Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет155/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— әрине ғой, — қызы күрсінді, — садағымды тартуға менің де дәтім бармас 
еді... Тек ыза... — сөздің ар жағы естілмеді. 
Әбілқайыр аздан кейін көзін ашып жан-жағына қарады. Бірақ ешкімді көрмеді. 
Аламандар оң жақтағы қалың қарағаш арасына кіріп кетіпті. Кенет Әбілқайырға 
хабар берген керней үні шықты. Жорық дабылына үйренген Тарланкөк арқырай 
кісінеп қоя берді. Көп кешікпей серіктері де жетті. Өліп жатқан жолбарыс пен 
жолай жайрап қалған қасқырларды көрген Бахтияр-баһадур мен нөкерлері хан 
ерлігін мадақтай жөнелді. Бірақ оған Әбілқайыр ләм-мим деп тіл қатпады, қабағы 
түксиіп сазарды да қалды. Ол қазір алай-түлей өкініште еді. «Отыз жыл хан болсам 
да, осы мезгілге дейін өзіме керек адамды таңдай білмеймін. Әлгі жігітпен ғой тіл 
тапсам әскеріме қандай қолбасшы болар еді. Сондай адамдармен ғана әлемді 
бағындыра аласың! Қап! Қап! 
Хан батырлығының куәсі етіп нөкерлері жолбарыс пен арлан қасқырлардың 
терісін сойып алып, алдарына бөктеріп, кейін қайтты. Әбілқайырда әлі үн жоқ, сол 
қабағын қарс жапқан қалпында. Тек нөкерлері ханның жеңісті екенін күні бұрын 
бар әлемге дабырлата білдіріп, сырнай-кернейлерін барылдата тартып келеді. 
Шатырларына таяғандарында ғана Әбілқайыр қасындағы Бахтияр-баһадурға: 
— Егер мен жоқ жерде батыр Саян мен менің қызым Гүлбаһрам-Патшайым 
қолдарыңа түсе қалса, — деді өзгелерге естіртпей, — менің қызымның басын 
алыңдар. Ал батыр Саянды сый-құрмет көрсетіп босатып жіберіңдер. 
— Құп, тақсыр! 
Бахтияр, баһадур осы бір болмашы сөзден ханның неге үндемей келе 
жатқанын ұқты. Жолбарысты батыр Саян өлтірді-ау деп жорамалдады. «Бәсе, 
жолбарыс жүрегінен суырылған жебе хан жебесіне ұқсамайтын еді-ау». Батыр
жігіттің тек жолбарысты ғана өлтірмей, ханды да ажалдан алып қалғанына шек 
келтірмеді. «әйтпесе кекшіл Әбілқайыр оны қолға түссе босатып жібер демесе
керек еді». Осының бәрін сезсе де Бахтияр-баһадур тіс жарып ештеңе демеді. 


166 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет