39
Әдіскер педагогтардың инновациялық жұмыс түрін ұйымдастыруы бойынша бақылау
жүргізу қажет,қай тәрбиешінің қалай қызмет ететінін анықтағаннан кейін ғана ол әр
педагогтың білім мен біліктілік деңгейін біледі және соған сәйкес ізденіп,жұмыс істейді.
Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да
жаңаруда.Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. [3]
Технология дегеніміз – бір істегі шеберлік пен өнердегі әдіс жиынтығы.IT және басқа
технолгиялар оқу процесін жандандыру мақсатын ұйымдастыру,белгілі бір мақсатқа
жұмылуда алдын ала ойластырудың ықпалы мен әсері және оқу процесінің ойдағыдай жүзеге
асырудың мазмұнды техникасы.Осындай технологиялар туралы білім мен біліктігі
бар,ізденіспен және инновациялық жұмыс түрлерін қолдана алатын педагогтар
Қазақстанның болашақтағы жетістігіне зор еңбегін қосатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: