Бірақ бұл объектіні адамнан тыс күштер деген үғым туғызады.
Ал адамның қызметі табиғатынан рефлексиялық қатынас. Оның мәні
неде? Адамның қызметі сыртқы дүниені игеруге бағытталғандығы
оның тек бір жағы. Оның екінші жағы өзінен тыс күштерді игеру
арқылы өзін, өз мазмүнын, мәнін, табигатын, қабілеттерін қалпына
келтіру, жасау, шындау әрі дамыту. Яғни сыртқы дүниемен өзара
ықпалында адам қызметі түбінде бәрі бір өзіне бағышталған. Ол
сыртқы дүние арқылы өзіне, өзі арқылы сыртқы дүниеге катынас
жасайды. Ең алдымен оның басқа адамдармен байланысы осындай.
Сондықтан да объект субъектіге тыс емес, оның өзінің екінші бір
кезеңі. Яғни адамның озі барлық процесті игеретін иесі ретінде бол
са, соның негізгі өзгертуге тиіс ретінде объект. Барлық процестің
түпқазығы адамның өзін өзі өзгертуі, жасауы болатын болса, онда
оның өзі өзіне бір жағынан объект болғаны. Объектіні сондыктанда
субъектінің бір өткінші кезеңі деп қараған дүрыс сияқты.
Адам, әрине, көп процестерді, соның ішінде тіпті өз бойындағы
процестердің де, бәрін бірдей игеріп реттей алмайды. Адам оз тәніндегі,
мысалы, физиологиялық процестерді де солай толык игерген емес,
олар оның реттеуімен жүрмейді. Яғни өзінен тыс және бойындағы
коптеген табиғи нәрселердің адам субъектісі емес. Әлеуметтік дүни-
еде де, ягни өзі жасайтын дүниеде коптеген оның нәтижелері мен
сипаттары оның ырқына тәуелсіз. Ол жонінде бүрын айтқанбыз. Сон-
дықтан адам тек оз ырқының ықпалындагы процестерге гана субъ
ект.
Достарыңызбен бөлісу: