38
бәйтерекке тіл бітіп:
-Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ
бұтақтарым жеміс бермейді. Сыры неде екен? - деді. Беғайдар оның да аманатын
арқалап, жолға шығады. Бір күні әрең дегенде данышпанға жетгі. Данышпан:
-Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? - деді. Бегайдар:
-Терлеп-тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. Көршімнің
бес-алты ешкісі, кеп бала-шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Сонын сырын
іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың да
тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап:
-Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні -
ақылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай
алтын көмілген. Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды
жар алсаң, берекең кіреді, - деді.
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтыңды қазып алды.
Оны кыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Үзамай отбасына береке кіріп, ырысы
тұрақтайды. Осылайша, әйелі екеуі барша мұратына жетіпті.
Достарыңызбен бөлісу: