А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет82/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   220
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Веракса Н. Е. «Балабақшада жобалық қызметті ұйымдастыру // Қазіргі мектепке дейінгі 
білім беру : теория және практика». – 2008 № 2. 16-20 бет. 
2. Гладкова Ю. А. «Жоба әдісі және мектеп жасына дейінгі баланың танымдық 
дамуы»//«Балабақша мен бала».-2008.№1,2-4 бет. 
3. Н.Королёва, С.Петрова «Балабақшаның білім беру процесінде жаңа ақпараттық 
технологияларды қолдану». «Мектепке дейінгі тәрбие». 2010,№ 6, № 12. 
4. В.С.Близнецова «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының жобалық 
қызметін басқару» журналы «Аға тәрбиешінің анықтамалығы» №9 2009 ж. 
5. Л.Л. Тимофеева Балабақшадағы жоба әдісі. Өз қолыңызбен мультфильм «Санкт-
Петербург: Детство-Пресс, 2011 ж. 
6. Т.В.Хабарова «Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық технологиялар» Санкт-
Петербург: Детство-Пресс, 2011 ж. 
Ибраева К. М. 
Қарағанды қаласы, «Алтын сақа» КМҚК балабақшасы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Заманауи қоғамды жаһандандырудың басым бағыттарының бірі білім беру 
жүйесін ақпараттандыру және балабақшадан бастап үйретуде білім беру үдерісінің барлық 
деңгейлерінде заманауи технологияларды қолдануды болжайды.Мектепке дейінгі білім беру 
сапасына қол жеткізудің басты стратегиясы жаңа әдістер мен жаңашыл технологияларды 
қолдану, баланың жеке басының қалыптасуы мен даму деңгейін анықтайтын және 
болжайтын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңғырту болып табылады.Осыған 
байланысты, қазіргі заманғы педагогтардың жаңашыл технологияларды білуі заман талабы. 
«Жаңа жолдармен жүретін педагогты таңдау қажет. Оның әрбір сөзі мен іс-
әректінде ұмтылмайтын жаңалықтын ізі бар. Бұның ерекшелігі жаңа ой шақырады», -деген 
Л.В.Высотский. 
Қазіргі заман балалары ертеңгі еліміздің болашағы. Яғни, білім беру жүйесінде 
инновациялық технологияны қолдану келешек ұрпақтын еркін дамуы менжан-жақты білім 
алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып 
табылады. 
Технологиялар – тәрбиелеу мен оқытуға қойылған мақсаттарға жетуге 
бағытталған заманауи әдістер мен ұтымды тәсілдердің, тәрбиелеу мен оқытудың дәстүрлі 
емес әдістерінің , жаңа оқыту құралдарының жүйесі. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар, инновациялық білім 
беру құралдары жеткілікті және оларды қолдана отырып жақсы жетістіктерге жетуге болады 

Инновациялық білім беру құралдарына: интерактивті тақта, аудио, видео 
құралдары, интернет, мультимедиялық құралдар, электрондық оқулықтар, инновациялық 
сайт, анимация элементтері бар видео және фото материалдар , тағы басқалары жатады. 
Инновациялық құралдарды пайдаланғанда балалардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығы 
артады және педагог уақытты тиімді, ұтымды пайдаланады. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда келесі технологияларды қолдануға болады:

Ойын технологиялары;

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялары;

«Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» ТТШТ технологиясы;

М.Монтессори технологиясы;


151 

Сын тұрғысынан оқыту технологиясы; 

Модульдік оқыту технологиясы; 

Мәселелік оқыту технологиясы; 

Ш.А. Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы; 

Танымдық – жобалық іс-әрекетінің технологиясы

Заманауи денсаулық сақтау технологиялары. 

Бұл технологияларды қолдану өте тиімді болмақ.Ойын технологиясының мақсаты: 
дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсатқа жету және баланың бойындағы 
білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түседі. Ойын – балалар үшін 
оқу да, еңбек.Заманауи ойын технологиялары күрделі ойлау тапсырмаларын шешуді 
болжайды. «Сөйлейтін әліппе», «Электронды конструктор», «Сөйлейтін қалам» 
дамытушы ойындары балаға ойнап қана қоймай, 
арнайы кітаптарды дербесзерттеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық – коммуникативті технологиялар 
(АКТ) жаңа білім беру тәсілдерін анықтайды. Қоғамның 
заманауи талаптарына сәйкес АКТ- ны 
қолдану білім беру қызметінің сапасын арттырады, мектепке 
дейінгі білім беру мазмұнын толықтырып, кеңейтеді. 
Мультимедиялық оқулықтар балабақша балаларына 
арналған таптырмас құрал болып келеді.Себебі, балалардың зейіні әртүрлі түстерге, 
ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Балалардың оқу іс-әрекетіне 
қызығушылығын арттырады, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге 
мүмкіндік алады. 
Мультимедия – білім беру саласындағы слайд, видео және аудио үлгідегі 
мәліметтерді баланың оңай қабылдап, жадында сақтауына жағдай жасайтын құрал болып 
табылады. 
«Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» ТТШТ технологиясын қолдану арқылы 
балаларды тапқырлыққа, ізденушілікке, шығармашылық қиялын, тілін дамытуға және өз-
өзіне сенімділікті арттыруға ынталандырады.
Балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы 
қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу шығармашылық ойлауға 
итермелейді.
Қазақ тілі оқу іс-әрекетінде текшедегі әріптерден сөз құрастырады, 
байланыстырып сөйлем құрайды.
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясына: қозғалмалы және спорт 
ойындары, динамикалық үзілістер, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, 
саусақ, көз гимнастикалары, дем алу гимнастикасы, анимациялық сергіту жаттығулары, 
ортопедиялық гимнастика,фонетикалық ритмика және тағы басқалары жатады. Қазақ тілі 
оқу іс-әрекетінде балалар заманауи технологиялары арқылы анимациялық сергіту 
жаттығуларын жасайды.
Барлық инновациялық технологиялар мен құралдарды қолданғанда балабақшада 
балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай 
пайдалануға болады. 
Осылайша, жаңа технологияларды қолданудың , қазіргі замандағы балалардың 
білім деңгейінің, шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын арттыруда тиімді әсер 
ететіні туралы айтуға болады. Осындай жаңа технологияларды балаларға қазақ тілін 
үйретуде кеңінен қолданып отырамын. 
Болашақ ұрпақтың жаңа технологияларды қолданудың негізінде шығармашыл 
жеке тұлға ретінде қалыптасуы, жан-жақты білім алу үшін жағдайлар жасау – әрбір 
педагогтың міндеті деп білемін 


152 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет