Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет32/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Дәл осы сәтте бала кезінде Қыпшақ жерінен құлдыққа сатылып әкелінген 
Сирия әскерінің қолбасшысы Бейбарыс баһадур соңынан мамлюктерден құрылған 
гвардиясын ертіп, Бағдатты алып, енді сарқырамадай Сирияға құлаған Иран шахы 
Құлағу әскеріне қарсы шықты. Құр ғана қарсы шыққан жоқ, Құлағуды жеңіп, екі 
жылдан кейін оны бүкіл Египет жерінен қуды. Ал бір мың екі жүз тоқсан бірінші 
жылы Қыпшақ мамлюктері әбжіл қимылдап Сириядан Крест ұстаушыларды бір 
жолата қуып, рыцарлардың Шығыстағы ең ақырғы қорғаны Аққа қаласын алды. 
Сөйтіп, өз жерінен қуылған, құлдыққа сатылған мамлюктер араб жауын- 
герлерімен бірігіп, Египет пен Сирияны монғол басқыншыларының күйретуінен 
құтқарды. Әлемге әйгілі өнер-ғылым ошақтары болған Отырар, Самарқант, 
Киевтердің халіне жеткізбей, Каир, Алжир, Кордаваларды күл-талқан етуден аман 
сақтап қалды. 
Енді қыпшақ бекзадаларының, әскер басшыларының қаны араб қанымен 
араласты. Біріне-бірі қыз беріп, қыз алысты. Осы құл сату арқылы құр ғана 
Египетте емес, Солтүстік теңіз бен Жерорта теңізінің жағасындағы Европа 
халықтарының қанына орыс, татар, черкес, түрік, африка ұлдарының қаны 
қосылды. 
Жошын мамлюк сұлтандары басқарған Египет жерінде Қыпшақтар Алтын Орда 
мен қазақ жерінің әдет-ғұрпын, тәртіп-дәстүрін енгізуге тырысты. Ата-бабасы 
Қыпшақтан шыққан мамлюк сұлтандарының енді серуенге барар жолдарына күні 
бұрын сырнай, керней тартқан жүздеген, қыпшақша киінген сәнді-салтанатты 
нөкерлерін шығарып Бағдат, Мысыр, Мекке, Каир шаһарларының көшелерін 
басына көтерді. Қыпшақтың бай, манаптары өздерінің жас кезінде бабалары 
мінген пәуескемен Ніл өзенінің жағасында серуендеуді шығарды. 
Мамлюктер тіпті шариғатты былай қойып, сот ісін де Дәшті Қыпшақ 
жобасымен жүргізуге тырысты. 
Бұның бәрін істеген қара құлдардан шыққан батыр, әскер қолбасшылары. 
Осыдан кейін қара қазаққа, құлдарға ерік беруге бола ма? Жоқ, болмайды. 


34 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет