А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Пайдаланылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет27/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   220
 
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
1.
Moнтессoри балабақшасы Ю.И. Фаусек. Издательский дом «Карапуз» - Мәскеу 2007 
ж 
2.
Монтессори әдісі бойынша 3-6 топтарына оқу бағдарламасы . Борисова О.Ф , 
Пермякова Л.В, Смирнова Н.Н – Снежинск 2002ж. 
3.
«Менің әдіс-тәсілдерім 3 жаспен 7 лет» Янцева Л. И. –2020ж. 
 
Избанова Г.Н. 
Теміртау қаласы, «Ақбота» КМҚК бөбекжайы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДА ЖАҢАШЫЛ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ 
 
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын педагогикалық 
технологиялардың бірі жаңа әдіс-тәсілдері - инновациялық білім беру шығармашылық 
жұмысымыздың арқауы болып отыр. Сондықтан да оқыту үрдісінде қойылатын қазіргі 
талаптар үлкен ізденіс пен шеберлікті қажет етеді. Бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем.
Инновациялық білім беру құралдарына ІТ видео құралдары, компьютер, интерактивті 
тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар жатады. Мектепке дейінгі 
ұйымда баланың негізгі іс-әрекеті ойын болса, осы кезеңде бала белгілі бір әлеуметтік рөлді 
қабылдайды. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде күштеусіз бедел мен ықтиярсыз ойын түрлерін 
жүргізу арқылы балаға таным қалыптастыра аламыз.
«Инновация» ұғымы-жаңару, өзгерту, жаңашылдық дегенді білдіреді. Балабақшада 
ақпараттық технологияны пайдалану - бала танымын жан-жақты дамытудың шешуші құралы 
болып табылады. 
Ақпараттық 

технологияларды 
пайдалану 
тәрбиеленушілердің танымдық 
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, 
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.


49 
Сондықтан да ұйымдастырылған іс - әрекетімізде жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын 
дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. 
Зерттеуші ғалым Ф. Янушкевич «Жаңа технологиялық оқу қызмет педагогтың өз тәжірибесін 
жаңғыртуға емес, баланың пайдасына, қажеттілігіне арналуы қажет, сонда ғана сапалы 
нәтиже болады» деген. Мен де сіздерге өзімнің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ойын 
түрлерін ІТ технологиясын қолдану арқылы жүргізген тәжірибеммен бөліспекшімін. Менің 
де тәрбиеші ретінде алға қойған мақсатым – балаларға ойын арқылы тәрбие мен білім 
берудің жаңашыл тәсілдерін яғни инновациялық технологияларды пайдалану және заман 
талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеу болып табылады. Мен өзімнің барлық 
ұйымдастырылған іс – әрекетімді ойын түрінде жоспарладым.
Ойын баланың қызығушылығын арттырып қоймай, олардың өзара қарым-қатынас 
жасауына көп ықпал етті. Сондықтан үйренгенімді жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған іс - 
әрекетімді көбіне ойын түрінде өткіздім. Жалпы оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдістер мен 
тәсілдерді тиімді қолдану тәрбиешінің міндеті. Ұйымдастырылған іс – әрекетімді бастамас 
бұрын топта татулық орнату үшін мен балалармен бірлесе бір–бірімізге жақсы көңіл күй, 
сәттілік тілеуді үйретемін.
Ұйымдастырылған іс – әрекетімде қолданылған ойын түрлері: Тәрбиешінің 
жетекшілігімен жүргізілетін ойын, құрылымдалған ойын, еркін ойын. Оқу қызметінде жаңа 
бағдарлама бойынша 4К, бала үні, бақылау, саралау әдістерін қолдандым. Ұйымдастырылған 
іс – әрекетімде көбінесе компьютер, интерактивті тақта, интернет қолдану үшін көбінесе мен 
тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойынды қолдандым. Еркін ойынды көбіне таңғы 
қабылдау кезінде ойнатуға тырыстым,өйткені таңертеңгілік бала қабылдап жатқан кезде 
балалар өздерінің күнделікті ойнап жүрген ойындарын өз еріктерімен ойнағаны дұрыс деп 
шештім және оларға кеңістік орта дайындап отырдым. Ал, құрылымдалған ойын мен еркін 
ойынды серуен кезінде ойнатқан себебім балалардың осы уақытта мүмкіншіліктері бар.
Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойынды ұйымдастырылған іс – әрекетіме ІТ 
арқылы қолдандым өйткені тәрбиешінің қатысуымен ойналатын ойын болғандықтан
ұйымдастырылған іс – әрекетіме тиімді деп есептедім. Таңертеңгі қабылдау кезінде көбіне 
құрылымдалған ойын мен еркін ойынды қолдандым. Мысалы: «Қай пішінге ұқсайды?», 
«Пазлдар құрастыр». Себебі бұл уақытта ата - аналардың сұрақ тапсырмаларына да көңіл 
бөлу керек. Сондықтан еркін ойын мен құрылымдалған ойынды пайдаландым.
Көркем әдебиет ұйымдастырылған іс – әрекетімде «Емхана» ойынын қолдандым. 
Мақсаты: Емделушілерге әдепті сөздерді айтты, сонымен бірге балалардың бір-біріне қарым-
қатынасы дағдылана бастады. «Қай пішінге ұқсайды?» ойынында балаларға суретті 
карточкалар беріледі, балалар суретке ұқсас пішінді тауып алады. Мысалы сандық – 
тіктөртбұрышқа, сәбіз – үшбұрышқа, доп - дөңгелекке ұқсайды. Ойынның тиімді жағы 
балалар барлық пішіндерді біледі, қызықты болды. 
Сауат ашу негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетімде «Кім зерек?» атты тәрбиешінің 
жетекшілігімен жүргізілетін ойынды қолдандым. Бұл ойынның мақсаты: шапшаңдық 
танытады. Суреттер бойынша әңгімелеуде жуан жіңішке сұрақтарға жауап алдым.
Математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетімде «Сиқырлы мозаика» ойынын 
ойнаттым. Бұл ойынның шарты бойынша балалар әр түрлі пішіндерден дөңгелек, шаршы, 
ұшбұрыш тіктөртбұрыштан өз ойларынша бір заттың немесе жануардың бейнесін ойлап, 
құрастыра білулері керек.
Сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған іс-әрекетімде «Жоқ ойыншықты іздеп тап» 
тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойынды қолдандым. Мақсаты: Жоқ ойыншықты 
табу. Бұл ойынды қызығушылықпен ойнады. Бұл ойынның тиімді жақтары балалар өздерінің 
қызыққан ойыншықтарын алып әңгімеледі. Жоқ ойыншықты бірден тауып отырды. 
Ұйымдастырылған іс – әрекетімде құрылымдалған ойын: «Артығын тап» тәрбиешінің 
жетекшілігімен жүргізілген ойын: «Қай жыл мезгілі?», «Үй жануарларын ата» ойындарын 
қолдандым. Ойынды ойнатқанда «Бала үні» ескерілді, бағдарламаның түйінді идеялары, 4К 
моделі, саралау, бақылау түрлерін қолдандым. 


50 
Бұл 
ойындарды көбінесе өзімнің ұйымдастырылған іс-әрекеттерімде ІТ 
технологиясын қолдану арқылы пайдаланамын. Ойын балаларға ұнады және іс – әрекетіме 
сай келді десем болады. Еш кедергісіз артық затты тауып, жыл мезгілдерін ажыратты, үй 
жануарларын атап берді. Көбінесе мен ұйымдастырылған іс- әрекеттерімде 4К, бала үні, 
ойын, бақылау, саралау түрлерін қолданып та отырамын.
1. Сыни ойлау 
2. Коммуникативтік дағдыны дамыту 
3. Креативтілік 
4. Командалық жұмыс. 
Қоршаған орта ұйымдастырылған іс – әрекетімде «Құстар» тақырыбында мен «Бала 
үні» ойынын қолдандым. Балаларға сұрақ қойдым. Неліктен үй құстары деп аталады? Сыни 
ойлайды. Құстар туралы тақпақ айтамыз.Тақпақ айту арқылы коммуникативтік дағдыларын 
дамытамын, үй құстарын ажырат тапсырмасы арқылы командалық жұмыс орындалады. Үй 
құстарының пайдасы неде? Балалар толық жауап береді немесе суретін салып әңгімелеп 
береді. Серуен кезінде көбіне еркін ойынды қолдандым. Мысалы: «Ақ серек - көк серек», 
«Ұшады, секіреді, жүреді» «Бір, екі, үш» Бұл ойындардың тиімді жақтары қызықты 
ойнады, ал тиімсіз жағы оларды ойыннан кейін жинап алу қиындық туғызды. Алдағы 
ұйымдастырылған іс-әрекетімде серуен кезінде тәрбиешінің жетекшілігімен жоспарланған 
ойынды пайдаланамын. Әрбір ұйымдастырылған іс-әрекетімде жаңа бағдарламаны 
сонымен қатар инновациялық технологияны қолдандым.
Ұйымдастырылған іс-әрекетімде ойындарды енгізу және пайдалану өз тиімділігін 
көрсетті. Келешекте кейбір ойын түрлерін ІТ технологиясы арқылы бұданда ыңғайлы етіп 
қолданатын боламын. Ал таңертеңгілік қабылдау кезіндегі құрылымдалған ойын мен еркін 
ойынды ойнатқандағы тиімді жақтары өздері қызығып, күнделікті ойнағандықтан ойынға 
тез кірісіп кетеді. Қай ойынды алсақта өзіндік тиімді жақтары болды мысалы: 
құрылымдалған ойынды ойнатқандағы тиімді жақтары балалар бір-бірімен тіл табысып, 
ойынды күнделікті ойнап жүргендіктен, шартын тез түсініп, ойынға тез кірісіп кетіп 
отырды. Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойынның тиімді тұстары іс-әрекетімде 
тиімді болды. Себебі мақсатты болды әрі тақырыпқа сай болып, ойын тақырыпты ашып 
отырды. Осы ойынды ұйымдастырылған іс-әрекетімде қолдану маған тиімді. Ал, еркін 
ойында балалар бір-бірімен тез тіл табысып, ойынды еркін ойнады. 
Сөзімді қорытындылай келе, бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман 
талабына сай, мағыналы білім мен тәрбие берсек қана біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы 
жарқын болмақ. Мен өзімнің ұйымдастырылған іс-әрекеттерімде көбінесе тәрбиешінің 
жетекшілігімен жүргізілетін ойынды ІТ технологиясын қолдану арқылы пайдаланып 
отырамын деп қорыттым. Тәрбиеші ретінде бұл талапқа сай болу үшін ізденіп, 
шығармашылықпен жұмыс жасап, өмірдегі болып жатқан өзгерістерді тез ұғынып, оны 
қабылдап осы заман талабынан қалыс қалмай тынбай еңбектену және жан – жақты дамыған 
жаңашыл тұлға тәрбиелеу керек деген ойды түйіндедім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет