бауырларымызға айналды.
Қазір біз
көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз .
Жаһандану дәуірі –
көпұлтты мемлекеттер дәуірі.
Бұл –
әлемдік үрдіс.
Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері
бірге үлес қосты. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ.
Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату
-
тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру –
барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.
Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды,
өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз
ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз.
Тіл туралы
жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін
басты фактор болуға тиіс.
Біз алдағы уақытта да
мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды
табандылықпен жалғастыра береміз.
Кез келген тіл өзге тілмен қарым
-
қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн.
Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін
латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология
дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік
ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен
ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек.
Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай,
бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет
-
ретімен,
кезең
-
кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек.
Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратын
барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт -