Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет301/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

1076-нұсқа 
1-мәтін 
Бөлтірік шешеннің сөзі 
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: 
-
Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? 
-
дейді. 
Сонда Бөлтірік: 
-Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала - 
артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз- 
біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! - 
дейді. 
1.
Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа 
A) қолға ұстаған мұз B) қайғы - күл, қуаныш - от 
C) бала - жұбаныш, қарт - қазына D) ұшқан құс E) артта қалған із 
2.
Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты 
A) ұзақ өмір сүрген жігіт B) баласы көп жігіт C) жүрегі мықты жігіт 
D) бақ құсы қонған жігіт E) көпті сыйлаған жігіт 
2-
 
мәтін 
Сократтың ақылы 
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді. 
-Тоқта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын. 
-Үш сынақ? 
-Иә, менің досым туралы сөйлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен өткізіп 
алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы.” Досым туралы айтатының 100 пайыз 
шындық екеніне сенімдісің бе? 
-Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан... 
-Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. 
Екінші - “Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..? 
-Жоқ, жақсы емес, керісінше... 
-Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе ме сонда? 
Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - “Керектілік сынағы.”Досым туралы 
айтатының керегіме жарай ма? 
-Білмеймін ғой енді, бәлкім... 
-Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып 
несіне әуре боласың? 
3.
Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі 
A) Керектілік, шындық, жақсылық B) Шындық, жақсылық, керектілік 
C) Жақсылық, керектілік, шындық D) Шындық, керектілік, жақсылық 
E) Жақсылық, шындық, керектілік 
4.
Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті 
A) Әңгімесін айта алмады B) Әңгімесін қызықты баяндады 
C) Әңгімесін толық айтып берді D) Сократтың сынағынан сәтті өтті 
E) Сократтан алғыс алды 
5.
Сократгың ақылының түйіні 
A) Жаман әдеттен аулақ бол B) Тыңдай білу - әдептілік белгісі 
C) Досыңды бағалай біл D) Қолыңнан келсе жақсылық жаса 
E) Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме 
6.
Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ 
A) «Жақсылық сынағы» B) «Шындық сынағы» C) «Адалдық» сынағы 
D) «Керектілік сынағы» E) Барлық үш сынақ 


274 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет