Әдеби KZ Хан саясаты тынып жатқан көл секілді, қай жері тұңғиық, қай жері тайыз
білмейсің. Тағы да күміс қоңырау шылдырлады.
Ордаға әлгі қан-сөлсіз дәйекші кірді, үн-түнсіз басын иіп, тұра қалды.
Хан жайшылықтағы тапсырмаларының бірін бергендей жайбарақат сөйледі.
Ас біткен күннің ертеңіне әлгі жігітке үкім айтылады. Бірақ оған дейін...
Дәйекшінің жарғақтанған жұқа ерні ақырын ғана қимылдады.
— Құп, тақсыр.
ІІ Әбілқайыр Ордасы бұл кезде Кеңгір өзенінің жағасындағы Орда-Базар
қаласында еді. Ұлы асқа бүкіл Дәшті Қыпшақ пен Мауреннахрдың бек, сұлтандары
тегіс келетінін білген хан, асты кең жайлауда — Ұлытаудың күнбатыс жағындағы
Ақкөл жағасында өткізбек болды. Шілденің бас кезі еді. Бір шеті мен бір шеті ат
шаптырым күміс толқынды Ақкөлдің кең алқап жазира даласы ат бауырынан
келген көк шалғынға бөленген. Қыратты бауырлай біткен хош иісті көде-көкпектің
өзі тізеге жетеді. Алыстан мұнарлана Едіге батыр мен Тоқтамыс ханның сүйектері
қойылған Ұлытау мен Кішітаудың сүйір бастары көрінеді. Көк шалғынның
арасындағы
бармақтай-бармақтай
боп
өскен
бүлдірген
мен
жи-
дектен көз тұнады. Аласа бұталарға сыңси біткен қарақаттың да піскен
кезі... Көл үстінде күндіз-түні тынбаған құс қиқуы... Ортасындағы ақ айдында
қанаттана бастаған көгілдірлерін ертіп бір топ аққу сыбызғы үніндей қоңырқай
дауыстарымен сыңсып ән салады. Сабағы сояуланып қалған, қызғалдақ, лала
жаушымылдық, раушан гүлдерінен жұпар аңқиды. Осынау қызылды-жасылды
өрнекпен безелген жасыл кілем ұшы-қиыры жоқ кең даланың ортасында
төңкерілген күміс кеседей жарқырап, ақ айдын Ақкөл жатыр. Жан-жағы сонау
көкжиекке дейін мидай дала. Ұшқан құстан, жүгірген аңнан бөтен тірі жан
көрінбейді. Тек көлдің батыс жағында көгілдір белес бар. Белестің үстінде сұрғыт