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі 
тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек. 
Өйткені, Қазақ хандыгы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер 
біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ 
хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез келген елімен 
тең тұра алатын. 
7.
Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз 
A)
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды? 
B)
Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді? 
C)
Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды? 
D)
Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған? 
E)
«Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай? 
8.
Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы 
1.
Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы 
2.
Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты 
3.
Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады 
A) Үшеуі де дұрыс 
B) Тек екінші 
C) Бірінші мен үшінші 
D) Бірінші мен екінші 
E) Екінші мен үшінші 
9.
Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз 
A)
Батыс Моғолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан. 
B)
Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болтан. 
C)
Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады. 
D)
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. 
E)
Қозыбасы аймағында қоныстанған, 
10.
Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.
Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі 
2.
Жаңа этнонимнің пайда болуы 
3.
Алғаш ту тіккен жер 
4.
Қозыбасы атауы 
A) 2,4, 3, 1 
B) 1,2, 3,4 
C) 4, 2,1,3 
D) 1,3,4,2 
E) 3,4, 2,1 
11.
Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі 
A)

B)

C)

D)

E)

12.
Мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз 
A)
Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады. 
B)
Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады. 
C)
Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады. 
D)
«Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады. 
E)
Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет