Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет139/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   316
 
 
— Бақты-Қожа уәзірден сақтан. Жұрт сенен емес одан қорқа бастапты. Мұндай 
айбар тек ханды өз уысында ұстаған уәзірдің қолынан ғана келеді. 
«Мына сөзінде де жан бар секілді. Иә, Бақты-Қожа бір сырымды біледі. Және 
сыр болғанда қандай сыр! әрине сол сырымды өзіме қарсы пайдалануға 
тырысады. Кім біледі пайдаланып та жүрген шығар?.. Тұра тұр!» Әбілқайыр тағы 
да өзінің сезіктенгіш қылығына ауды. Оның көз алдында, кенет, құпия 
сыбырласып отырған Рабиу-Сұлтан-Бегім мен Бақты-Қожа уәзір елестеп кетті. 
Одан кейін бәйбішесінің кешегі бір өзіне деген жылы шырайы есіне түсті. 
Әдетінше түс мезгілінде хан Рабиу-Сұлтан-Бегім үйіне барған. Жас сұлу бәйбішесі 
ақ тотыдай таранып отырған. Әбілқайыр үйреншікті әдеті бойынша шымылдықтың 
қасына келіп шешіне бастағанында, Рабиу-Сұлтан-Бегім ақ мамықтың үстінен 
еркелеп түрегеліп, аяғын ырғала басып алтын кесеге шербет құйып әкелген. 
— Гераттан жіберіпті. Бұғы мүйізінің нәрі қоса қайнатылған, аяғына дейін 
ішіңіз, хан ием, — деген. 
Хан ішкен. Және денесі аппақ қардай, қарақат көз сұлу бәйбішесінің жанында 
әдеттегісінен анағұрлым ұзақ жатқан. Сол бір шатты сәтте әлі де он жеті жасар 
уылжыған қызға бергісіз осы бір періштедей сүйкімді әйелін Бақты-Қожа уәзірге 
өлтір деп тапсырғаны ойынан шығып кеткен. Бар ынтасы сол бір тамаша мезеттің 
қуанышын мейлінше соза түсуде болған. Өткіншек дүниенің қызығы да оған дәл 
осы сәтте марал мүйізінің сөлі қосылған шербеттің тәтті уытындай көрінген. Тек 
осы қызық тез өтіп кетпегей деп тілеген. 
Ал сол сурет оның көз алдына басқаша елестеп кетті. Шербет құйылған алтын 
кесені қолына алды. Жанындағы Рабиу-Сұлтан-Бегім мөлдір көзіне қарай тұрып 
кесені түбіне дейін жұтып салды. Сөйтті де жүрегі өртеніп домалай барып 
құлады... «Марал мүйізі сөлінің орнына кішкентай ғана күшәланың уы қосылса не 
істеймін?! Жоқ, жоқ бұдан былай қарай тым сақ болған жөн. Япырмай, бір 
ажалдан аман қалған екем. Өзім де сезімге берілгішпін. Шербетті алдыменен 
Рабиу-Сұлтан-Бегімнің өзіне неге іштіріп алмадым? Екіншідей бұл естен 


148 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет