Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет196/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Қорықпа, — деді кірген кісі, — мен Орақпын. Өлді дегендері бекер, тірімін. 
Бірақ өлген адамнан да қорқыныштымын. Егер менің бетімді көрсең, қазір талып 
құлар едің. — Ол асыға өзінің қалай тірі қалған оқиғасын айтып берді де — қолыңа 
құран алып, «өмір-бақи ерге шықпаймын» депсің, соныңды естіп келдім, — деді, 
— маған деген жүрегіңді адал сақтағаның үшін рақмет, бұл құрметіңді қара жерге 
кіргенше ұмытпаспын. Ал енді айтарым: өлген адам үшін өлмек жоқ. Мен патша, 
хандарға ғана тірі адаммын. Саған өлікпін. Ерге шық, қызық көр. Құран ұстап 
құдайға берген антыңды мен алдым. Ал енді қош бол. — Ол үйден шыға берген. 
— Тоқтай тұр... — деді Аққозы. 
Бірақ Орақ тоқтамады. Шығып кетті. Аққозы көзі қарауытып, жанындағы 
төсекке ақырын қисая беріп, жылап қоя берді. 
Келесі күні түнде Орақ қырық жігітімен Мұхамед-әкім эль Таразидың Талас 
өзенінің етегінде жатқан көп жылқысын «өзің өлтірген эль Мүлік ибн Зархум 
шебердің құны» деп айдап әкетті. Оны Сырдың төменгі жағындағы кедей 
ауылдарға апарып бөліп берді. Осы күннен бастап «Жалғыз көз» батыр кедей 
жұрттың қорғаны» деген лақап бүкіл Дәшті Қыпшаққа тарады. Орақ кедей 
жұрттың қорғаны екенін сан айқаста көрсете алды. 
Ал бұл кезде Исан-Бұғы мединесін қайтадан Ақсуға көшірген. «Сыртқы 
жауынан қазақтар қорғайды, ал олардың күші жетпей қалса, өз қалаларыңды, 
ұлыстарыңды өздерің қорғаңдар» деп хан кеңесін мүлдем таратқан. Осылай 
әмірлерінің ойынан шыққанына ол өте қуанышты еді. Өйткені айтқандарын істеп 
отырған ханға енді ешқайсысы қарсы бүлік шығармайды деп ойлаған. Қой да 
аман, қасқыр да тоқ. Бірақ Исан-Бұғы өз қолымен өзі Моғолстанның болашақ 
көрін қазып қойғанын білмеді. Моғолстан әмірлерінің өз ұлыстарын жеке-жеке 
қорғауы, ал қазақ руларының бірігіп сыртқы жауларына қарсы шығуы, бұл елдің 
мемлекет болуының алғашқы адымдарына айналатынын ол ойламады. Исан-
Бұғы тағы екінші жағдайды аңғармады. Ол мединесін Ақсуға көшіргенде енді 
Әбілқайыр, әбусейіт, Жұныстың шабуылынан біржолата құтылдым, олар маған 


211 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет