99
ойнап, қызығушылық таныта білді. Мысалы, сіз берілген балықты қуып көруді шешсеңіз, ол
белгілі траектория бойынша сізден жүзіп кетеді, яғни сіздің әрекетіңізге қарай өзгеріп
отырады.
Интерактивті тақта мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға, жаңа білім алуға деген
құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді
және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану
арқылы (түс, графика, дыбыс, заманауи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен
ортаны моделдеуге болады.
Білім беру процесінде интерактивті тақтаны дәстүрлі әдістермен бірге қолдану мектеп
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің тиімділігін арттырады. Бұл жағдайда бағдарламалық
материалды сапалы игеру, сенсорлық, танымдық, сөйлеуді дамыту, әлеуметтік-
коммуникативті даму, графикалық моториканы, ұсақ моториканы және кеңістіктегі
бағдарлауды дамытады.
Интерактивті тақтаның арқасында балаларға ақпарат беру жылдамдығы артады,
балалардың оны түсіну деңгейі жақсарады, бұл ойлаудың барлық түрлерінің дамуына ықпал
етеді. Балалардың интерактивті тақтаға алғашқы реакциясы қызығушылық тудырды. Қол
тигізген кезде экран элементтерінің өзгеруі өте әсерлі көрінеді. Балаларға саусақпен
заттарды "жылжыту", геометриялық пішіндер жиынтығынан ойындарға түрлі заттар мен
схемалар салу, маркерлермен жазу, сызу, сурет салу ұнайды. Балабақшадағы әр түрлі іс-
шаралар үшін сыртқы әлеммен, математикамен, сөйлеуді дамытумен, сауаттылыққа
дайындықпен танысуға мүмкіндік береді[4, 5б.].
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау кезінде балалардың шаршауы азаяды, өйткені
балаларға ұсынылатын танымдық материал көрінгенімен, кескіндердің жарықтығымен
ерекшеленеді.
Балалардың
назары
шоғырлануда.Интерактивті
тақта
көптеген
демонстрациялық материалдарды біріктіреді, қағаз көрнекі құралдарының, кестелердің,
аудио және видео жабдықтардың үлкен көлемінен босатады, ұсынылған танымдық
материалдың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді,баланың жаңа білімді игеруге деген ынтасын
арттыруға мүмкіндік береді, материалды игерудің тиімділігін арттырады, балалардың жақсы
есте сақтауы үшін ақпаратты қабылдау және өңдеу жылдамдығын арттырады.
Интерактивті ойындар тек компьютерлік қана емес, сонымен қатар дидактикалық
болып табылады, оны орындау кезінде қарапайым иллюстрацияны да қолдануға болады,
өйткені интерактивті ойын тек балалардың бір-бірімен және педагогпен өзара әрекеттесуі
ғана емес, сонымен бірге ақпарат алу, қоршаған ортаны білудегі қажеттілігіне бағытталған
бірлескен ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Интерактивті ойындар: оқыту ойындары,
бақылау, жалпылау. Мысалы, атап кетсем «Сыңарын тап», «Ненің төлі?», «Ойлан, тап», «Қай
ертегі кейіпкері?» және т.б. интерактивті ойын түрлерін кеңінен қолдануға болады.
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі білім беруде цифрлық технологияларды қолдану
педагогтің шығармашылық қабілеттерін кеңейтуге мүмкіндік береді және мектеп жасына
дейінгі балалардағы білім беру процесінің тиімділігін арттыруға оң әсер етеді деп
сенімменайта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: