Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет302/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   316
Әдеби KZ
 
 
сыры осы. Ал Бұрындық болса, басқаша ойлайды. Қазір бұл арада күшті екі хан 
бар, бірі Бұрындықтың өзі, екіншісі — Мұхамет-Шайбани. Біз екеуміз тату-тәтті 
тұрсақ, өзге хандар қарамыздан қорқатын болады. Оның үстіне Мұхамед-
Шайбани тәрізді арыстан іспеттес ханмен жақындассам, қазақтың батырларының 
көмейіне құм құйылады. Әнеугідей Қасым жағына шықпайды. Қазақ рулары тек 
қорыққанын сыйлайды. Мұхамед-Шайбани секілді одақтасы бар ханнан қорықпай 
көрсінші! Керек десе, осы Мұхамед-Шайбанимен төс соғыстырған құда боламын. 
Сонда не істер екен Қасым мен оның серіктері! Осындай далбаса ойға келген 
Бұрындыққа шынында Мұхамед-Шайбани құда түсті. 
Ол әлі ешкімге айттырылмаған екі қызының бірін — қара көз Күлбаршын-
Сұлтан-Бикені Махмуд-Сұлтанға, Жауһар-Сұлтан-Бикені Мұхамед-Шайбанидың 
шешесі бөлек кіші інісі Мұхамед-Темір сұлтанға берді. Отыз күн ойынын, қырық 
күн тойын өткізіп, қалың көшпен бір қызын, Мұхамед-Шайбани өзінен тартып 
алған Сауранға, екіншісін Отырарға ұзатты. Бірақ бұл қуаныш кейін Бұрындыққа 
қайғыға айналды. 
Екі елді осыншама қан-жоса етіп бүлікке салып, мал-мүлкін талан-тараж етіп, 
ұл-қызын құлдық пен күңдікке айдатып, кеше қан майдан ашып ұрысқан екі 
ханның, бүгін елдің төгілген қанына, жерге тапталған ар-намысына қарамай оп-
оңай ауыз жаласып кеткені халыққа қорлау сынды көрінді. Әсіресе қазақ рулары 
бұлқан-талқан боп ашуланды. Жұрт кәрі-жасы қалмай жерін, суын, малын қорғап 
атқа мінгенінде, Бұрындық хан оларды алдап кеткендей болды. Сонау талан-
таражға түскен дүние-мүлік, төгілген көз жасы, — бәрі бірдей тек Бұрындықтың 
қыздарын Әбілқайыр ханның ұрпақтарына қатынға беру үшін істелгендей 
тәрізденді. Өздерінің көкейкесті тілегін, ата жауына сатып кеткені үшін халық 
Бұрындыққа түйіле қарады. Оның қаһарынан қорықпай, бізге бұндай адам хан 
болуға тиісті емес деп өктем-өктем сөйледі. Лепірген, қорланған, намыстанған 
жұрт, ақырында өзінің сүйікті батырлары Найман Қаптағай мен Алшын Оңайды 
Қасымға жіберді. «Не Бұрындықты елімізді шапқан, ұл-қызымызды құлдыққа, 


324 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет