А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Пайдаланылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет23/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   220
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
1. Апатова Н. В. «Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық технологиялар». - М., 1994. - 
127 б. 
2. Кәсіби қызметтегі Интернет. Ғылыми-әдістемелік жинақ / редакциялаған Д. Т. Рудакова. - 
М.: ИОСО РАО, 2003. - 160 Б. 
3. Морев и. А. білім беру ақпараттық технологиялары. 3 бөлім. Қашықтықтан оқыту: оқу. 
жәрдемақы. / И. А. Морев-Владивосток: Қиыр Шығыс университетінің басылымы, 2004 ж. - 
150 Б. 
Акашева А.Х. 
Теміртау қаласы, «Ақтілек» КМҚК бөбекжайы
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ 
ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Ойын – үйретудің, бейімдеудің ең керемет тәсілі. Ойын – бұл жаңа нәрсені байқап 
көру. Жай балаларды күлдіретін, қызықтыратын белсенділікті талап ететін ойын түрлері 
«ерекше балаларға» қорқыныш ұялатып, алшақтатуы мүмкін. 
Мендегі дамытушы ойындардың басты мақсаты ол әрине – баланы қоршаған ортасына 
қызығушылығын арттыру. Ойын барысында балалардың логикалық ойлау, көріп, естіп, 
танымдық қабылдауын, зейінін тұрақтандыруда көмектесетін, ойнай отыра, баланы жан-
жақты дамытатын білім білік дағдыларын қалыптастырудан незізгі қызметті атқарады.
Ең әуелі алғашқы деңгейде сенсорлық жүйе: есту, көру, зейінің тұрақтандыру, ұстап 
сезу, түсінігін қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын, пассивтті сөйлеу тілін жене оны 
активті сөйлеу тіліне жетелеу.
Өмірде барлық балаға қоршаған ортаны танып білуде ең керемет қару ол – көзімен 
көріп, қолымен ұстап көріп қабылдау.


43 
Сол себепті мен педагог-дефектолог маманы ретінде балаларға ойынды ұсынбас бұрын, 
ойынның бала назар аударатындай түстері ашық түске боялғанына және жасерекшелігіне сай 
жеңілден күрделіге бағытталатынына назар аударамын. Менің жұмыс тәжірибемдегі 
дамытушы ойындарымның қамтитын тақырыптары алуан түрлі. Ерекше балаларға білім 
беруде, дамытуда қолданатын басым көпшілік ойындарым – жабыстырмалы дамытушы 
ойындар.
Енді сол ойындарға ерекше тоқтала кетсем. Мәселен, кіші жастағы балалрға арналған «Не 
жейді?» жабыстармалы ойыны арқылы бала жануардың атын атай алмаса да, дыбысталуын 
мысалы мысыққа «мяу», итке «гаф-гаф» дей отырып, оларға сәйкес қоректі тауып қоя алады. 
Сондай-ақ аталған ойын бөлшектерін баланың ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында да 
пайдалануға болады. Түрлі-түсті күрішке боялған сенсорлы жәшік ішінде жасырлған ойын 
бөлшектерін саусақ ұштары арқылы тауып, сәкестендіруін сұраймыз. Әр ойынды педагог 
өзінің шеберлігіне қарай түрлендіріп қолдана алады. Бұл жабыстырмалы ойын түрін 
қыстырғыштармен де алмастыра аламыз.
Балаларды сөйлеуге ынталандыру мақсатында жасалған ең қызықты ойындарымның 
бірі - мульфильм желісі бойынша жасалынған ойын түрлері. Мульфильм желісі арқылы 
жасалған ойын түрлері арқылы баланың ойлауын, есте сақтауын, қиялын және дыбыс 
шақыруға зейінін дамытуға болады.
Мульфильм желісі арқылы жасалған «Бармақтар отбасы» ойыны – отбасы мүшесімен 
таныстыруда қолданса, «Бес қошақан», «Акуленок тур туру ру ру» және кеңінен таралған 
«Синий трактор» ойындарын QR код сканер арқылы ұялы телефонмен көрсете отырып, 
баланың есте сақтау қабілетін тексеруге және шапшаңдығын арттыру үшін ойнатуымызға 
болады. Яғни біз гаджеттерді тиімді жағынан осылайша қолдана аламыз.
Синий трактор
Акуленок тур туру ру Жарқыпен ойын 
«Не жасырылған?» – бетінде шөтің суреті, артында жануар суреті жасырылған 
жарықпен ойыналатын ойын түрі (фонарикпен). Бұл ойынды жарықтың көмегімен 
жасырылған жануарды атай отырып, сипаттап беруін сұрауға және сәйкестендіруге болады. 
Бұл ойын арқылы баланың байқағыштығы, логикалық ойлауы, заттарды тану мен қатар 
ажырата алу деңгейін көре аламыз және дамытамыз. 
Қазіргі таңда бала тілінің тежелуі, «Ерекше балаларды әлеуметтендіру», «Ерекше 
балаларға инклюзивті білім беру» жан-жақты қарастырылып, 
логопед-дефектолог мамандары кең сұранысқа ие. Ерекше балалар 
әр 
нәрсеге сезімтал келеді. Кез келген жағдайды қабылдау оларға 
қиындық туғызады, тез тіл табыса алуы ұзақ уақытты керек етеді. 
Ал, 
дамытушы ойын арқылы біз баланы өзін еркін ұстауына мүмкіндік 
бере 
аламыз. 
Ермексазбен ойнау барлық баланы қызықтырары анық. 
Қолмен ұстау арқылы белгілі бір формаға келтіру, суреттерге сай 


44 
ермексазды жабыстырып шығуы ұсақ қол мотрикасын дамытумен қатар, бір орнында ұзақ 
уақыт отыру, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Өз іс тәжірибемде мен де бірнеше түрін 
балалармен қолданып жүрмін.
Суретте байқасаныздар, ермексазды түрлі түсті қақпақтармен алмастыра аламыз. 
Негізінде, барлық балалар сияқты ерекше балалардың да ойын ойнағысы келеді, бірақ 
оларға тіпті күнделікті өмірдегі жағдайлар да қиындық тудырады. Себебі, жай балаларға 
қарағанда олардың тәжірибесі аз. Сол себепті, арнайы білімді, біліктілікті, шеберлікті талап 
ететін, белгілі бір деңгейлерден өтуімен қатар, белгілі бір заңдылықпен балалармен жүйелі 
жұмыс жасап, дамытуымыз керек. 
Қазіргі таңда белгілі бір мақсатқа бағытталған, үй жағдайында да қолдануға болатын 
қол жетімді ойындар жасалуда. Мәселен, «Көңілді паровозик», «Түрлі түсті пингвин», 
«Жартысын тап?», «Кубикпен ойлан тап», «Сыңарын тап», «Екі қолмен көрсет», 
«Көлеңкесінен таны», «Көлігін тап?», «Төлін тап?», «Түстерді топтастыр», «Пішіндерді 
сәйкестендір» сияқты ойын түрлері соған дәлел.
Аталған ойындарды дұрыс таңдауда және ойынға қажетті материалды қолдан дайындау 
ол әрине педагогтардың шеберлігімен қоса біліміне, іскерлігіне қарай жасалынады.
Бала дамуын жан-жақты ескере отыра, мен бүгінде жабыстырмалы ойындарды 
Photoshop (фотошоп) және PowerPoint (перезентация) компьютерлік бағдарлама арқылы 
құрастырып, тиімді қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді қолданып жүрмін.
 
Әр салаға, мақсатқа бағытталған авторлық ойындарымның толық түрлерімен танысып 
көру үшін, инстаграм парақшамның сілтемесін және QR-кодты әріптестерге ұсынуды жөн 
санадық. 
https://www.instagram.com/p/CXYR1uTgJLv/?utm_source=ig_web_copy_link
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет