тың түсінуінше заттардың арасындағы қатынастар мен адам ойлары-
ның арасындағы қатынастар соншалықты бірдей, үқсас. Бірақ зат-
тардың арасындағы шексіз алуан түрлі байланыстарды тап сондай
етіп корсету үшін адам миында да соншалықты шексіз физиология-
лык қүрылымдар болуы тиіс, ал ол мүмкін емес. Олай болса, заттар
дүниесіндегі тортіптермен ойлар дүниесіндегі тәртіптердің бірдейлігін
біз тек Жаратушының қүдіретімен ғана түсіндіре аламыз дейді, - Де
карт. Яғни Декарт екі түрлі субстанцияны мойындайды: материя және
ойлау. Олар бір бірінен туындамайды. Екеуі де дербес. Сонда да бол
са бір біріне сай. Оларды бір біріне сәйкес ететін қүдай.
Спиноза екі субстанцияның бола алмайтындығын дәлелдеуге ты
рысты. Субстанция біреу-ақ, оның одан ажырамайтын екі жағы бар:
көлемділік немесе кеңістік жэне ойлау. Түтас бір субстанция осы екі
жақта көрінеді. Ол бірде көлемділікге көрінсе, бірде ойлауда көрінеді,
немесе екеуінде де көріне алады. Олар субстанцияның жоғалмайтын
касиеттері, не мәндері. Бүдан баска субстанцияда шексіз түрлі қалып-
тар бар, оларды ол модустар деп атады.
“Этика...” деп аталатын негізгі еңбегінде Б.Спиноза субстан-
цияға мынандай анықтама береді: “Субстанция деп мен баска бір
нәрсе арқьілы емес, тек өзі аркылы өмір сүретін және өзін өзінде
айқындайтын нәрсені айтамын, яғни ол туралы түсінік басқа нәрсе
туралы түсінікті кажет етпейді”32. Осынд^й өмір сүруі үшін өзінен
басқа ешнәрсені қажет етпейтін, болуы үшін өзі өзіне жеткілікті нәр-
се деп Спиноза табигатты атайды. Ойлау кеңістікпен катар табигатта
жоғалмайтын оның мәңгі қасиеті. Қүдай Спинозаның айтуынша та-
биғаттың басқаша атауы. Сонымен табиғат, немесе күдай мәңгі
олмейтін субстанция, адам соның бір бөлігі.
Классикалык неміс философиясында субстанция іс-әрекеттік си-
патқа ие болды. Оның негізін салган И.Кант категорияларды ойлау-
дың формалары деп соның өз шеңберінде гана қарагандықтан және
соның өзіне гана тон формалар деп білгендіктен нәрселердегі түрақты,
ошпейтін мазмүн немесе сезімдік қабылдаулардың түтас бірлігі - ол
субстанция деп біледі. Ягни, ол қабылдаудың түракты формалары, тек
солар гана біз білетін ойлаудың объектілері. Біздің дүниені сезінуімізде
өшпейтін бір түрақты мазмүн болмаса, одна ойлау да, гылыми таным
да мүмкін емес. Олар сонымен қатар білімге кажеттілік сипат береді,
объект жөнінде жинақталган тәжірибеміздің ішкі бірлігін сақтайды,
себебі, ол солардың бәрінің бір нәрсе жонінде екендігінің кепілі.
Гегель түңғыш рет субстанцияны оныц тарихи дамуында алып
қарауга тырысты. Дамудагы субстанция барлық озгерістерде де жогал-
32
Достарыңызбен бөлісу: