Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет306/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

4-
 
мәтін 
I.
 
Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе? 
1.
«Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада 
сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі», - деп жазады ұлттық тағамымыз жөнінде 
«Сарыарқа самалы» басылымы. 
2.
Адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі - құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ, ақуызға өте 
бай, Сондықтан ол - құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, 
кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. 
3.
Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері 


279 
дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі. Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор. 
Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына жәрдемдеседі. Кепкен құртты 
мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек - тірек қимыл аппаратының дұрыс 
әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады. Жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны 
белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин 
деген заттар бар. Сондай-ақ, В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін 
атеросклероз ауруының алдын алады, 
4.
Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі 
байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың 
орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады. 
II.
 
Сусын әрі қорек 
1.
Езілген құрт түйіршіктерін малта дейді. Ол - өте кәделі әрі жұмсақ ас. Ұзақ сапарға жолаушылар 
көбіне малта алып аттанған, Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін талдырмаса, 
екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған. Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы мүмкін, ал шөлге бір 
жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам малта құрт алса, еш алаңдамауға болады. 
Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті бар. 
2.
Соғыс ардагерлерінің естеліктеріндегі мына бір хикая ерекше назар аудартады. Соғыс алдындағы 
қырғын шайқаста, қатары селдіреген взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге мәжбүр болады. Күші
басым жау әскерінің танктері екі қанаттан орап, ту сыртынан өтіп кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай- 
жыраны сағалап, жаудың тылында қалады. Аштық пен шөл бірдей қысқанда қатардағы жауынгер жүк 
қапшығын ақтарып отырып, бес-алты құрт тауып алған екен. Майданға келгеніне сегіз ай болса да, 
«елдің дәмі ғой», - деп ырымдап, жемей жүрген көрінеді. Жасырынған жерде төрт күн, төрт түн жатады. 
Бесінші күні таң ата қоршаудан сытылып шығып, өз бөлімдеріне қосылыпты. «Жанымызды сақтаған 
бес-алты құрт болды» дегенге бөлімнің басқа жауынгерлері таңғалыпты. 
13.
Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы 
A) Иекті қатайтады 
B) 
Бауыр жұмысын реттейді 
C) Зат алмасуын реттейді 
D) 
Атеросклероздың алдын алады 
E) 
Шөлдетпейді 
14.
Құрттың бала ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беретін мәтіннің қай бөлігі? 
A) Бірінші мәтіннің III бөлігінде 
B) Екінші мәгіннің II бөлігінде 
C) Екінші мәтіннің алғашқы бөлігінде 
D) 
Бірінші мәтіннің II бөлігінде 
E) Бірінші мәтіннің I бөлігінде 
15.
Екі мәтіндегі ақпараттың орналасу реттілігі 
1.
Соғыс ардагерінің хикаясы 
2.
Ұлттық тағамның жасалуы 
3.
Дәрумендерге бай екендігі 
4.
Балалар мен үлкендерге пайдасы 
5.
Езілген құрт түйіршіктері 
A) 1,3,4,5,2 
B) 3,2,5,4,1 
C) 2,3,4,5,1 
D) 2,1,3,4,5 
E) 5,1,2,3,4 
16.
Құрт қасиетіне жатпайтын нұсқа 
A) Кептірілген сүт өнімі 
B) Шөлден құтқаратын қасиеті бар 
C) Кальцийдің көзі 
D) Бие сүтінен жасалады E) Ақуызға бай тағам 
17.
Екі мәтінге ортақ атауды табыңыз 
A) Құрттың жасалуы 
B) 
Сүт тағамдары 
C) 
Құрттың түрлері 
D) Құрттың пайдасы 
E) 
Құрт түйіршіктері 
18.
Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз 
A)
Құрттың қанша түрі бар? 
B)
Құрт қалай жасалады? 
C)
Құрттың жасы ұлғайған кісілер үшін пайдасы бар ма? 
D)
Құртты жылдың қай мезгілінде жеген пайдалы? 
E)
Құрттың балалар үшін қандай пайдасы бар? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет