Филологические науки


Keywords: the compatibility of words, collocation, lexical compatibility, grammatical  compatibility. Abstract



Pdf көрінісі
бет146/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   160
Байланысты:
10-9-PB

Keywords:
the compatibility of words, collocation, lexical compatibility, grammatical 
compatibility.
Abstract. 
This article is devoted to the compatibility of the collocation in English and 
Kazakh languages and its usage in speech. All the words cannot be able to be combined 
with other words all the time because of the compatibility of words. Also the article deals 
with the significance of compatibility and the types of word combination. There given the 
classification of collocations in English and Kazakh languages on the basis of Kazakh and 
foreign scientists’ statements. 
ӘӨЖ 81­139
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ 
ТІРКЕСІМДІЛІК ҚАСИЕТІ МЕН ОНЫҢ ТІЛДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ
Оразханова А.О.,
магистр, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ,
Таяу Шығыс аймақтардың тіл және аударма кафедрасы оқытушысы 
Алматы, Қазақстан, aidana_msksj@mail.ru
Tipeк сөздер: 
сөздердің
 
тіркесімділік қабілеті, сөз тіркесі, сөздердің байланысуы, 
лексикалық тіркесімділік, грамматикалық тіркесімділік.
Аңдатпа. 
Бұл мақала ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің 
тіркесімділік қасиеті мен оның тілдегі қолданысы мәселесіне бағытталады. Сөздер 
әрқашан өзара еркін тіркесе бермейді. Мақалада сөздердің тіркесімділік қасиетінің 
маңызы және олардың байланысу түрлері баяндалады. Отандық және шетел 
ғалымдарының тұжырымдары негізінде ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөз 
тіркестерінің топтамасы беріледі. 
Тіл білімінде, белгілі бір ойды эмоциционалды, әсерлі жеткізуде 
сөз тіркестерінің тіркесімділік қасиетін білу абзал. Тіркесімділік – 
тілдік бірліктердің арасындағы жоғары деңгейдегі бірліктер құрудағы 
тіркесімінің синтагматикалық қатынастарын сипаттайтын қасиеті [1].
Сөздердің тіркесімділік қасиеті тілдік жүйенің ішкі семантикалық 
заңдылықтарымен анықталады. Тіл деңгейінде сөздің белгілі бір 
грамматикалық форма мен синтаксистік құрылымдарда басқа 
сөздермен семантикалық немесе грамматикалық белгілері арқылы 
тіркесімділігі сипатына қарай 
лексикалық және грамматикалық 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 259 - 265


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
260
тіркесімділік
деп топтастырылады. Оның ішінде 
лексикалық 
тіркесімділік
сөздердің семантикалық қасиеттерімен, 
грамматикалық 
тіркесімділік
синтаксистік белгілерімен анықталады.
Тіл білімінде сөз таптары құрамындағы сөздердің лексикалық 
тіркесімділігі жайында біршама пікірлер айтылады. Мәселен, К. 
Аханов тіркесімділіктің бұл түрінің синтаксистік тіркесімділікке 
қарағанда тар көлемде болатынын айтса [2], М. Балақаев пен Т. 
Қордабаев “кез келген сөзді бірімен бірін тіркестіре салуға болмайды, 
өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік 
байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында келеді” дейді [3]. 
Сөздердің синтаксистік тіркесімділігінен көлемінің анағұрлым шағын, 
тар болуына қарамастан, лексикалық тіркесімділік сөздердің бір­
бірімен тіркесуінде маңызды қызмет атқарады. Кез келген сөз тіркесі 
құрамындағы сөздер, әсіресе еркін тіркесте, ең алдымен мағыналық 
жағынан үйлесуі қажет. Сонда ғана олар бір­бірімен тіркесе алады. Бұл 
жағдай тек лексикалық қана емес, синтаксистік тіркесімділікке де тән. 
Ғалым К. Аханов: “Синтаксистік сөз тіркесін құрастырушы сыңарлар 
сөздердің лексикалық тіркесімділігіне бағынбай, өзінше тіркесе 
бермейді. Синтаксистік сөз тіркесі дегеніміз еркін сөз тіркесі, бірақ 
оның еркіндігі сөздердің лексикалық (мағыналық) жақтан тіркесе алу 
мүмкіндігіне негізделеді” дейді [2]. Ғалымның бұл пікірі бойынша, 
синтаксистік тіркесімділікке қарағанда, лексикалық тіркесімділіктің 
мәні, қызметі ерекше екендігін түсінуге болады. 
Ал сөздердің тіркесімділігінің сөз таптарына қатысына келсек, тағы 
да ғылыми пікірлерді негізге алуға болады. Мәселен, К. Аханов: “Сөз 
тіркестерінің және олардың үлгілерінің жасалуында ұйытқы сөздің 
қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің құрылымы, 
әдетте, оның құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына, 
атап айтқанда, қай сөз табына қатысты болуына қарай анықталады. 
Сөз тіркесін құрастырушы сөздердің өзара қарым­қатынасы мен 
байланысының сипатын айқындауға ол сөздердің жалпы категориалды 
мағынасының тікелей қатысы бар” дей келіп [2], сөз таптарының 
ішінде сын есімдер заттардың сапасын, белгісін білдіріп, сөз тіркесінің 
бағыныңқы сыңары ретінде де, сондай­ақ басыңқы сыңары ретінде де 
жұмсалатынын айтады. Осындай ғылыми пікірлерден шығатын түйін: 
сөздердің бір­бірімен лексикалық және синтаксистік тіркесуінде 
оны жасаушы ұйытқы сөз ­ негізгі сөз табының қызметі ерекше. 
Тіркесімге түскен сөздердің арасындағы лексика­грамматикалық 
қарым­қатынас оны құраушы сөз таптарының мағыналық сипатымен 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 259 - 265


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
261
тығыз байланысты. Сондықтан сөздерді семантикалық жағынан 
жіктеп, лексика­семантикалық топтарға бөлуде олардың сөз тіркесі 
құрамында қолданылу мүмкіндігінің лексикалық мағынасына қатысы 
да ескеріледі.
Сондай­ақ, сөз тіркесі немесе сөйлем құрамындағы сөздердің 
арасында екі жақты байланыс болады. Біріншіден, олар белгілі бір 
грамматикалық формалар арқылы тіркессе, екіншіден, тіркесімділікке 
түскен сөздер семантикалық жағынан да байланысады. М. Оразов 
“егер бұл екі байланыстың біреуі жоқ болса, не сөйлемдегі айтылатын 
ой толық жеткізілмейді, не мүлде түсініксіз бір нәрсе болып шығады”
деп, сөздердің грамматикалық және семантикалық байланыстарын 
тең дәрежеде қарастырады [4]. Мысалы, 
үркек ат, тебеген жылқы, 
сүзеген сиыр, қабаған ит 
т.б. Үрку тек атқа, биеге ғана тән қасиет емес, 
сиырға да, қойға да, түйеге де тән қасиет. Бірақ 
үркек сиыр, үркек қой 
деп айтпаймыз [4]. Сол сияқты, ағылшын тілінде де 
fast car – quick car, 
fast food – quick food, a quick glance – a fast glance, a quick meal – a fast 
meal 
секілді мысалдарды келтіруге болады. Мұндағы 
fast
және 
quick
сын есімдері синонимдік мағынада болса да, кез келген сөзбен тіркесе 
бермейді. Келесі кестелерде де бірқатар синонимдес сын есімдердің 
байланысу қабілетін көрсететін мысалдар берілген.
Осындай мысалдар ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөз 
тіркестерінің тіркесімділік қабілетінің ұқсас келетінідігін көрсетеді. 
Ағылшын тілінде сөз тіркесі “collocation” деп аударылады. 
Коллокацияға берілген анықтамалардың ішінде ағылшын тіліндегі 
сөз тіркесінің табиғатын анықтайтыны ̶ Х. Джексон мен Стиг 
Йохансон тұжырымдамалары. Х. Джексон тұжырымдамасы бойынша, 
“collocation refers to the combination of words that have a certain mutual 
expectancy” [5]. Стиг Йохансон тұжырымдамасы бойынша, “habitual 
combinations of lexical items” деген тұжырымдар қазақ тіліндегі 
ғалымдардың тұжырымдарымен сәйкес келеді [6]. Сонымен қатар 
әйгілі сөздіктердің ішінде де коллокацияға нақты анықтама берген 
– 
“THE LONGMAN DICTIONARY OF CONTEMPORARY ENGLISH”
сөздігі. Бұл сөздікте коллокацияға мынадай анықтама берілген: 
“collocation is a habitual combination of words, which sounds natural” [7].
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 259 - 265


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
262
Кесте 1 – Синонимдес сын есімді сөз тіркестер қатары 
Adjective + 
noun
Opposite 
adjective + noun
Example
Dry hair
Greasy hair
You need to wash 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет