Әдеби KZ жүрер еді ғой. Әбусейіт тәрізді бұра тартарларды ауыздықтағаным, тобыр
алдында кінәсіз көрінер еді. Қалай жаулап алсаң да, тобырдың көкейіне қонбаған
үстемдігің, тысырайып тұрған тар киім тәрізді, бір жерінен болмаса бір жерінен
сөгіліп кетеді». Әбілқайыр хан бұл қағиданы ұзақ жылғы ел билеген тәжірибесінен
біледі.
Хан ойын Оспан-Қожа тағы бөліп жіберді.
— Батыр Саянды өлтірсеңіз ерке-шора Гүлбаһрам-Патшайымды да өлтірген
болар едіңіз...
— Неге?
Гүлбаһрам-Патшайым қызыңыз батыр Саянға ғашық...
— Оны сенен басқа кім біледі?!
Ханның бұл сұрақты текке бермегенін Оспан-Қожа бірден ұқты. Ол сәл
ойланып қалды да:
— Рабиу-Сұлтан-Бегім ханым, — деді қырылдай сөйлеп. — Ол екі жастың түбі
қосылуына жан-тәнімен тілектес...
«Жоқ, Рабиу-Сұлтан-Бегім батыр Саяннан адал екен, әйтпесе жиырма
тоғыздағы жас сұлу оны күндесінің қызына қимас болар... бірақ бұны тағы менен
неге жасырды? Мұнда қандай сыр бар? Саянның Ұлықбек мырзаның баласы
екенін білсем, мүмкін мен оны Сүйіншікке атеке етер едім ғой. Мұндай аңырақай,
соқпақты, қиын жағдайларда ең бөктер жол сол болатын еді-ау!».
— Рабиу-Сұлтан-Бегім алдымен сізден Саянды Сүйіншікке көкілташ
1
етуді
өтінбек болған. Бірақ жастайынан біріне-бірі ұнаған Гүлбаһрам-Патшайым мен
Саяндай екі жасты аяды. Егер Саян Сүйіншікке көкілташ болғанда Гүлбаһрам-
Патшайымнан мәңгі күдер үзер еді. Өз қарындасын өзі алуға Мұхаммет пай-
ғамбардың діні рұқсат етпес еді. Сол себептен сізден ханым оны атеке етуіңізді
өтінді. Сен көнбедің ғой. Ал батыр Саянның кім екенін сізге айтуға қорықтық.
Өйткені Қыпшақ батыры Қобыланды да сенің қызыңа ғашық... Бәрібір Қобыланды
1
К ө к і л т а ш — бірге туыспаса да, хан шешімі бойынша жас балаға аға болып саналу. Кей көкілташтар өзіне іні
еткен хан баласына туған ағасындай болып кеткен.