ӨЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІ ҚАЗАҚ,
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
Дуйсекова К.К.,
ф.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті,
Астана, Қазақстан
Танеш Б.,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті,
шетел филологиясы кафедрасы магистранты,
Астана, Қазақстан
Тірек сөздер:
табу, эвфемизм, өлім, тыйым сөздер, этнолингвистика, тіл білімі.
Аңдатпа.
Бұл мақалада тіл мәдениетінің маңызды мәселелерінің бірі өлімге
байланысты табу мен эвфемизмдерді зерттеу мүмкіндіктері қарастырылады. Қазақ,
ағылшын және қытай тілдері негізінде салғастырмалы сипатталып, олардың өзара
ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындау жолдары сөз болады.
Аталмыш мақаланың басты мақсаты: Өлімге байланысты
табу мен эвфемизмдерді қазақ, ағылшын және қытай тілдері
негізінде салғастырмалы сипаттау жолдарын қарастыру. Кез
келген тілдің қолданылу мүмкіншілігі кең де, ал оның байлығы
сөз мағынасынан, қолданысынан айқын көрінеді. Табуды зерттеу
тіл білімі, тарих, этимология, этнолингвистика, этнография үшін
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұның өзі осы
мәселенің қажеттілігін және көкейкестілігін айқындаса керек.
Қазақ тіл білімінде табу мен эвфемистік құбылыстарға жеке
жеке түсінік беріліп, оларды зерттеуге арналған біршама еңбектер
бар. Осы ретте Ә. Хасенов[1], Ә. Болғанбаев, Ғ Қалиев [2],
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 186 - 198
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
187
Ә. Ахметов [3], Б. Сағындықұлы [4] т.б. ғалымдарымыздың пікір
тұжырымдары мен еңбектерін атауға болады.
Табудың шығуын, таралуын және түрлерін этнографиялық
тұрғыдан бүкіл әлемдік деңгейде зерттеушілердің бірі ̶ ағылшындардың
Эдуард Тэйлор бастаған антропологиялық мектебінің ірі өкілі
Джеймс Фрэзер болатын. Ғалымның он екі кітаптан түратын “The
Golden Bough” атты ірі ғылыми еңбегінің екінші томы дүниежүзі
халыктарының мәдениетіндегі жалпы табу мәселесіне арналған [5].
Сонымен қатар Зигмунд Фрейд, Р.Смит, Ф.Стайнер т.б. ғалымдардың
еңбектерін де атап кетуімізге болады [6].
Қытай тілінде табу мен эвфемизмдерді әлемдік деңгейде
зерттеген
康家龙
[7],
李悦娥
[8],
胡文仲
[9],
张莹
[10],
彭增安
[11]
т.б. ғалымдардың еңбектерін атап кетуімізге болады.
Жалпы тіл білімінде түркі тілдеріндегі эвфемизм мен табуды
соның ішінде қазақ тіліндегі эвфемия құбылысын ғалым Ә.
Ахметов алғаш ғылыми зерттеудің нысанына алып жанжақты
қарастырған. Ғалым табу мен эвфемизмді этнографиялық лексикаға
жатқызады: “Кез келген этнографиялық лексиканың сыртында
белгілі бір этнографиялық ұғымдардың тұратыны сияқты табу мен
эвфемизмнің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын
этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дәстүрлі нанымсенімдер,
мифтер, әдетғұрыптар, салтдәстүрлер, қоғамда қалыптасқан тіл
мәдениетімен байланысты этикалық нормалар тұрады” [3, 176 б.].
Қойылған мақсатты шешу барысында келесі мәселелерге
тоқталуды жөн деи таптық:
а) Өлімге байланысты табу мен эвфемизмдердің қазақ,
ағылшын және қытай тілдеріндегі жалпы көрінісі;
б) Туыстығы алшақ үш тілдегі өлімге байланысты табу мен
эвфемизмдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын зерттеу
мүмкіндіктері мен жолдары.
Табу — әлем халықтарының тілдерінде ежелден өмір сүріп
келе жатқан мәдени құбылыс ретінде адамдардың өзара тілдесуін,
пікір алысуы мен әлеуметтік қарымқатынасын реттеп отырады.
Сөздерге салынатын тыйымның діни нанымсенімдер мен әдет
ғұрыптардан бaсқa дa әлеуметтік себептерінің бaр екені бұдaн
бұрын дa aтaп өтілген. Адам баласы үшін табиғи құбылыстардың
ішіндегі ең қорқыныштысы да, сескендіретін суығы даөлім.
Сондықтан кез келген халықтың тілінде “өлім”, “өлді” деген
сөздердің орнына сол ұғымдарды білдіретін, бірақ алдыңғылардан
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 186 - 198
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
188
әлдеқайда тігісі жатық эвфемистік синонимдер қолданылады.
Қазақ, ағылшын және қытай халықтарының тілдеріндегі өлімге
байланысты тыйым сөздердің де өздеріне тән ортақ белгілері мен
ерекшеліктері бар.
Қазақ тілінде де “өлу” деген ұғымды қаза тапты, ұша барды,
келмеске кетті, түйе қарап кетті, дүниеден озды, опат болды,
мәңгілікке көз жұмды, дүние салды, қайтпас сапарға кету, үзілу,
қайту, кету, шетін болу, көз жазып қалу, айырылу, адасу, беру,
мәңгі үйқыға кету, аттану, дүние салу, дүниеден көшу, демі тоқтау,
жан тәсілім қылут.б. сияқты астарлы мағыналы эвфемизмдер
алмастырып отырады.
“Тіл сүйексіз, ой түпсіз” демекші, мұндай эвфемизмдерді
жасауға кез келген зиялы, шешен адамның да, тілдің де
мүмкіншіліктері үшантеңіз. Осының айқын дәлелі ретінде
ұлы жазушы Мүхтар Әуезовтың ұлы Абайды өлді деуге қимай:
Достарыңызбен бөлісу: |