Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет45/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   316
Әдеби KZ
 
 
те қалды. Қалың қабақ, қыр мұрын бозғыл түс, құмай көз... Өз баласындай еңселі. 
Қимылы да барыс тәрізді шапшаң, епті болуы керек. Тек Сүйіншіктен айырмасы — 
қою қара мұрты бар... 
Әбілқайыр хан Рабиу-Сұлтан-Бегім ханымның қабырғасы қайысып мұны неге 
«аталық» етуін сұрағанын бірден түсінді. Бойын кенет орасан ашу билеп кетті. 
Шешім өзінен өзі келді. «Бұл жігіт, өлуі керек! Бүгін! Қазір! Дәл осы арада!». 
Әбілқайыр құндыз жағалы, алтын зерлі көк мақпал шапанының ішінен байлап 
алған қорасан құрышынан жасалған болат қанжарының сабына қолының қалай 
барып қалғанын өзі де аңғармады. 
Ханның құбылған түр келбетінен, оқыс қимылынан, оның қандай қатал әрекет 
жасамақ болғанын жас жігіт сезіп тұрса да, орнынан қозғалмады. Тіл қатып өтініш 
те айтпады. Тек екі қолы артына кісенделген қалпында арыс кеудесін сәл 
шалқайта, Әбілқайырдан өткір көзін аудармай тістене бекініп, қатты да қалды. 
Хан түксие қарады. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» тұтқын жігітпен тіл 
қатысуды жөн көрді. 
— Өзіңе қойылған айыпты мойныңа аласың ба? — деді ол тамағына келіп 
тығылған ашуы мен күдік кірбеңін әзер басып, даусы дірілдеп кетіп. 
Жігіт сол тұрған қалпынан титтей міз бақпады. Тек басын сәл иді. 
— Жоқ, өзге айыбым болғанменен, Қобыланды батыр айтқандай күнәм жоқ, 
иланыңыз, хан ием... 
«Өзге айыбым болғанменен» деген сөзден хан бұрынғысынан да бетер күйіп 
кетті. «Өзге айыбыңның қандай айып екенін білемін. Жасырмай менің бетіме 
айтуға қалай тілің барды? Сәл шыда, ол тіліңді де шоқ басылғандай күйдіргенімді 
көрерсің!..» Бірақ ханның «өзге айыбың қандай айып?» деп сұрауға дәті бармады. 
Бойын билей жөнелген ашу, нағыз бір аузы-мұрнын кигізбен қаптағандай 
тұншықтырып әкетіп барады. Ойды алып, жүректі өртеген ызаны ықтай берді. Хан 
даусы шағатын жыландай енді ысылдай шықты. 
— Қара Қыпшақ Қобыланды жала жапқаны ма? 


47 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет