“Ажал жетпей жан шықпас” (Бүқар би),
“Ажал жетпей өлмек жоқ” дейді.
Ажал мен өлім
–
адамның фәни дүниедегі тіршілігінің соңы,
адамзатының өмір сүру кеңістігі уақытының шегін белгілейтін
діни философиялық категориялар. Мысалы, Жиреңше шешен:
”
Ажал деген - атқан оқ, бір алланың қақпаны” , десе, Төле би:
“
Бес күн жалған өтеді, ажал қуып жеткен соң ”
–
деп, ал Бөлтірік
шешен: “
Ажалдың сокса дауылы, өмірдің шамы сөнбей ме?” –
дей
келіп, ең алдымен, ажалдың өзінің адамға Жаратушыдан келетін
трансцендентті құбылыс екендігін мойындау сәтіне куә боламыз.
Екіншіден, ажал да өлім сияқты адамның бұл дүниедегі
тіршілігінің тоқтауынбелгілеу сәті болатындығын көрсетеді.
Бұған “
Нәубетімен дөңгелер ажалдың жеккен арбасы. ...Өлшеп берген демің бар, бірте- бірте бітеді. Аты жүйрік ажалдың, аяндап-ақ жетеді ” (Досбол би),
“Тағдырдан ажал тура келсе, кетерсің түйең түгіл өзің мүлдем ” (Малтақан би),
–
деп келетін
тұстар дәлел. Балпық бидің:
“Ажалың жетсе, алдында түрған ормен тең” –
деген шешендік тұжырымы осындай ұстанымдардан
кейін туындаған болар [15б 120 б.].
Сонымен бірге
өлік, мола, кор, кому, бейіт, сүйек, дене, жерлеу, зират, қабір сияқты сөздер де осы семантикалық өріске жатады.
Бүл сөздердің бояулары мен адамға етер әсері бірдей емес. Әсіресе
алдыңғы төрт сөздің мағыналары өте суық. Сондықтан да олардан
гөрі тігісі біршама жатықтау
дене, сүйек, зират, қабір, жерлеу, қою сиякты эвфемистік баламалар жиірек қолданылады. Ал кейде
мола, көр деген суық сөздердің орнын
орын, жай деген эвфемизмдер
басып отырады. Түрікменстан қазақтарының тілінде
бейіт, мола деген сөздердің орнын ертеректе діни нанымдардың негізінде
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 186 - 198
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
191
калыптасқан
әулие деген эвфемистік синоним алмастырғаны
байқалады[16, 127 б.].
Кісінің қайтыс болуымен байланысты табу мен эвфемизмдер
басқа халықтар сияқты ағылшын халықтарының да тілдерінен
кездеседі. Американдықтар да “died” (“өлді”) деген ауыр сөздің
орнына ағылшын тіліндегі сол ұғымды білдіретін жүз елуге тарта
метафоралық әрі эвфемистік баламалардың бірін қолданады [3, 270
б.]. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірнеше мысал келтірейік:
Releаsed from the burden of the weаry world (жалықтыратын жалғанның
ауыртпашылығынан босады),
the cord is broken (жібі үзілді),
the lаmp of life flickered out (өмір шамы өшіп қалды),
breаthed his lаst (соңғы демін алды
joined to his fаthers (бабаларына қосылды),
he hаs left а vаcаnt chаir (орындығын бос қалдырды),
his clock hаs run down (сағаты тоқтады),
climbed the golden stаir (алтын баспалдаққа
көтерілді),
hаs pаid the lаst debt (соңғы борышын өтеді),
his light is put out (жарығы сөнді),
lаunched into eternity (мәңгілікке аттанды),
gone to enduring sleep (мәңгі ұйқыға кетті),
gone to his lаst sleep (соңғы ұйқыға кетті),
gone through the Blаck Door (қара есіктен
өтіп кетті),
gone to the lаnd of Heаrt’s Desire (жүрегі қалаған жерге
кетті),