122
оқып болған соң әже қолындағы ақ тәспісін ауда-
ра бастады. Дәл сондай ақ тасты тәспі менде де
бар екен... Осыдан соң оянып кеттім, ата. Қасым-
ханның әжесін түсімде көрген сол түннен бері,
ақ тәспіні қолымнан тастаған емеспін. Намазға
жығылғанымда басқа тәспілерді шетке ысырып,
тек аппақ тастармен айшықталған тәспімді ау-
дарамын да, намазымды аяқтағаннан соң тәспіні
жүрегіме жақын ұстаймын де, ерекше сезімге
берілемін. Ол сезімді айтып жеткізе алмаспын
енді. Сол түсті көрген соң, «Ютуб» деген бейне-
баян көрсететін желі бар еді ғой, ата, содан Ахмет
Қасымхан деп жазғанымда, бірнеше бейнебаян-
дар шықты. Біреуін ашып қарасам, Қасымханның
кезекті жеңісінен соң, он жетінші жылы берген
сұхбаттарының бірінде әжесімен түскен суреті
жарияланыпты. Келбеті дәл менің түсімдегідей
жылы жүзді, сұп-сұлу, қарапайым қазақ әжесі
екен. Сөйтіп, мен еріксіз оның әжесіне де ғашық
болып қалдым…
Содан бері бірнеше күн өтті. Есіме түскен са-
йын терең ойға батып кетемін. Әйтеуір, жанымда
Бибім бар, көрген-білгенімнің барлығын соған
айтамын. Ара-арасында осылай өзіңе жазып тұр-
ғаным да айып емес шығар, ата.
Ата, өзің айтушы едің ғой: «Жаныңды тербе-
ген ой-сырды ақ параққа төгіп таста, сонда бір
жеңілдеп қаласың» деп…
Достарыңызбен бөлісу: