Әдеби KZ — Сөйле, Қаптағай батыр, — деді Қарақожадан жасы сәл кіші, Найманның ақ
иығы Қаптағайға сөз беріп, Арғын би.
— Мен сөзімді мына Қарақожа батыр тоқтаған жерден бастайын, — деді
Қаптағай батыр Қобыландыға бір қарап қойып. — Керейді жеңген Шыңғыс, әбден
тояттанып алған соң, бар әскерін бізге жапты емес пе? Ежелден дініміз де бір,
тіліміз де бір, қатар көшіп жүрген Керейді енді бізге айдап салды. Найман оңай
көнді ме? әттең одақтас Хорезм-шах Мұхамед, Жажират тайпасының ханы Жамуха
шешеннің опасыздығының салдарынан Даян хан бастаған Найман жеңілді.
Ханның өзі қан майданда қаза тапты. Бірақ Найман бұдан кейін де мойын
ұсынбаған.
Даян
ханның
баласын
атақты
Құшлық
батыр
Шың-
ғысханға қарсы жиырма жыл алысты. Шыңғысханның әйгілі баһадурлары Жебе-
ноян мен Құбылайдың бізге істемегені бар ма? Тек көршілес қарлұқтардың
әлсіздігінен ғана олардың бізге қуаты жетті. Шыңғыс нояндары Найманның бас
көтерер бір адамын қалдырмай қырды. Ұлын құл етті, әйелін күң етті. Бірақ
бостандықты көксеген Найман қандай ауыртпалық болса да жеңгізбеді, тасқын
суда сең үстінде қалған адамдай қайтадан қарманып жағаға шықты. Қазақтың өзге
руларымен қосылып ел болуды ойлады. Сонау біз үшін қанын төккен, қырылған
ата-бабаның аруағын сыйлап, өз жерін, өз елін өле-өлгенше қорғады. Шыңғысхан
ұрпағы қанша қанқұйлы болғанымен, олар бізді емес, біз оларды жеңдік. Монғол
тілі емес, монғол дәстүрі емес, қазақ тілі, қазақ дәстүрі қалды. Осының бәрі
неліктен болды? Қазақ атын Еділ, Жайықта, Қыпшақ, Алшын, сендер қорғасаңдар,
Тарбағатай, Алтайда Керей, Найман біз қорғадық. Бас қоссаң тірі пенде жеңе
алмайтын ел болдық. Бірақ басымыз қосылмады. Тағы бізді Барлас Ақсақ Темір
жеңді. Бұл да бірімізді бірімізге айдап салып, бірімізден соң бірімізді бағындырып
қойдай қырды. Тарамыстай жаны сірі халық бұдан да аман қалдық. Аман қалдық,
бірақ одан не пайда? Быт-шыт болып әр ханның қолында жүрміз. Бізге Көк Орда
қожа, Астрахань сұлтандары да қожа, Қырым мен Ноғайлы хандарының
қарамағында жүрген ел де аз емес. Бүгін біз бірігіп ел болмасақ, ертең жерімізге