Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет272/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   316
Әдеби KZ
 
 
дүбірлері естілді. Әлден уақытта: «Қап, әттеген-ай, ұстатпай кетті-ау!» деген 
әлдекімнің өкінішті даусы шықты. 
әкесінің сөзін тыңдап бетіне қарап отырған Қасым, шешесінің даусы шыққан 
шақта ештеңе түсінбей қалды, тек Жаған шалқалай түсіп құлағанда бір-ақ ырғып 
қасына барды. Қара көлеңкеленіп кеткен бейуақта үн-түнсіз жатқан анасының дәл 
көкірегіне қадалған қанжардың сабын көрді. Жанталасып мүйіз сапты қанжарды 
кеудесінен жұлып алды. Атылған ыстық қан бетіне шапшып жуып кетті. Анасы 
«құлыным» деп ышқына бір бұлқынды да тына қалды. Осы кезде үйге басқа 
адамдар да келіп, шам жағылды. Енді жұрт қызыл қанға батып өліп жатқан 
ханымды көрді. 
Бүкіл хан аулы түнімен Жағанды өлтірген адамды іздеді. Таба алмады. Тек таң 
ата ғана оның Сейхун дарияның жағасында жатқан қара жүн далбағайы мен жеңіл 
пұшпақ ішігін, түйе терісінен илеген көн етігін тауып әкелді. Шамасы арғы бетке 
жүзіп өтіп кеткен тәрізді. Ағысы қатты, кімді болса да оп-оңай алып кететін бұл 
кездегі Сейхун дариядан әлгі адамның қалай жүзіп өткеніне жұрт жағасын ұстап 
таң қалды. «Адам емес, хан Ордасына арнап келген бұл бір албасты болар» деді 
ішінен ғаламатқа сенгіш кейбір кемпірлер. Ал тастап кеткен киімдерінен бұл 
келген жын да, албасты да емес, нағыз адам, адам болғанда Дәшті Қыпшақтың 
өзінен шыққан, тіпті сонау Жайықтың арғы бетінен келген жау екеніне ешкім де 
шек келтірмеді. Бұған киім үлгісі, көмкеруі, оюы куә еді. 
Жағанды бүкіл ел-жұрт боп арулап қойып, жетісін бергеннен кейін, Жәнібек 
тағы Қасымды өз ордасына шақырды. Қасым келгеннен соң, оның беліндегі 
қанжарды алды да, қолына ұстап тұрған, Жағанның кеудесінен суырылған 
қанжармен екеуін баласының алдына қойды. 
— Көрдің бе, екеуі бірдей, — деді Жәнібек, — саған осы екі қанжар қандай сыр 
айтып тұр? 
— Бір шебердің жасағаны ма? 
— Одан бөтен? 


292 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет