Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет309/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

4-
 
мәтін 
 
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі – ер балаға айдар шаш және 
кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта 
«Айдарлы бала айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын 
көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне 
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. 
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. 


282 
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі 
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген 
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, 
денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған 
айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп 
алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген 
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым 
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. 
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар. 
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері 
бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан 
сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
13.
Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A)
Бала сырқатынан айыққан кезде 
D) Алғаш аңға шыққан кезде 
B)
Жеті жасқа толған кезде 
E) Мүшел жасқа келген кезде 
C)
Үйленген кезде 
14.
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз 
1.
Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды. 
2.
Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған. 
3.
Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар. 
A)
Екінші мен үшінші 
C) Тек екіншісі 
E) Тек біріншісі 
B)
Тек үшіншісі 
D) Біріншісі мен екіншісі 
15.
Мәтінге атау беріңіз 
A)
«Айдар» есімі туралы 
C) Қарын шаш 
E) Тайландтық «Айдар» 
B)
Бүгінгі шаш үлгісі 
D) Айдар шаш 
16.
Mәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады? 
A)
Сүндетке отырғызған кезде 
D) Қырқынан шығарған кезде 
B)
Тәй – тәй басқан кезде 
E) Он жасқа толған кезде 
C)
Тілі шыққан кезде 
17.
Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз 
1.
Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі. 
2.
Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3.
Наурызбай батырдың айдары болған. 
A)
Үшеуі де бұрыс 
C) Үшеуі де дұрыс E) Біріншісі меп екіншісі 
B)
Біріншісі мен үшіншісі D) Екіншісі мен үшіншісі 
18.
Мәтін стилін анықтаңыз 
A)
Ресми 
C) Ауызекі сөйлеу 
E) Ғылыми 
B)
Көркем әдебиет 
D) Іс қағаздар 
19.
Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 
A)
Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі 
B)
Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
C)
Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі 
D)
Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі 
E)
Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі 
20.
Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз 
A)
Баланың дос-жарандары көп болады D) Бала аурудан тез сауығып кетеді 
B)
Бала дәулетті, бай адам болады 
E) Бала болашақта ғалым болады 
C)
Тіл мен көзден сақтайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет