А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет51/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   220
Использованная литература: 
1.
БелошистаяА.В.Развитие логического мышления у дошкольников: учебное 
пособие / А.В.Белошистая. –М.:Инфра-М,2019.–300 c. 
2.
Теория и методика воспитания и обучения детей раннего и дошкольного возраста: 
учебник / С.А. Козлова, A.Ш. Шахманова, Е.О. Полосухина [и др.]. –М.:Инфра-М,2019.– 
237с. 
 
Бопишева Ж.К 
Қарағанды қаласы, «Бәйтерек» КМҚК бөбекжайы
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ЕДЕН – 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ 
 
Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі цифрлық технологиялар коммуникативтік 
қабілеттерін дамытуға ықпал ететін, өзара әрекеттесу дағдыларын дамытатын, шешім 
қабылдаудағы дербестікке ие болатын, балалардың шығармашылық әлеуетін ашатын ХХІ 
ғасыр технологиясын ұсынады. 


98 
Қазіргі таңда сапалы білімді меңгерту үшін балалардың қызығушылығы 
меншығармашылық белсенділігін арттыру қажет. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын енгізу және сол арқылы сапалы білім беру балабақшаның басты міндеті 
болып табылады. 
Цифрлық білім беру идеясын әлемдік тренд деуге болады. Цифрлық технологиялар көптеген 
елдердің білім беру сапасын дамытуда маңызды рөлге ие. ХХІ ғасыр – ақпараттандыру 
ғасыры екені белгілі. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің 
болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жан-жақты дамуына, шығармашылық ізденісіне 
үлкен сұранысты талап етеді. 
Бүгінде технология дамыған заманда білім саласына өзгерістер енгізу қажеттігі 
туындап отыр. Оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңартып қана қоймай, білімге деген 
қолжетімділікті арттыру қажет. Ол үшін үздік педагогтердің бейнесабақтарын ғаламтор 
желісі арқылы баршаға қолжетімді етсе, білім алушы да, жас маман да өзіне қажеттісін алуға 
мүмкіндік алады. 
Ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі мектеп жасына дейінгі балаларды 
оқыту, тәрбиелеу сапасын арттырудағы әлеуметтік қажеттілікке, мектепке дейінгі білім беру 
мекемелерінде заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолданудың парктикалық 
қажеттілігіне байланысты. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне компьютерді 
қолданудың отандық және шетелдік зерттеулерге сүйенсек бұл технологиялардың мүмкіндігі 
мен орындылығы ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл-ой мен жалпы тұлғасын 
дамытудағы ақпараттық технологияның ерекше рөлін дәлелдейді[1, 2 б.].
«Бәйтерек» бөбекжайында цифрлық технологияларды қолдану да бірқатар мүмкіндіктерді 
береді: 
- көрнекі, иллюстрауиялық материалдарды дайындауда; 
- оқу қызметініне қасымша материалдарды таңдауда; 
- Power Point бағдарламасында презентациялар жасауға (педагогтар құзыреттілігін 
арттыруда); 
- Movavi Video Editor бағдарламаларын қолдана отырып, әртүрлі бейнелер жасау үшін; 
- Google Drive интернет сервисінде педаготер әзірлеген ҰОҚ-ін сақтауға, сондай-ақ 
бөбекжайдың интернет сайттарының ақпарат бөлімінде жариялауға; 
- оқу-тәрбие процесін жетелдету және жеңілдетуге мүмкіндік береді. 
Интерактивті еден– компьютерленген білім беру ойын жүйесі адам қолмен жанасқан 
немесе еденнің бетіне келген жағдайда белсендіріледі немесе жанданады. Балаларға еденге 
арналған ойын тапсырмасы ұсынылады.Интерактивті еден – кез-келген сыртқы қозғалысқа 
жауап береді (аяқтың, қолдың қозғалысына қарай), яғни «ойнай алады». «Ақылды еден» әр 
қозғалысқа жауап бере алады[2, 12б.].
Интерактивті еденмен қалай жұмыс жасауға болады? Ия, ия сіз естідіңіз – интерактивті 
проекциясы бар еденнің көмегімен сіз балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, балалармен 
қызықты тапсырмалар орындап, ойындар ойнай аласыздар. Сонымен қатар, топтық, жеке 
жұмыстарда ұйымдастырып бүкіл ұжым арасында жарыстар, байқаулар ұйымдастыра 
аласыздар. «Ақылды еден» теледидардан, компьютерден және басқа да техникалардан 
айырмашылығы – балалардың сезімтал көздеріне теріс әсер етпейтінін атап кетуге болады. 
Интерактивті еден – бұл алдыңғы қатарлы сандық және проекциялық технологияларға 
негізделген заманауи технология. Барлық жабдықтары жоғары сапалы және қауіпсіздік 
талаптарына сәйкес келеді. Қызықты ерекше балаларға арналғанинтерактивті ойындар 
болған кезде оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Интерактивті еден балаларға 
еркін сезінуге, бұлшықеттерін жеңілдетуге және эмоционалды көңіл-күйлеріне білдіруге 
мүмкіндік береді [3, 23б.]. Әр бала интерактивті ойындармен ойнағанды ұнатады. Мозаика, 
пазл, тетрис, дойбы немесе шахмат ойындары болсын – балалар әрқашан жеңіске жетуге 
қызығушылық танытады, өйткені бәрі қолдың немесе аяқтың қозғалысына байланысты 
болады. Интерактивті еденмен бөбекжай бүлдіршіндері «Машина», «Балықтарды қуып жет», 
«Шарларды шарып көр», «Түрлі-түсті бояулармен бояп көр» және т.б. ойын түрлерімен 


99 
ойнап, қызығушылық таныта білді. Мысалы, сіз берілген балықты қуып көруді шешсеңіз, ол 
белгілі траектория бойынша сізден жүзіп кетеді, яғни сіздің әрекетіңізге қарай өзгеріп 
отырады.
Интерактивті тақта мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға, жаңа білім алуға деген 
құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді 
және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану 
арқылы (түс, графика, дыбыс, заманауи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен 
ортаны моделдеуге болады.
Білім беру процесінде интерактивті тақтаны дәстүрлі әдістермен бірге қолдану мектеп 
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің тиімділігін арттырады. Бұл жағдайда бағдарламалық 
материалды сапалы игеру, сенсорлық, танымдық, сөйлеуді дамыту, әлеуметтік-
коммуникативті даму, графикалық моториканы, ұсақ моториканы және кеңістіктегі 
бағдарлауды дамытады.
Интерактивті тақтаның арқасында балаларға ақпарат беру жылдамдығы артады, 
балалардың оны түсіну деңгейі жақсарады, бұл ойлаудың барлық түрлерінің дамуына ықпал 
етеді. Балалардың интерактивті тақтаға алғашқы реакциясы қызығушылық тудырды. Қол 
тигізген кезде экран элементтерінің өзгеруі өте әсерлі көрінеді. Балаларға саусақпен 
заттарды "жылжыту", геометриялық пішіндер жиынтығынан ойындарға түрлі заттар мен 
схемалар салу, маркерлермен жазу, сызу, сурет салу ұнайды. Балабақшадағы әр түрлі іс-
шаралар үшін сыртқы әлеммен, математикамен, сөйлеуді дамытумен, сауаттылыққа 
дайындықпен танысуға мүмкіндік береді[4, 5б.].
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау кезінде балалардың шаршауы азаяды, өйткені 
балаларға ұсынылатын танымдық материал көрінгенімен, кескіндердің жарықтығымен 
ерекшеленеді. 
Балалардың 
назары 
шоғырлануда.Интерактивті 
тақта 
көптеген 
демонстрациялық материалдарды біріктіреді, қағаз көрнекі құралдарының, кестелердің, 
аудио және видео жабдықтардың үлкен көлемінен босатады, ұсынылған танымдық 
материалдың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді,баланың жаңа білімді игеруге деген ынтасын 
арттыруға мүмкіндік береді, материалды игерудің тиімділігін арттырады, балалардың жақсы 
есте сақтауы үшін ақпаратты қабылдау және өңдеу жылдамдығын арттырады. 
Интерактивті ойындар тек компьютерлік қана емес, сонымен қатар дидактикалық 
болып табылады, оны орындау кезінде қарапайым иллюстрацияны да қолдануға болады, 
өйткені интерактивті ойын тек балалардың бір-бірімен және педагогпен өзара әрекеттесуі 
ғана емес, сонымен бірге ақпарат алу, қоршаған ортаны білудегі қажеттілігіне бағытталған 
бірлескен ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Интерактивті ойындар: оқыту ойындары, 
бақылау, жалпылау. Мысалы, атап кетсем «Сыңарын тап», «Ненің төлі?», «Ойлан, тап», «Қай 
ертегі кейіпкері?» және т.б. интерактивті ойын түрлерін кеңінен қолдануға болады. 
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі білім беруде цифрлық технологияларды қолдану 
педагогтің шығармашылық қабілеттерін кеңейтуге мүмкіндік береді және мектеп жасына 
дейінгі балалардағы білім беру процесінің тиімділігін арттыруға оң әсер етеді деп 
сенімменайта аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет