136
- орнында тұрып резинка арқылы секіру, мосттан екі
аяғымен итерілу;
- «Фосбери -флоп» тәсілі бойынша екпін алудың 3,5,7
қадамдарында планкадан секіру.
Осы жаттығуларды сан мәрте қайталаған соң ғана
планкадан секіруге кӛшуге және 50
см-ден кем емес паралон
жастыққа түсуге болады. «Фосбери -флоп» тәсілімен орнынан
екі аяғымен итеріле биіктікке секіруді орындау кезінде, иекті
кеудеге
мықтап тіреп, басты қозғалыс жаққа бұру керек.
Жауырынмен құлағаннан кейін артқа домалау арқылы қозғалыс
аяқталады.
5-міндет.
«Фосбери -флоп» тәсілі бойынша биіктікке
секіру техникасын толық үйрету және оны жетілдіру.
Оқытудың бұл деңгейінде жеке ерекшеліктерді, сонымен
қатар оқушылардың функционалдық
және қозғалыстық
мүмкіндіктері анықталады. Сол мақсатта келесі жаттығулар
қолданылады:
- қысқа және толық екпін алуда секірудің жеке фазаларын
орындауға акцент қойып планка арқылы секіру;
-техника мен қорытындыны бағалай отырып, толық планка
арқылы секіру;
- ең максимал биіктікте гимнастикалық мост арқылы
планкадан секіру;
- негізгі қозғалатын әрекеттің
қозғалу ырғағын және
құрылымын сәйкестендіретін имитациялық жаттығуларды
орындау;
- максималды қорытынды үшін жеке екпін алып секіру.
Секіру техниккасын жетілдіру кезінде ақырындап планканы
кӛтеру, екпін алу жылдамдығын кӛбейту және екпін алудың
соңғы
қадамдарының
ырғағтық-темптік
құрылымының
тиімділігін кӛтеру қажет. Бұл этапта толық секіруді
орындаудағы жеке элементтер
техникасына назар аудару
әдістерін қолданған тиімді. Жетілдіру кезінде үйретіліп отырған
секіру құрылымына ұқсас имитациялық жаттығуларды жиі
қолдану керек.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У