Филологические науки



Pdf көрінісі
бет112/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160
Байланысты:
10-9-PB

“саусақ бүгу” 
 
дейтін синтагма өзінің құрамы жағынан да, 
беретін мағынасы жағынан да әлемнің көптеген тілдерімен ұқсас келуі 
мүмкін. Алайда әр елдегі тіл мен мәдениеттің өзіндік ерекшеліктеріне 
қарай, қандай да бір нақты лингвокультуреманың сол елдегі нақты 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 199 - 209


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
205
беретін мағынасына қарай өзіндік айырмашылығы бар мазмұнмен 
толыға отырып, әр елде әртүрлі интерпретациялануы мүмкін. Жоғарыда 
ұсынылған мысалды қазақ тілінде 
“саусақ бүгу” 
десек, орыс тілінде 

загибая пальцы
”, дейді. Ал француз тілінде 
“compter sur ses boigts” 
дейді екен, орыс тіліне аударғандағы мағынасы 
“разгибая пальцы

екен. Бұл – тілдік бірліктер тұрғысынан қарастырғандағы (сөз саны, 
сөз құрамы) көрсеткіш. Ал ішкі мағынасы тұрғысынан келгенде орыс 
тіліндегі 
“загибая пальцы”,
“отгибая пальцы” 
және 
“разгибая пальцы” 
үш түрлі мағына береді. Бұл – тіркестерді орыс тілінің өз заңдылығына, 
ішкі иірімдеріне қарай қалай интерпретациялайтыны – өзінше мәселе. 
Ал қазақ тілінде 
“саусақ бүгу
” лингвокультуремасын былайша 
талдауға болады: 
Әуелі тура мағынасы 
– 
кәдімгі саусағымызды ішіне 
қарай бүгіп санайтынымыз, санауға қатысты. Екіншісі 
– 
ауыспалы 
мағынасы. Мысалы. “Оған сенуге болмайды. Себебі бір саусағы бүгулі 
адам” 
 
деген мысалды алайық. Мағынасын интерпретациялайтын 
болсақ, “шынын айтпайтын, ешкімге ашылмайтын адам және 
жай ғана тұйық емес, ішкі ойы таза емес, біреуге зиянын тигізіп 
жүретін адам” 
 
дегенге саяды. 
Бұдан шығатын қорытынды – 
лингвомәдениеттанулық құзыреттілік – екі жағы бар жүйе ғана емес, 
екі жағы бірге әрекет ететін, бірге түсінілетін, тілдік маңызы мен 
мәдени мағынасы қатар, бірге ұғынылатын функциональдық модель 
немесе синтагма. Бұл дегеніміз лингвокультуремалардағы белгілер 
жүйесі мәтіндерде үлгі түрінде ұсынылған мәдениетке қатысты нақты 
білім жүйесін ашып көрсетуі тиіс дегенге саяды. Мұндай білімде 
әлемнің тілдік бейнесі әлемнің лингвомәдениеттанулық бейнесіне 
дейін тереңдей алады. Яғни, лингвомәдениеттанулық құзыреттілік те 
осы жолмен қалыптасуға мүмкіндік алады. 
Лингвомәдениеттанулық әлем бейнесін ғалымдар лингвистикалық 
және мәдениеттанулық құзыреттіліктердің жиынтығы деп қарасты­
рады. Тілдік және лингвомәдениеттанулық әлем бейнесі тіл мен 
ойлаудың диалектикалық байланысына иек арта отырып, өзара 
ықпалдастықта өмір сүреді. Алайда олардың бір­бірінен айырмашылығы 
да, өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Лигвомәдениеттанулық 
құзыреттілік тілдің сыртқы формасын алғанымен, мағынасы жағынан 
өте терең. Ол ̶ белгілі бір ұлт тілінде жинақталған мәдениет туралы 
білімдер жүйесі. Сондықтан тілдік білім мен әртүрлі айтылыстар 
тілдің сыртындағы мағынасының ашылуын талап етеді. Мұны В.В. 
Воробьев: “Лингвокультурологическая компетенция, детермированная 
миром культуры и оформленная языковым полем, может быть 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 199 - 209


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
206
представлена как действующая функциональная модель”, – десе [7, 
92­б.], У. Эко: “Лингвокультурологическая компетенция культурой как 
коммуникацией”, – дейді [8, 29 б.]. 
Демек, лингвокультурема өз бойына тілдік те мәдениеттанулық 
та мағынаны жинақтаған бірлік деуге болады. Оған жасалатын 
лингвистикалық талдау толық болуы үшін талдау танымдық 
мәселелерді де қамтуы тиіс. Танымдық талдауда лингвокультуреманы 
жан­жақты талдау нәтижесінде көрінетін білім басты назарда тұрады. 
Мұны Е.Г. Беляевская былайша түсіндіреді: “Лингвокультурема как 
своеобразная “упаковка” знаний (включая знания о мире и знания 
о языковой системе) и мыслительного содержания, передаваемого в 
процессе коммуникации” [9, 48 б]. 
Лингвокультуреманы талдауға танымдық тұрғыдан келуді белгілі
бір әрекеттің үлгілерінен фрагменттер түрінде ұсыну керек. Фрагмент­
тер ретінде типтік жағдаяттардағы сценарий түріндегі фреймдер 
шығады. Мұны көптеген осы сала мамандары пікірі растайды. Мысалы, 
жоғарыда пікірін келтірген Е.Г. Беляевская: “Обращение к фреймам 
предполагает рассмотрение всего комплекса знаний об объекте или 
ситуации, существующего в данный исторический период в данном 
социуме. Этот принцип обеспечивает более “энциклопедический”
подход. Чем это принято в традиционной лексикологии, и показывает, 
что лексикон тесно связан с общими знаниями человека и неотделим 
от них”, – дейді [9, 24 б.].
Лингвокультуремаға бұлай қарау оларды әрқайсысының өз 
ерекшелігі бар шағын фреймдер, мәдениет туралы бірнеше ұсақ 
бөліктерге бөлінген білімдер блогы деп түсінуді ұсынады. Шағын 
фреймдердің құрылымы белгілі бір тілдік бірліктерге сәйкес келе 
отырып, өзіндік лексикалық мағынасы бар шағын мазмұнды иеленеді. 
Олардың қатарына типтік жағдаттардағы фрейм­сценарийлерді 
жатқызуға болады.Мысалы, тілімізде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет