Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет152/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   316
Әдеби KZ
 
 
озғындай шығып қарасын үзді. Әбілқайыр жас кезінде ұрыстарға тікелей қатысып 
келсе де, алтын тақтың қызығын көрген сайын ажалдан қорқа түскен. Жиырма 
бестен асысымен-ақ хан ұрысқа қатысуды қойған. Таластың тағдыры шешілетін 
қан майданға ол өзінің батырлары мен әскерін айдап салатын. Тек жау жеңілген 
кезде ғана жеңіс қуанышын қарсы алуға жұрт алдына шығатын. Өзі тікелей ұрысқа 
қатыспайтындығынан хан көптен бері сойыл, найзаны жұмсауды ұмытқан. Бірақ 
өзін аңдыған жаудың көптігінен сескеніп, Ордада жүргенінде наркескенін, атқа 
қонғанда садағын тастамайтын. Бұл екі қаруды жұмсауда аса шеберленіп алған. 
Әсіресе жақ тартуға келгенде, жебесін құралайдың көзіне дәл қадайтын мерген. 
Міне, осы қасиеті қазір де өзіне үлкен жәрдем берді.
Тобылғылы, қурайлы, бозаңы белден келетін жазық дала... Алдарында көгілдір 
тоғайлы Сейхун дария... Оңды-солды қамысты шалшық көлдер... Аспан айнадай 
ашық, шаңқай түс. Алыста, көгілдір белестердің үстінде тек буалдыр сағым 
ойнайды. Сағым-сынды ағып келе жатқан арқарлар. Оларға енді-енді жетеміз деп 
ауыздарын ырсита ашып, секіре самғаған кілең қара қылшық арлан қасқырлар. 
Тарланкөк әне-міне дегенше қасқырлар тобына жетіп қалды. Әбілқайыр енді 
олармен жанаса шауып келеді. Есіл-дерттері алдарындағы арқарлар боп, әбден 
көздері қанталап қызып алған қасқырлар, ық жақтарымен жанаса жүз қадамдай 
жерде шауып келе жатқан салт аттыны аңғарар емес. Тек ат дүбірі құлағына анық 
жеткенде ғана соңғы көкжал Әбілқайыр жаққа жалт бұрылды. Бірақ дәл осы сәтте 
ат үстінен тартып қалған хан жебесінің болат ұшы дәл жүрек тұсынан кеп қадалды. 
Қасқыр қыңсылай барып, сылқ етіп бір бүйіріне қарай құлай кетті. Әбілқайыр оған 
бұрылып та қараған жоқ, енді екінші қасқырдың тұсына жете беріп, оны да 
омақата құлатты. Осылай заматта үш қасқырды сұлатты. Алдында әлі де екі-үш 
көкжал бар. Бірақ ханның қорамсағында жалғыз жебе қалды. Ол енді соңғы 
арқарға таяу келе жатқан, биіктігі тайыншадай, көкжал арланды түсірмек болды. 
Бойы бусанып, қызып алған Тарланкөк ойқастай таяй бергенде, үзеңгісіне шіреніп, 
ерінен көтеріле түсіп, кейін қарай сәл қисая, «иә, сәт!» деп қайың садағын тартып 


163 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет