4-дәріс. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері
– 2 академ.сағ.
Жоспары:
1.
Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. «Қазақ» этнонимі.
Қазақ жүздері
2.
XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы
3.
XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы
4.
Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті
1.(23-слайд) Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе.
Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген
андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз.
Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп
түсіну тарихқа қиянат болады. Түркі тайпаларының Орталық Азия, Еділ бойы
халықтарының, солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан
түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы
болғандығын есте сақтау керек. Еуразияда өзінің тарихи аумағын, мәдениеті
26
мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда
болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде
сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін
анық байқаймыз.
(24-слайд) Қазақ этнонимінің бастапқы түрі-«Алаш мыңы». Қадырғали
би Жалайыр көрсеткен «Алаш мыңының» ру-тайпалық құрамы ұлттық
ауқымға көтерілген қазақ қауымынан анағұрлым тар. Егер «Алаш мыңы»
әскери одақты еске салса, «қазақ», әрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым-
тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. «Алаш мыңының» «қазақ»
атануы қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғ. орта тұсында Дешті Қыпшақ
жұрты арасында орныққан бұл атауды XVI-XVII ғғ. Орталық Азиядан тыс
елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы Алаш мыңы-Алаш-
Қазақ бағытында жүрді. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өздерін көрші
халықтар берген «қазақ» деп атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи
атымен «Алаш» атап келді.
(25-слайд) «Қазақ» этнонимінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар.
XVIII ғ. бері зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Бүгінгі таңда «қазақ»
этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, «қазақ»
деген сөз «қаз» және «ақ» деген сөздерден шыққан. Бұл-қаздай тізілген көш
керуеніне қарап қойылған ат-дейді, немесе: «қазақ» атауы «қас» (хас)-нағыз
және «сақ»-көне замандағы сақтар атауынан құралған және «хас-сақ»-нағыз
сақ деген ұғымды береді, -дейді. «Қазақ» атауы жазба деректерде қай заманнан
бастап кездеседі? деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII
ғ. түркі жазба ескерткішінде «қазғақ ұғлым»-«қазақ ұлым» деген сөз тіркесі
кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде «бір атаның баласы» дегенді білдірсе керек.
IX-X ғғ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген қарлұқ тайпасының
«хасақтар» деген атауы болған. X-XI ғғ. жататын араб деректері және орыс
жылнамаларында Кубань жерінде «әлкасакия» этностық қауымы, Қара
теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында «Касаг қаласы, касогтар» елі туралы
деректер бар. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін «қасақ» (қазақ) деп
аталатын үлкен аудан бар. 1245 ж. мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған
қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасап, «қазақ» деген сөзді «еркін, кезбе» деп
аударады.
(26-слайд) Қазақ
тілінің де қалыптасуы ұзақ глоттогенездік
байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген
тайпалардың қай тілде сөйлегені жөнінде нақты дерек жоқ. Түркі тілі Орталық
Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің арғы төркіні Оңтүстік-батыс
Азиядағы б.з.д. 4-3-мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктердің тілімен
үндесіп жатыр. Шумерліктер мен түріктердің көптеген мәдени-рухани
байланысы бар екендігін алғаш рет көне түркі тілдерінің маманы
А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші ғалым
О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді. Қазақ тілі түркі тілдерінің
тармағына жатады. Түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл
топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ,
27
қарақалпақ, ноғай тілдері жатады. Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге
Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.
(27-слайд) Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз
ұғымының пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Қазақ халқы мекендеп,
тіршілік жасаған жерлерде үш шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған
байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз»
дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі.
Ұлы жүз- Ақрыс. Жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу Сырдарияның
жоғарғы ағысы. Құрамы: Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты,
Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр.
Орта жүз-Бекарыс. Жерлері: Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс,
Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары,
Балқаш, Бетпақдала. Құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат.
Кіші жүз-Жанарыс. Жерлері: оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің
жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендері. Құрамы: Табын, Адай,
Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш.
2. (2-слайд) Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ
рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының барған сайын
күшейе түсуі, қазақ халқы қалыптасуының ұзаққа созылған процесі мен оған
қосарласа үш жүздің қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық
қатынастардың одан әрі дамып, нығаюы Қазақ хандығы түрінде өзінің қазақ
мемлекеттілігінің пайда болуын туғызған объективті себептер болды.
(3-слайд) Хандықтың негізін салушылар Орда Еженнің VII ұрпағы Ақ Орда
билеушісі Орыс ханның шөберелері Керей мен Жәнібек еді. 1456 ж. Керей мен
Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын
бастап Шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ
хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.
(4-слайд) 1428 ж. Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық
қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық
иеліктерге бөлінгенде билік үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ
Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда
болды. Әбілхайыр хан Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды құдалауын
тоқтатпады. (5-слайд) Билік үшін күрес барысында Дешті-Қыпшақтан өздерін
қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары
қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр
болды. Сөйтіп, 1465-1466 жж. Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ
мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды.
Алғашқы қазақ хандары хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария
өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті-Қыпшақта өз билігін нығайтуға
тырысты. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана
отырып, Керей мен Жәнібек XV ғ. 60 жж. соңында қазақтар мекендеген бүкіл
территорияны біріктіру үшін күресті. (6-слайд) Әбілқайыр өлген соң Сыр
бойындағы отырықшы-егінші алқаптар мен қалалар үшін Шайбан
ұрпақтарымен бітіспес күрес жүргізді. Олардың негізгі қарсыластары
28
Әбілқайыр ханның ұлы Шейх-Хайдар және немерелері Мұхаммед Шайбани
мен Махмұд-сұлтан болды.
Сырдария мен Қаратау өңірі, соның ішінде Созақ, Сығнақ және
т.б.қалалар Батыс Жетісудағы қазақ хандарының иелігіне ең жақын болды,
олар ең алдымен осы жерлерге ұмтылды. Қазақ хандары үшін аймақтың
экономикалық және стратегиялық маңызы зор болды.
Сырдария қалалары
бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың әкімшілік ордалары ретінде маңызды
сауда-экономикалық байланыс орталықтары еді, өз заманында тамаша
бекіністер болды және ұзақ қоршауға төтеп бере алды. (7-слайд) Бұл кезеңдегі
қазақ жасақтарының көрнекті басшыларының бірі Керей ханның (1473-74 жж.
билік құрған) ұлы Бұрындық болды. Кейбір деректер оны шамамен 70-ші жж.
ортасынан бастап, хан деп атайды.
80-90 жж. Сырдария қалалары мен
оазистері үшін күресте, қазақтар өзбек-шайбанидтер сияқты Сығнақ пен
Ясыны, Арқұқ пен Сауранды кезек-кезек қоршауға алды.
90-жж. аяғындағы
Отырарды қоршау Мұхаммед Шайбани мен Бұрындық хан арасындағы
бітіммен аяқталды.
XV ғ. аяғындағы күрестің нәтижесінде Созақ, Сығнақ,
Сауранның, Сырдария оазистерінің бір бөлігінің Қазақ хандығының құрамына
қосылуы қазақ хандарының елді біріктірудегі табысының кепілі болды.
(8-слайд) Қазақ хандығының күшеюі XVI ғ.
бірінші ширегінде,
Жәнібектің ұлы Қасым хан (1512-1521) тұсында болды, шын мәнінде ол
Бұрындықтың тұсында да билік жүргізе бастады. Содан бастап билік Жәнібек
ұрпақтарына көшті. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша
Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып, қазақ жерін кеңейту болды.
(9-слайд)
Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары Қасым
хан тұсында біріктірілді. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте
Сырдария, Түркістан аймағындағы қалаларды, Шығыс оңтүстікте Жетісу жері,
Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш, Қарқаралы
тауларын, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Ауыр
дағдарыстан қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі
қазақ хандары мен сұлтандарының билігіне бағынып, қазақ хандағына көшіп
келді. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион
адамға жеткен.
Қазақ хандығының нығаюы мемлекеттің беделін арттырып,
сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі
табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір
хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-
қатынас орнатты. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан
алғашқы мемлекеттердің бірі Князь III Василий (1505-1533 жж.) кезіндегі
Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық
ретінде Европаға мәлім болды.
(10-слайд) Қасым хан қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу
мақсатымен, бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде алғашқы
қазақ заңы - «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Заң сол кезде мұсылман
елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан
өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң болды. Халық Қасым ханның
билер заңы-жарғыны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Қасым хан
29
тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан, ол әлі орталықтанған
мемлекет бола қоймады. Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері
арасында билікке таласқан феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай
қолайсыз болып, қазақ билеушілеріне қарсы моғол және өзбек хандарының
одағы қалыптасты.
(11-слайд) Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп
ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тақыр хан болды (1523-
1533 жж.). Тақыр хан феодалдық қырқыстарды тия алмады, төңіректегі
елдердің бәрімен жауласты. Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының
сенімді одақтасы болып келген Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де,
Моғолстан хандарымен де жауласты. Оның тұсында феодалдық қанаудың
күшеюіне, Тақырдың қаталдығына наразы болған халықтар одан айнып, көшіп
кетіп отырды. М.Х.Дулатидің айтуынша: алғашқы Тақыр хан қол астына
қараған 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы 10
лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен.
(12-слайд) 1533 ж. Тақыр хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына
Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі қырқыстар мен феодалдық соғыстар
Бұйдаш хан тұсында да тоқтамады. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп,
бірнеше иеліктерге бөлініп кетті. Қазақстанның батыс аудандарында Ахмед
хан, Жетісуда Тоғым хан болып, қазақ хандығы 3 бөлікке бөлініп кетті. 1537
ж. Моғолстан мен Шайбани мемлекеттері одақ құрып Қазақ хандығына
аттанды. Қазақ пен қырғыздың қолын басқарған Тоғым хан одақтастармен
Ыстықкөлге жақын Сан-Таш асуында қиян-кескі ұрыста 37 сұлтаны және
тоғыз ұлымен қаза табады. Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ
хандығындағы саяси дағдырыс он бес жылға созылды.
(13-слайд) Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген
хандықты нығайтып, біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-
1580 жж.) күш салды. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ
хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан
болған емес. Таққа отырған соң ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге
қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир мен Бұйдаш хандар тұсында
бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді. Ноғай
ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар
ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып, Жайық өзенінің сол жағын
қосып алды. Тарихи деректемелерде «Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың
ханы» деп атаған.
(14-слайд) 1569 ж. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең
өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс
патшасына бағынуы, орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына
жақындата түсті. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және
олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. 1563 жылы Сібір
хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына
дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ
хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайда
Хақназар хандықтың сыртқы саясатын өзгертті. Хақназар хан тұсында соғыс
30
қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен
сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы өрістеді. Мұның өзі
Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық
өмірінің оңалуына тиімді болды. Сөйтіп, Қазақ хандығы нығайып, қайта
дәуірлей түсті.
(15-слайд) Хақназардың мұрагері Жәнібек ханның немересі, қартайған
Шығай хан хандықты 1580-1582 жж. басқарды. Ол қазақ қоғамында ислам
дінінің таралуына ерекше мән берген хан болды. 1582 ж. Шығайдан кейін
таққа оның баласы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы
Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері
арасындағы жаугершілік қайта қозды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін
қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 ж. Тәуекел хан Ресейге достық келісім
жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми
елшілігін жіберді. Мақсат, Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы
күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру еді. 1597 ж. Бұхар
хандығында ішкі тартыс басталғанда, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде
Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 ж. Ахси, Әндіжан, Ташкент,
Самарқан қалаларын басып алды. Сөйтіп, ол солтүстік-батыс шекарадағы
бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбан әулетінің алауыздығын
пайдаланып, Сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты
тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде
Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатты. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ
хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның
аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды.
3. (16-слайд) Тәуекел қайтыс болғаннан кейін, билікке оның туған інісі
Есім хан (1598-1628) келді. «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атақ оған 1598 ж.
ағасы Тәуекелмен бірге Мауераннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені
үшін берілген-ді. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып,
Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.
Есім отыз жыл бойы Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында аянған жоқ.
Шығысында қалмақтармен, солтүстік-батысында Бұхара хандығымен үздіксіз
шайқасты. Ташкент қаласын басқарған Жәнібек ханның немересі Тұрсын
Мұхаммед сұлтан тәуелсіз хан болуға әрекет жасап, өз атынан ақша соқтырып,
«бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сөйтіп,
Түркістанда Есім хан,
Ташкентте Тұрсын хан билеп, қазақ хандығы екіге бөлінді. Екі жақ ұйғыр,
қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтастар тауып, күрес
шиеленісе берді де,
1627 ж. Есім хан Тұрсынды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол
астына біріктірді.
(17-слайд)ХVII ғ. 30-50-жж. қазақ мемлекеттілігінің дамуында шешуші
өзгерістер болды. Олар-түрлі аймақтардың өзара байланыстарының неғұрлым
тығыз ұштасуы, қалалардың дамуы, хан билігінің артуы, қазақ қауымына қол
сұғушылыққа тойтарыс беруді ұйымдастыру еді. Қазақ қоғамының әлеуметтік
құрылымында да өзгерістер болды. Сұлтандармен қатар билер институты
жанданды, батырлардың әлеуметтік дәрежесі көтерілді. Егер шыңғыс
ұрпақтары жер иелену құқығы болғандықтан, өздерін халықтың қалған
31
топтарынан жоғары қойса, қазақ рулары арасынан ақсақалдар және рухани
тәлімгерлер ретінде көтерілген билердің беделі арта түсті. Батырлар
институтында
да
өзгерістер
болды.
Сұлтан
немесе
би,
хан
маңайындағылардың кез-келгені батыр бола алатын еді. Жеке басының
қасиеттері арқасында қатардағы «қара халық» та батыр бола алады. Билер мен
сұлтандар арасында қазақ қауымдарына саяси ықпал ету жолында күрес жүрді.
Keйбip билердің билiгі eлеулі болды және олар сұлтандармен санаспады7
Қазақ қоғамында үстемдік етуші сословиелер iшінде катты қайшылықтар
орын алды. Бұл Eciм ханға оның билігінің артуына тежеу салды.
Осындай
саяси-рухани жағдайдың ықпалымен Есім хан қазақ қоғамына «Есім ханның
ескі жолы» деген заңдар жинағын енгізді. (Фольклорлық деректерде «Есім
ханның ескі жолының» төрт тұғыры болғандығы айтылады. Олар: 1. Хан
болсын, ханға лайық заң болсын. 2. Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын,
3. Абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын. 4. Би болсын, би түсетін үй
болсын.) Eciм хан тұсында рулық шонжарлардың қатысуымен билер съездері
мезгіл-мезгіл жиналып отырған.
(18-слайд) XVII ғ. аяғы мен XVIII ғ. басында Қазақ хандығының ішкі
саяси жағдайы ауыр болды. Қазақ хандарының саяси бытыраңқылықты
жойып, бір орталыққа біріккен мемлекет құру әрекеттері нәтиже бермеді.
Сұлтандар оқшауланып, дербес саясат жүргізуге ұмтылды. Жүздер арасында
татулық пен саяси байланыс нашарлады.
Хандықтың сыртқы саяси жағдайы
тіптен ауыр еді. Батыстан Еділ қалмақтары мен Жайық казактары,
солтүстіктен Сібір казактары, Жайықтың ар жағынан башқұрттар, оңтүстіктен
Бұхар мен Хиуа хандықтары үнемі қысым көрсетіп отырды. Басты қауіп
шығыстан, Жоңғар хандығынан төнді. Жоңғарлар - тарихта қалмақ немесе
ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. Жоңғарлар чорос, дербент,
хошоут, торғаут сияқты батыс моңғол тайпаларының XVI ғ. II жартысында
құрылған одағы болатын. 1627 жылы ойрат одағы ыдырап, Хо-Ұрлық бастаған
50 мың шаңырақ (250 мың адам) торғауыт тайпалары Солтүстік Қазақстан
арқылы төменгі Еділ бойына қоныс аударып, XVII ғ.30-жылдарында Қалмақ
хандығын құрды. Ал, Оңтүстік пен Батыс Сібірде қалып қойған ойраттар мен
чоростар Ертіс жағалауында 1635 жылы Жоңғар хандығын құрды. Хандықтың
негізін салған Батыр қонтайшы (1635-1653) 1643-1647 жж. қазақтарға қарсы
бірнеше рет басқыншылық жорықтар ұйымдастырды.
(19-слайд) Қазақ хандығын Салқам Жәңгір хан билеген кезде 1643 жылы
Орбұлақ шайқасында жоңғарлар ойсырай жеңілді. Жәңгір сұлтанда небәрі 600
қаруланған атты әскер бар еді. Олардың арасында шапырашты Қарасай, арғын
Ағантай, алшын Жиембет, қаңлы Сарпық, найман Көксерек, дулат Жақсығұл,
суан Елтанды батырлар болды. Жәңгір жоңғарларға қарсы күресте ор қазу
тәсілін қолданып, Батырды көп шығынға ұшыратты. Қазақ әскеріне Бұхара
хандығының ықпалды төресі, әйгілі әмір Жалаңтөс батырдың жасақтары,
қырғыз жасақтары мен батырлары келіп қосылып, Жәңгір бастаған қазақтар
жеңіске жетті. Батыр қонтайшы өлгеннен кейін, билікке талас кезінде Жоңғар
хандығы саяси бірлігінен айырылып қазақ-жоңғар соғыстарында үзіліс болды.
Алайда, билік басына Ғалдан Бошоқты қонтайшының келген соң (1670-1697)
32
жоңғар шапқыншылығы қайтадан жанданды. Ал Жоңғар хандығын Цеван
Рабтан билеген кезде (1697-1727) қанды жорықтар өзінің шарықтау шегіне
жетті.
(20-слайд) Қазақ хандығының тарихында 1652-1680 жж. «Белгісіз
жылдар» кезеңі делінеді. Жәңгір ханның 1652 ж. жоңғарлармен шайқаста қаза
тапқандығы белгілі. Ал Тәуке ханның билікке келген кезін тарихшылар және
академиялық басылымдар 1680 ж. деп көрсетеді. 1652 ж. Жәңгірдің қаза
тапқаны және 1680 ж. бастап оның ұлы Тәукенің хан болғандығы жайлы
айтылады да, екі ортадағы 28 жылғы тарих жабулы күйінде қалады. Мәселе
Тәуке ханға қатысты болғандықтан, осы араны толығырақ қарастыру керек.
Шәкәрімнің еңбегіндегі осыған қатысты материалдардан, біз Жәңгір ханнан
кейін тақ үшін талас-тартыстардың болғандығына көз жеткіземіз. А.Левшин
Тәуке хан туралы: «…Ол өзара қырқыстардан кейін халықты
тыныштандырды, ол тайпалар арасында бірнеше жылдарға созылған
қантөгістерді тоқтатты…»-дейді. Шәкәрімнің де, А.Левшиннің де
материалдарына талдау жасау арқылы Тәуке хан билікке келгенге дейін қазақ
қоғамында тақ үшін кәдімгідей талас-тартыстардың болғандығын, ру-
тайпалар арасында да жанжалдардың өршігендігін көруге болады. А.Левшин
осы талас-тартыстардың ұзақтығын «бірнеше жылдар» деп жазса, біздің
ойымызша ол 28 жылға, яғни Жәңгір хан қаза тапқан 1652 ж. Тәуке хан билікке
келген 1680 ж. дейін созылған. Тек Тәуке ханның билікке келуі мен жүргізген
саясаты ғана ел ішіндегі барлық талас-тартыстар мен қантөгістерді, бітпейтін
дау-жанжалдар мен өзара қырқыстарды тоқтатады. Салыстырмалы түрде
алсақ, Тәуке ханға дейінгі 28 жыл бойғы қантөгіс қырқыстарға қарағанда
Тәуке хан тұсында қалыптасқан бейбіт, тыныш өмір «қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заман» боп саналады.
Енді осы 28 жыл бойғы қырқысу кезеңі қазақ елімен көршілес елдердің
тарихында қалай көрініс береді, неге олардың тарихында осы кезеңдегі қазақ
хандарының есімдері аталмайды десек, 28 жыл аралығында қазақ-орыс,
қазақ-жоңғар, аштарханилар әулетімен қатынастар жөнінде жазба деректерде
мәліметтер жоқ. Біздің ойымызша, 1652-1680 жж. өзара таластар мен
қырқыстардан әбден титықтап шаршаған кейбір сұлтандар, билер мен
батырлар, дін басылары және тағы басқа әлуметтік топтар Тәуке жағында
болып, оны қолдаса да, олар 30 жылдан астам билік құрған Тәукені
1680 жылы ғана хан тағына отырғызады.
(21-слайд) 1680 ж. бастап Жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошақты Орта
Азия мен Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен аймақтарына жорықтар
ұйымдастыра бастайды. Қазақ хандығында қалыптасқан ауыр жағдайды
пайдаланып, 1681 ж. Қалдан қалың қолмен Жетісуға басып кіреді. Шу, Талас
арқылы Арысқа жеткен жоңғарлар қазақ жасақтарын жеңіліске ұшыратып,
Сайрам қамалын қоршады. Бірақ, Сайрам қамалы берілмейді. Жоңғар әскері
қысқа қарай кері шегініп, Іленің жағасына кетіп, күш жинады. 1682-83 жж.
соғыс Сайрамның түбінде жүрді. Екі жақ бір-біріне алдырмады. Ақыры, 1684
жылы жазда Қалданның інісі Севан Рабдан Сайрамды басып алды. Жоңғарлар
мыңдаған тұтқындарды, қисапсыз олжаны қолға түсірді. Сайрам
33
шайқасынан кейін Жетісу өлкесі жоңғарлардың билігіне көшті.
(22-слайд) Қиын кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Ресей және
оңтүстіктегі көрші елдермен қарым-қатынасын түзей отырып, қазақ
қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, ұсақ хандықтардың
уақытша болса да ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен
батыл күресуге болмайтынын жақсы түсінді. Хандық билігін күшейтуге
бағытталған ірі-ірі өзгерістерді феодалдық билер мен шонжарларға,
батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты
орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі
бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды,
мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар
арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
би, т.б. билер алдында шешілді. Тәуке биліктің ең маңызды көш-қонысты
белгілеп бөліп беру, алым-салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлерін
өз қолына алды. Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты.
Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін
халық көкейіндегі көкейтесті мәселелерді: көш-қоныс, ел тыныштығы, сыртқы
жаудан қорғану, т.б. талқылады. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына
айналып, зор саяси маңызға ие болды.
(23-слайд) XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы
саяси жағдайы өте шиелінісе түсті. Қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі
ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің
ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады. Тәуке хан билік құрған
кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы», сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже»
деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-
феодалдық құқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген.
Тарихи деректер мен аңыздарда, оны жасаушы Тәуке хан, ол Күлтөбе деген
жерде үш жүздің билерінің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім
ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген
дейді. «Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы тиянақты пікір айту қиын,
кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді
біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. «Жеті
жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ
салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, қазақ қоғамы өмірінің
барлық жағы түгел қамтылған. Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен
тұрады: біріншісі, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым
ханның қасқа жолына», екіншісі, одан соңғы өзгерістер, «Есім ханның ескі
жолына» негізделсе, үшіншісі, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай
енгізілген жаңалықтар. «Жеті жарғы» жеті заңнан құралды: 1.Жер дауы заңы
2.Отбасы-неке заңы 3.Әскери заң 4.Сот заңы 5.Қылмысты істер заңы 6. Құн
заңы 7. Жесір дауы заңы «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен
заңдары осындай.
(24-слайд) Тәуке хан, билігі күшейген кезден бастап көрші елдермен
бейбіт байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас та орната білді.
Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін
34
қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат
жүргізді. Ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құрды. Бұл
шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының
шабуыл
жасауынан
төнген
қатерді
тоқтатудың
сәті
түсті.
Тәуке хан көрші халықтармен жақсы қарым-қатынас орнату және қазақ жерін
сыртқы жаулардан қорғау мақсатында Ресейге және Орта Азия хандықтарына
бірнеше рет елшілер жібергені мәлім. XVII ғ. соңы-XVIII ғ.басында қазақтар
Ташкент қаласының ішкі билігіне көп араласпай, тек жергілікті халықтан
салық жинаумен ғана шектеліп отырған. Орта Азия және Қазақ хандығының
қарым-қатынастарында негізгі саяси мәселерден гөрі экономикалық талаптар
басым болды. Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю
мақсатында Жоңғар ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы
елшілер жіберіп тұрды. 1703 жылы 25 сәуірде Цебан-Рабданның Текестегі
ордасына қазақ елшілігі келгендігін сол кезде Жоңғар еліндегі орыс
мемлекетінің елшісі П.Гордеевке тілмашы хабарлады. Елшілік қандай
нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер ешқандай құжаттарда
кездеспейді. Бірақ, осыдан кейін екі ел арасында ірі қақтығыстар бола қойған
жоқ. Иран мемлекетінің Мәжілісі кітапханасынан табылған деректерде
Жиһангерұлы (Жәңгір хан) Тәуке сұлтанның атынан келіссөзге барған
Бақыбек батырдың аты аталады. 1661 жылы ІІ-Аббастың Бақыбекті
қабылдағаны, оның қолынан «ихлас-наме» (сенім грамотасын) алғаны
айтылады. Бұл Тәуке хан тағына отырмаған кезең. Қалмақ қолынан қайтыс
болып, құнына үш қыз алынған Қабай Аталықұлы Бақыбек батыр алғашқы
қазақ елшілерінің бірі, ірі мемлекет қайраткері. XVII ғ.соңы -XVIII ғ.алғашқы
ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясатында салыстырмалы болса да,
тұрақтылық орныққан болатын. Бұхар, Хиуа, Ресей, Жоңғар, Қытай сияқты ірі
елдермен көршілес жатқан халықтың саяси-географялық орналасуының өзі
оның билеушілерінен әрқашан ұстамдылық және бірлікті танытуға талап етті.
Әрине, Тәукенің тұсында сыртқы саяси жағдай жоғары дәрежеде болды деп
біржақтылық таныту дұрыс емес. Өйткені қазақ-хандығындағы биліктің
толығымен орталықтанбауы, ондағы жеке сұлтан,би батырлардың сыртқы
саяси мәселерді шешуге іс-әрекеттерді, кері әсерін тигізді. (25-слайд)
(28-слайд) Тарихқа көз жүгіртсек үш мың жылдық тарихы бар Қазақ
елінің тарихында жиырмадан аса мемлекеттер мен мемлекеттік құрылымдар
болған екен. Олардың алғашқылары Скиф, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы
мемлекеттері болса, одан кейін Түрік, Батыс Түрік қағанаттары, Түргеш,
Қарлұқ, Қарахандар, Қидан мемлекеттері, Қимақ, Оғыз, Қыпшақ хандықтары
болып жалғасады. Одан әрі XIII ғ. басынан XV ғасырдың ортасына дейінгі
Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы атты
мемлекеттер тарих еншісінде қалды. ХV ғ. ортасы Моғолстан, Әбілқайыр
хандығы т.б. мемлекеттердің дипломотиялық байланысы шиеленісіп тұрды.
Дәл осы уақытта Әбілқайыр хандығына сыйыса алмаған Керей мен Жәнібек
сұлтандар қазақ халқының этникасын құрайтын көптеген ру-тайпаларды алып
шығып, Шудың бойына Қазақ хандығының туын тікті.
35
4.(29-слайд) XIV ғасырдың басында моңғол басқыншылығынан кейінгі
Қазақ жерінде құрылған мемлекеттер жергілікті этникалық негізде құрылды.
Бұл мемлекеттер көшпелі халықтар мен отырықшы жұрттың арасындағы
экономикалық байланыстарды қайта жаңғыртуға мүдделі болды. Сол себепті
Сығанақ, Сауран, Түркістан сияқты қалалар қайта жаңғырып, құмыра жасау,
кірпіш күйдіру, мыс, қола құю, зергерлік, шыны жасау, сүйек өңдеу, тас кесу,
тоқымашылық, кілем тоқу, қолөнері өркендеді. XV ғасырдың ортасында Орта
Азияда сауда жолдары қайта қалпына келіп, тауар-ақша қатынастары дамыды.
(30-слайд) Бұл кезеңнің сәулет өнерінің ескерткіштерінің қатарына Орталық
Қазақстандағы Жошы хан мен Алаша хан кесенелері (XIV-XV ғғ.), Тараздағы
Дәуітбек кесенесі (XIV ғ.), Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи (XIV-XV ғғ.)
кесенесі, Сығанақтағы Кек-Кесене, Отырардың мұнаралы мешіті мен
моншасы (XIV-XV ғғ.) кіреді. (31-слайд) XIV-XV ғасырларда сан салалы
халық ауыз әдебиеті ерекше өркен жайды. «Ер Төстік», «Аяз би» сияқты
батырлық ертегілер халық арасына кең тарады. Алпамыс, Қобыланды, Ер
Сайын, Қозы Көрпеш-Баян сұлу туралы аңыздар тұтас эпикалық жыр ретінде
жинақталды. Қотан (XIV ғ.), Сыпыра (XIV-XV ғғ.) жыраулардың аттары
көпшілікке мәлім болды. (32-слайд) Ғылыми оқулық әрі көркем әдебиет үлгісі
ретінде «Кодекс Куманикус», жазба әдеби ескерткіштері қатарына «Оғыз-
наме», Хорезмидің «Махаббат-наме», Құтыбтың «Хұсрау-Шырын» сияқты
туындылары жатады. (33-слайд) Музыка өнеріндегі тарихи, батырлық және
махаббат тақырыптарына арналған: «Ескендір», «Қамбар батыр»,
«Қобыланды батыр», «ІІІора батыр», сондай-ақ «Жошы ханның жортуылы»,
«Ақсақ құлан», «әмір Ақсақ» және т.б. күйлер бүгінгі күнге мұра болып
жеткен. Моңғол үстемдігі дәуірінен кейін XV ғасырға қарай ислам ілімі
қоғамдағы саяси элитаның арасында басымдылыққа ие болды. Бұл Алтын
Ордада исламның дамуына барынша қолдау керсеткен Берке хан мен Өзбек
хандардың саясатымен тығыз байланысты еді. Дегенмен XIV-XV ғғ. исламмен
қатар Қазақ жерін мекендеген халықтар арасында исламға дейінгі наным-
сенім де маңызды
рөл атқарды.
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры-шешендік өнер.
Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер-ғасырлар бойы халық
сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Қазақтың шешендік сөз
тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен,
Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты қалыптасып, өркендей түсті.
Шалгиіз, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты
Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген
кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай
басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес
жылдары еді. В.В.Радлов (XIX ғ.) «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше
екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп
отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық,
бейне бір өлең екен деп таң қаласың», – дейді.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса
36
да, тіл кеспек жоқ", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді
айтушыға да, тыңдаушыға да биік талап қойған. Шешеннің құралы – сөз. Сөз
туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ.
Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор
етпе, ақылдыға айт – деп толғайды.
Қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы
қазақ халқының рухани өмірінде
әлі де зор рөл атқарып келеді. Қазақ жеріне исламның келуімен байланысты
ислам мәдениетінің элементтері де бой көрсетті.
Біз қарастырып отырған ғасырларда қазақ фольклоры тарихи-батырлық
мазмұндағы жаңа туындылармен байыды. Отанның тәуелсіздігі жолындағы
күресте өзін ерекше көрсеткен тарихи тұлғалар туралы хикаялар мен аңыздар
дамыды. Ертегілер (қиял-ғажайып, батырлық, жануарлар туралы) классикалық
түр алып, олардың жаңа түрлері пайда болды.
Есім, Тәуке, Тұрсын, Абылай хандар туралы, Төле, Қазыбек, Әйтеке,
Сырым билер туралы, Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай батырлар туралы тарихи
аңыздар мен жырлар көп мөлшерде пайда болды. Бұлардың барлығы халықты
Отан қорғауға ұйымдастыру қажеттілігінен туындағаны түсінікті.
Халық ауыз әдебиетіндегі жоқтау, естірту, өсиет, қоштасу, беташар, жар-
жар, сыңсу т.б. көптеген шаралардың әрқайсысының бүгінгі күнге дейін
атқарар рөлі бар екені белгілі.
ХVI-XVII ғасырларда да осының алдындағы кезеңдер сияқты Қазақстанның
оңтүстік аудандары қазақ халқының тарихи дамуының аса маңызды өңірі
болды. Бұл аймақта Созақ, Сығанақ, Сауран, Үзкент, Ясы-Түркістан қалалары
болды. Қазақ хандығының нығаюы, қазақ халқының экономикалық және
мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты болды.
Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы-егіншілік мәдениет
қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден-бір ауданында сақталып
қалды.
Қала білімнің, ғылымның, мәдениет пен өркениеттің орталығы болғаны
белгілі. Қалаларда білім ошақтары, сауда орындары үздіксіз бір қалыпты
жұмыс істеп тұрған. Сонымен қатар Шығыс Дешті Қыпшақ (Қаратаудан
Сырдарияның төменгі ағысы мен Аралдан солтүстікке қарай көсіліп жатқан
далалық кеңістік) аймағында Сайрам, Аркөк, Аққорған қалалары болды.
Қазақстанның далалық аймақтарындағы мал шаруашылығымен айналысатын
көшпелілер қалаларға малын және мал өнімдерін әкелетін, ал білім
ошақтарында мүмкіндігінше балаларын оқытатын.
Біз қарастырып отырған ғасырларда қалалардың көпшілігі дуал-
қорғандармен қоршалған, бірнеше қақпалар орнатылған. Сауда керуендері
осы қақпалар арқылы қалаға кіретін болған. Қалаларға кіріп-шығатын құпия
жер асты жолдары болғандығы да белгілі. Қазақ жерінің түрлі
аймақтарындағы қалалардың құрылымы әртүрлі.
ХVI ғасырдың аяғына дейін Ясы деп аталып, сосын Түркістан аталған
қалада теңгелер соғу қайта жаңғыртылып, теңге сарайлары жұмыс істеп тұрды
және осы кезден бастап Түркістан Қазақ мемлекетінің астанасы болды, бұл
белгілі қала атауы, сондай-ақ белгілі аймақ атауы екені де белгілі. Сонымен
37
қатар Түркістан қаласы бүкіл жапсарлас жатқан дала үшін ең басты діни
орталық еді.
Отырар Оңтүстік Қазақстан жерінің ірі сауда-қолөнер орталығы болып
қалыптасты. Замандастары Отырардың басымдық жағдайын жақсы түсінді.
Отырарды иелену бүкіл аймаққа билік жүргізуді қамтамасыз етті. Сауран
қорғаныс құрылыстарының тұтас жүйесімен белгілі болды. Қалада XVI
ғасырда «аса көрнекті сәулет құрылысы»-медресе, сондай-ақ ерекше
суландыру құрылыстары-кәріздер салынған.
Ірілі-ұсақты
қалаларда
халықтың
шаруашылық
өмірінде
ауыл
шаруашылығы еңбегімен айналысу зор рөл атқарды. Қалалар жартылай
аграрлық сипатта болды. Қала тұрғындарының өңдейтін жерлері, суарылатын
учаскелері қала сыртында, оның төңірегінде және жапсарлас жатқан өңірде
болған.
Қазақ тарихында аз болса да жазбаша тарих бар, соның бірі «Тарих-и
Рашиди». XVI ғасырдағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед
Хайдар Дұғлаттың «Тарих-и Рашиди» шығармасы XIV-XVI ғасырлардың
басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі
мемлекеттердің бірі Моғолстан тарихына арналған. Бұл еңбек-Қазақ
хандығының тарихын зерттеу үшін аса маңызды бастапқы деректеме. Онда
тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен,
дәйекті түрде баяндалған.
Мырза Мұхаммед Хайдар жақсы білім алған, өз дәуірінің саяси оқиғалары
мен қайраткерлерінен хабардар болды. Ол түркі тілінде әдеби шығармалар
жазғанымен, мұсылман тарихнамасына «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы
ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жылдары Кашмирде ортаазиялық парсы
тілінде жазылған, екі бөлімнен тұрады.
Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырәлі бек (Қадырғали, 1530-1605
жж.) «Жами ат-таварих» («Жылнамалар жинағы») деген тұңғыш тарихи
еңбекті жазды. Бұл шығарма ауызша тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің
тарихи жинағы (XIV ғ.) негізінде жазылған. 1602 жылы Қадырғали өз
туындысын Ресейдің Касимов қаласында жазды. Кітаптың қазақ хандары
тарихын айқындайтын өте құнды маңызы бар.
Қорытындылай келе жалпы Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі
аралығындағы мәдениеті туралы ұзақ айтуға болады, рас, қазақ ұлты көршілер
тарапынан көп шапқыншылықтар, күш көрсету көрді, бірақ біз бір нәрсені-
халықтың өзінде де көп кемшіліктер болғанын мойындауымыз керек.
Көршілер отырықшы өмірге көшіп, темірден от қаруларын жасап жатқанда
қазақ та отырықшы өмірге көшіп, қалалар салып, өркениет көшінен қалмауы
керек еді. Бұл, бүгінгі белгілі қоғам қайраткерлері тарапынан айтылып
отырған бір пікір.
Екінші жағынан көшпелілер өр рухты, асқақ арманды болғандықтан
ештеңеден тайсалмастан осындай ұлан-ғайыр аймақты игеріп, иелене алды ма
деген де ой келеді.
|