Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет34/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қа болмады. Қобыланды мен Ақжол дауын тағы да ақыл таразысына салу керек. 
Бұл таластан қазір басым ауырып, балтырым сыздап жатқан жоқ қой. Мүлт кетсең 
— дұрыс жолдан адасқаның... Мұндай істе қашан да болса күдік пен үміт қатар 
тұрады. 
Әбілқайыр шешетін тағдыр расында да қиын тағдыр еді. Қазақ даласына 
Шыңғыс ұрпағының үстемдігі жүргенменен де, айыпты жанды өлім жазасына кесу 
үнемі ежелгі ел дәстүрі бойынша халықтың өз билігінде қалған. Айыпты жанның 
күнәсін, әбестігін ақыл таразысына салып, жазықты мен айыптаушылар жағынан 
жиналған би, ақсақалдар мәжілісі аталы сөзге тоқтап, өзінің үкімін айтатын. Хан 
тек осы үкімді өз жендеттері арқылы іске асыратын. Бұл жолы олай болмай 
шықты. Арғын, Қыпшақ би-ақсақалдары бір келісімге келе алмады. Сондықтан да 
бұл дауды хан шешсін деп ұйғарды. Күнәкар деп табылған Арғынның жиені Саян 
батырды Қыпшақ жағы өлім жазасына бұйырды. Жас батырды күнәсіз деп тапқан 
Арғынның игі жақсылары оны ақтады. Екі жақ бірдей тоқтайтын би шықпады. Дау 
аяғы қанды сойылды жанжалға айнала жаздап әзер басылды. 
Расында бұл дауда хан тағына қауіп тудырардай астар бар-ды. Бату ханнан 
кейін, 1361 жылы Шыңғыс ұрпағы Болат Темір хан Еділ бұлғарларын екінші рет 
шапты. Бұлғар мемлекетін жермен жексен етті. Осы жерге он бесінші ғасырдың 
басында Әбілқайыр өлтірген Жұмадүк ханның әкесі Ұлығ Мұхамбет кеп Қазан 
қаласын салды. Өзін хан атады. Он сан Ноғайлының ең ақырғы Ұлы биі Алтын 
Ордадан мүлдем қуылып, Орда тағдыры Жошы ұрпақтарының қолына біржолата 
көшкен соң осы Қазан хандығының қол астына Орманбет бидің ұрпақтарының 
біразы келіп қосылған-ды. Және Алтын Ордаға деген қастығын тоқтатпаған-ды. 
Затымыз бір ел-жұртпыз деп кешегі үстемдігін зар еткен кей билері астыртын 
қазақ руларына кісі салып, Әбілқайырдан бөлін деп демігуде еді. Ал кей жау 
жүрек батыр ұлдары, қастарына саяқ жинап кейде хан тұқымының мыңдаған 
жылқысын барымталап әкететін. 


36 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет