64
Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, және басқалар бар. Медресенің
тәрбиеленушілері озық демократиялық идеялардың ықпалына түсіп, ескі
оқыту әдістеріне, артта қалушылық пен надандыққа карсы шықты.
Шәкірттер
арасында ұлтты түлету, өз елінің тарихын, әдебиеті мен тілін оқып-үйрену,
зерттеу идеялары кең таралды. «Ғалия» медресесінің шәкірттері жастарды
әдебиетке тарту мақсатымен 1916 ж. қолжазба «Садақ» журналын шығарып
тұрды.
«Хусаиния» медресесінің шәкірттері «Қазақ тілін үйрену жөніндегі
қоғам» құрды, оның мақсаты қазақ әдебиеті мұраларын басып шығару, қазақ
тілінде мектептерге арналған оқулықтар мен
кітаптар құрастыру, болашақта
қазақ тілінде газеттер шығаруға жәрдемдесу болатын. Патша өкіметі қазақ
халқы арасында оқу-ағарту iciн бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және
арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал
орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге мүдделі болмады.
Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді қазақтардын толық және
жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс
басқарушылары жанында тілмаш,
сұлтандардың ic жүргізушілері және т.б. болып жұмыс істеуге жарарлықтай
аздаған білім беру үшін ғана ашты.Бұратаналардың балалары кipe алатын
алғашқы орта оқу орны Орынбор кадет корпусы деп аталды. 1825-1866 ж.ж.
Орынбор кадет корпу- сын 35 қазақ бітірді. Оның алғашқы түлектері-сұлтан
М. Тәукин, С. Жантөрин, Ш. Уәлиханов М.-С. Бабажанов болды. Қазақтар
окыған оқу орындарының
бipi Орынбор гимназиясы болды, 1868-1892 ж.ж.
гимназияда 52 қазақ оқыды.
Осы кезеңде жоғары медициналық білімі бар алғашқы қазақ дәрігерлері
шықты. Олар Қазан, Саратов, Томск, Мәскеу университеттерінде, сондай-ақ
С.-Петербургтің әскери-медицина академиясы мен университетінде білім
алды. Ә. Бөкейханов С.-Петербург Императорлық орман институтын 1894 ж.
үздік бітіріп шықты. Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев, С. Лапин, М. Шоқаевтар С.-
Петербург университетінің заң факультетін бітірді,
Достарыңызбен бөлісу: