Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет270/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Бұл екеуі де Жәнібектің ұсынысына бірден құлап түспегенмен де, тақа «кет әрі» 
еместігін білдірген. Сондай-ақ Сауран хакімі Құлмұхамед те кісі жіберген. Хан 
ұсынысына ол терісқақпай жауап берген. 
Жәнібек осы мәселелерді Хан Кеңесіне салмақ болды. О кезде күрделі істің 
бәрін Хан Кеңесі шешеді. Хан ұсынысын егер Хан Кеңесі қабылдаса ғана іске 
асады. Абылай ханға дейін бүкіл қазақ тарихында осылай болып келген. Ал 
Жәнібек тұсында Хан Кеңесі екі түрге бөлінетін. Бірін «Тағанақ кеңесі» деп 
атайтын, екіншісін «Тұрымтай кеңесі» дейтін. Біріншісі үлкен Хан Кеңесі деген 
мағынада, екіншісі кіші Хан Кеңесі деген түсінікте. Біріншісіне елеулі рудың басты 
адамдары тегіс жиналады. Онда хан сайлау, соғыс ашу тәрізді күрделі істер ғана 
қаралуға тиісті. Сондықтан бұл кеңесті кейде үш жүзге бөлінерде бас қосқан 
жерінің атымен «Қаратұз кеңесі» деп те атаған. Ал Тұрымтай кеңесінде басқа 
жұртқа елші жіберу, қонысқа жер бөлу тәрізді жеңілдеу мәселелер шешілген. Бұл 
кеңеске Маймене мен Майсарыдан бөтен, Орда маңындағы әскери қолбасшылар, 
хан балалары қатынаса алады. Бірінші Кеңес жылына бір мәртебе, екінші Кеңес 
апта сайын бас қосқан. 
Жәнібек өзінің дүдәмалданған ісін, Хан Кеңесіне қоймай тұрып, көбіне Қасым 
сұлтанмен ақылдасатын. Бұ жолы да осы әдетіне сап баласын, өзі отырған Жаған 
бәйбішесінің ордасына шақырттырды. 
Күн жаңа батып, төменгі ауылдың малы келіп азан-қазан болып жатқанда, 
кешке таманғы аласапыран әлеті еді. Күндіз ыстық боп, күн бата ғана самал жел 
тұрған. Орда іші салқындай түссін деп хан есікті әдейі ашып қойған. Баласымен 
сөйлесер сөзін жат құлақ естімеске күзет жігіттерін де «әрірек барып күзетіңдер» 
деп, Орда маңынан алыстау жерге қуып жіберген. 
— Ымырт үйіріле Қасым да келді. Әкесі оның сәлемін алып оң жағына 
отырғызды да: 


290 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет