55
табылады. Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуде STEAM технологиясының
бір мысалы ретінде ертегілерді пайдалана отырып, тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру
бойынша балалармен жұмыс жасауға болады.
Ойын түрінде балалар санауды, өлшеуді, салыстыруды үйренеді, коммуникативті
дағдыларды меңгереді. Таныс объектілердегі балалар өздері үшін жаңа және белгісіз
қасиеттерді анықтайды. Қызықты ойын түріндегі кездейсоқ әрекеттер қиял мен
шығармашылықты дамытады. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
қолданыстағы сандық білім беру ресурстары (СБР) бар. Олар балалардың жас
айырмашылықтары (3, 4, 5, 6 жасқа арналаған (СБР), пәндік бағыты бойынша (есте сақтау,
зейін, қиял, ойлау, т.б. дамытуға бағытталған ойындар, ART studio, қарапайым графикалық
редактор және сурет кітапханасы) байланысты классификациялары мен түрлері өте көп.
Және мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелеріне тек Қазақстан Республикасы Білім
Министрлігі ұсынылған сандық білім беру ресурстарын қолдану қажеттігін айта кеткен жөн
[4, б.102]. Бөбекжайымыздың «Daryn Online», Академия STEM, әр түрлі онлайн білім беру
ресурстарын қолданамыз..
Қорыта келгенде, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі АКТ мүмкіндіктері
келесідей:
•
АКТ баланың танымдық қызығушылығын дамыту құралы, оның дарындылығын
дамытудың маңызды шарты және тірегі;
•
АКТ мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы интеллектуалдық дамуының жоғары
деңгейіне жетуін қамтамасыз етеді, бұл мектептегі табысты оқу іс-әрекеті үшін ғана емес,
сонымен бірге олардың өмірінің соңына дейін қажет;
•
АКТ дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, сондай-ақ ақыл-ойы мен
физикалық кемістігі бар балалар мен мүгедектердің дамуын диагностикалау мен түзетудің
кең ауқымын жасауға мүмкіндік береді;
•
АКТ қазіргі жағдайда баланы тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін үздіксіз
жетілдірудің педагогикалық құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: