Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет269/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Ежелден қазақ рулары жағатай, моғол хандарымен достасып келген. 
Моғолстанда бір тірегім болса, мұртымды балта кеспейді деп ойлады Жәнібек. 
Оның үстіне Жұныс хан Мауреннахрдағы Ақсақ Темір әмірлерімен байланысты. 
Самарқант әміршісі әбусейіттің баласы Омар шайқы бұның қызын алып отыр. Түбі 
Түркістан уәлиетін қан төгіп жаулап алатындай күн туса Самарқант, Бұқар 
күштерінің сырт қалғаны жөн. Қашан да болса топтанған қасыңнан, жекеленген 
жауыңды жеңу оңай. Ал қазір сондай әдіске жол бар. Әбілқайыр дүние салғаннан 
бері, Темірлан тағына қарайтын уәлиеттер жеке-жеке бөлініп кеткен. «Ортақ 
өгізден оңаша бұзау» деп қарайтын сұлтандарға, әмірлерге жалғыз әміршіге 
бағынғаннан гөрі, әр уәлиетті бөліп билеу тиімді көрінген. Жауың өзі осындай 
халде тұрғанда, неге оның осал жерін пайдаланбасқа? Жәнібек өз ойын іске 
асыруға осы кездің дәл екенін еске алып, қыз беріп, қыз алысайық деп Жұнысқа 
кісі салды. 
Жаңа іргесін қалап келе жатқан қазақ хандығының Түркістан өлкесін қайтып 
алудан да бөтен толып жатқан істері бар. Әскер құру, хан тәртібін орнату, 
мемлекет заңын — жаңа «хан жарғысын» шығару, отырықшы аймақтар мен
көшпелі тайпалардан хан қорына, әскер ұстауға, мешітке, мемлекет ісін жүргізетін 
адамдарға арналған салық, ғараж, ұшыр, зекет жинау. Сығанақ пен Созақты 
алғаннан бері Қыпшақ даласы мен Моғолстан, Алтын хан, Қара теңіз жағасындағы 
қалалармен сауда-саттық жұмысын күшейту — хан әсіресе көңіл бөлетін 
мәселелер еді. Бұрынды-соңды Дәшті Қыпшақта қалыпқа түспеген осындай тың 
істермен шұғылданып жүргенінде, Жәнібек қыс өтіп жаз шыққанын білмей қалды. 
Жаз шыға Жәнібек өзінің көшпелі ел ұлы екенін есіне ұстап, қазақ елінің 
дәстүрі бойынша, хан Ордасын Сығанақтан Сырдарияның сағасына көшірді. 
Бұл ара шым үйлі, күндіз-түні шулаған базарлы, көшесіне адамы сыймай 
жатқан қаладай емес, көк шалғын, ауасы да жеңіл, өрісі де кең, қамысты алқап. 
Сырдария жағасына келіп қонғалы. Жәнібектің шаруасы бұрынғысынан да 
көбейіп кетті. Сайрам хакімі Қатта бектен, Моғолстан ханы Жұныстан хабар келген. 


289 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет