«Хорланымның көзі болған жүзікті,
Өтінемін,
Өзіммен бір жерлесін!
Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде
Ғашық болып өлу – қандай мәртебе!
Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік
Жарық беріп жатсын маған көрде де!».
Расында, Естай жарық дүниедегі соңғы сәт-
терінде, асқақ та, шексіз махаббаттың белгісі
ретінде – «Қорланымның көзі» деп, қолындағы
жүзігін жер қойнына өзімен қоса көмбегін Нұр-
лыбек досына аманаттайды. Тарих осыған куә.
Мүмкін, жүзігімді саусағыма таққан сәтте мен
де өзімді Қорланның тағдырласындай сезінген
101
болармын. Себебі жанымды күйдіре жаздаған
сындарлы сәттерде жүзік менің және менің ма-
хаббатымның ең үлкен қорғанына айналды.
Махаббат жүзігі жайлы Әзілхан Нұршайықов-
тың да ғибратқа толы ғұмырынан мынандай ес-
телік бар.
Бір күні жазушы ақша салынған әмиян ішінен
«Халима. 1997» деген жазуы бар алтын сақинаны
тауып алады. Саусағына тақса, шап-шақ. «Ұрпа-
ғыма аманат болар менің көзім болсын» деп, бар-
лық келіндері мен немерелеріне сақина жасатқан
Халима апа осы сақинаны өмірлік қосағы – Әзіл-
хан атаға арнап сақтаған екен. Осы жайды бөлі-
се келе, «Мәңгілік махаббат жыры» романында
Әзілхан Нұршайықовтың былай жазғаны есімде:
«
Мен Халиманы кей түнде түсімде төрт рет
көремін. Күндіз үйдегі суреттеріне қарап, көз ал-
дыма елестетемін. Ал мына Халима қалдырып
кеткен алтын сақина арқылы түнде оны қасым-
да жатқандай сезінемін. Күндіз көшеде қолтық-
тасып қатар келе жатқандай күйде боламын.
Сақина алтыны күндіз – күнге, түнде – шам жа-
рығына жалт етіп қалғанда Халиманың жарқ
етіп, өзіме қиыла қараған мейірімді көзін көрген-
дей боламын. Халима мәңгі менімен бірге деп сезі-
немін! Естай ақынның Хорлан қыздың сақинасын
саусағынан неге түсірмей өткенін енді түсіндім.
Ол қолы жетпей қалған асыл арманның өкініші
ретінде сақтаған екен. Ал мен қолым жеткен ға-
шықтық жеңісінің жалтылдаған жалауы ретін-
де сақтаймын! Мәңгілік махаббаттың өшпес сәу-
лесі деп сақтаймын!».
102
Міне, махаббаттың нағыз символы, нағыз
үлгісі! Мен де кеудеме ұя салған пәк сезімнің
белгісі ретінде саусағымнан алтын сақинамды
бұдан былай шешпей жүрдім. Қамыққан сәттер-
де сақинама қарап сабырға келетінмін. Себебі жү-
регімдегі махаббаттың ғажайып сиқыры бар, оны
сезген сайын жүзіме нұр кіріп, жаураған жаным
жылынып, ашуға булыққан мінезім көл суындай
саябырсып қалатын. Мен жүзікке қарап, Қасым-
ханды еске алатынмын. Ол жанымда жүргендей
елестейтін. Алайда, Естайдың тағдырласы болам
ба, әлде Нұршайықовтың бақытқа ұласқан махаб-
бат тағдырын кешем бе, бұл да мен үшін белгісіз
еді.
***
Астанада болған оқиғаларды ұзақ уақыт ұмы-
та алмадым. Оған қоса қаламым да ұштала түсті,
өлең жазбаған күнім кемде-кем. Жазған өлең
шумақтарымның барлығы да жүрегімдегі іңкәр
сезімнен туған қиялымның толқындары еді.
Кейде қорқыныш пен белгісіздіктің майданына
айналған кеудемде сезім гүлі жайқала қалғанда
шабытымның тасқынын қайда төгерімді білмей,
сезімімнің иесіне хат та жазып отыратынмын.
Иә, өзім тіпті танып-білмеген азаматқа адреса-
ты жоқ талай хат жаздым. Өзімді Әбдірахманына
қосыла алмаған Шұғадай, Ғалимен шаңырақ кө-
тере алмаған Жамалдай сезінуші едім. Олардың
жанын сүйіктісін тек түсінде ғана көретін, сонда
да ғаламға беймәлім шексіз сүйіспеншілік сезім-
мен қарайтын Қарлығаш жақсы түсінуші еді.
103
Эпистолярлық жанрда жазылған талай классика-
лық шығармаларды қызыға оқушы едім. Өзімді
Пушкиннің Татьянасына ұқсатқан кездер де бол-
ды. Абайша айтсақ, «Мен не болсам болайын, сен
аман бол» деп, Қасымханға ойша тілекші болып
өмір сүре бердім. Әрине, тірі жан болған соң, оның
өміріне қызығып, әлеуметтік желіде бақылап та
жүрдім. Қасымхан елге белгілі күйші екен. Өзінің
жүзге жуық авторлық күйлері бар. Қазіргі таңда
Астанада қызмет етеді. Бас қалада әжесімен бір-
ге тұрады. Мен білетін ақпарат осы. Қасымханды
отыз жылдан астам күйшілерді тәрбиелеп жүр-
ген менің әкем Бақберген де жақсы таниды екен.
Астанадан қайтқан соң әкем:
– Қарлығаш, сайыс әділ өтті ме? – деді.
– Әкетай, білмедім, – дедім.
– Әрі-бері шапқылап жүріп, күйшілерді тың-
дауға да уақыт жетпеді. Бір білерім: Қасымхан
жеңіске жеткенде бәрі риза болды.
– Иә, қызым, Қасымхан кәсіби, мықты күйші-
композитор. Сырттай танимын. Өзінің біраз күй-
лері бар. Талабының арқасында Еуропадағы үл-
кен музыка фестиваліне жолдама алыпты. Өнер
бәйгесінде тұлпары оза шапсын. Қазақтың дом-
бырасын әлемге танытып келсін! Тілекшіміз…
– Фестиваль?
– Иә, биыл Вена қаласында үлкен музыка фес-
тивалі өтпек. Әлемнің мықты деген музыканта-
ры жиналады.
– Сіз барасыз ба, әке?
– Жоқ, қызым, бұл жолы бармаймын. Қасым-
ханды сол сапардан соң біздің университетке
104
шақырмақпыз. Оны енді көктемге қарай деп жос-
парлап отырмыз. Шығармашылық кешін өткіз-
сек деген ой бар. Артынан ерген бауырларына
үлгі болсын.
– …Папа, шығармашылық кеші өтсе мен қалып
кетпейін, иә? Айтарсыз.
– Жарайды. Күйшіні Қарлығаш та мойындап-
ты ғой, дұрыс.
– Ой, пап…
– Жә-жә, қызым, жай айтамын. – Әкем жай-
дары жүзбен қарап, әдеттегідей танау ұшымнан
шертіп қойды. Бұл оның еркелеткендегі түрі...
***
Көктемді асыға күтіп жүрген мен үшін қыстың
ызғарлы аязы күзде орын алған оқиғалардан соң
жүрегімді паналаған жылулықты баса алмады.
Дала суыса да, мендік жүрек суымады. Мен ба-
қытты едім! Еш себепсіз бақытты…
Әттең, бірақ өмірде күн мен түннің алмасуы
сияқты бақыт пен мұң да қатар жүретінін біл-
меппін. Ешқандай ерсі мінез, сумаң қылық, суық
сөз баса алмас жүректегі жанға шипа болған жы-
лулықты, өмірімдегі ең ауыр күн ізі қалмастай
жуыстап кететінін де білмеппін.
Менің атам дүниеден өтті… Қарлығаштың
атасы…
***
Көк түнеріп, даланы қалың қар басып, айнала
сұр тұманға шомған қаңтардың қатал күні еді. Мен
оқуда жүрдім. Жаңа жылда ауылға барып келдім.
105
Бұл жолы атам әдеттегідей емес, көптен-көп
үнсіз отырды. Араға бірнеше ай салып бас қосқан
немерелерінің ортасында да бізді көбірек тың-
дады, өзі аз сөйледі. Ауылда өткізген бір аптада
үй тіршілігімен жүріп мен де атаммен аз сырлас-
тым. Әсіресе, Алматыға қайтып бара жатқанымда
атамның маған ұзақ ойлана, жаутаңдай қарағаны
есімде. Даналық пен шуаққа, мейірім мен қатал-
дыққа толы жанардың жақында мәңгілік сөнерін
кім біліпті? Біз сезген де жоқ едік. Атам ешкімге
ауырлық салмай, әжемнің қолын қапсыра қысып,
немерелерін көзімен бір шолыстап, құшып-сүйіп,
ақшам намазынан соң кереуетке сүйене беріп,
батқан күнмен ілесе бақиға аттана беріпті.
Маған қаралы хабарды жеткізген жеңгем бол-
ды. Оқуымнан дереу үйге келуімді сұрап, үй аула-
сына жете бергенімде:
– Жарқыным, көкке қарай ғойшы... – деді.
– Жеңеше, не болып қалды? Аулада сонша көп
машина тұр ғой? Бәрі дұрыс па? Аман ба, бәрі?
– Анау аппақ бұлтты көріп тұрсың ба, Қарлы-
ғаш?
– Көріп тұрмын, иә?
– Көріп тұрсаң... Атаң сол мамық бұлттардың
арасында... мәңгі ұйқыға аттанды.
– Атам?.. Қай атам, женше?
– Қарлығаштың атасы, жаным...
Үйге қалай кіргенім, кімдерді көргенім, сол
сәттегі әкем мен анамның қайда, қандай күйде
болғандары бәрі-бәрі есімде жоқ...
Халифа жеңгем жанымда болды. Тастай суық
алақанымды уқалап, арасында жылы су ішкізіп,
106
басыма орамал байлап қойды. Бір сәт екінті мен
ақшам намаздарын оқымағанымды еске түсіріп,
үйде болып жатқан оқиғаларды өңіме емес, түсі-
ме балағандай болдым да, өз бөлмемде намазға
жығылдым. Осы қаралы хабар жайлы да, жаным-
ның қалай күйіп бара жатқанын да жан баласы-
мен емес, Жаратушыға ғана айта алдым. Атам-
ның дүниеден озғанын, осы суық хабардың шын-
дық екенін қабылдай алмадым. Сенбедім… Тек
атам үшін дұға жасадым. Бұл жолы: «Иә, Құдай,
атама ұзақ ғұмыр берші, біздің жақсылығымыз-
ды көрсете көрші» деп емес, «Аллам, атамның
мәңгілік тұрағын жұмақ ет. Менің осы ғұмырда
жасалған әрі жасалатын барлық құлшылығым-
ды, әр намазымды, аузымнан шыққан әр сүрені,
әр зікірді атама бақи дүниеде шапағатшы ете гөр.
Оны өз панаңа алғайсың... Өзіңе тапсырамын»
деп, бетімді екі алақаныммен бастым да, еңіреп
тұрып жылай бастадым. Өмірімде осылай еңіреп
көрмеппін. Атамды жоқтап, еңіреп жылап отыр-
ғанымды көрген жеңгелерім жаныма келіп, ке-
зек-кезек бауырына қысып, басу айтты. Мен «ыс-
тық жас» деген сөзді енді түсінгендей болдым.
Тағдырдың қатал күндерінде жаныңның түбі-
нен шыққан жас расында да ыстық болады екен.
Көкірегіңді күйдіріп жібереді екен.
Бірнеше сағаттан соң, біз ауылға аттандық.
Ата-анамыз ауыл жаққа азаннан кетіпті. Анам
түні бойы әжемді түсінде көріп, «анамыз ауырып
қалса керек» деп, жұмысын, тіршілігін тастап,
ауылға қарай бет алса керек. Анамның осындай
сәуегейлігі бар еді. Оған қоса әжем екеуінің ара-
107
сында бір-бірінің жан дүниесін жіпсіз-ақ сезіп,
түсіне қоятын тылсым күш те бар сияқты.
Құдайдың құдіреті де осында екен... Атамыз
келінінің қолынан соңғы рет шай ішіп, ас қайы-
рып, артта қалып бара жатқанның бәріне бата
беріп те үлгеріпті. Сондағы батасы: «Аяқтарың
тең болсын, жүректерің кең болсын, адасқанға
дем болсын, ауырғанға ем болсын, жұмағыма сеп
болсын. Адамның емес, Алланың сүйіктісі болың-
дар...». Осы бата сөзіндегі «жұмағыма сеп болсын»
деген сөзін әкем атамның қырық күндік асында
есіне алып: «Әкем жарықтық дүниеден өтер күні
осындай бата беріп еді... Түсінгенім, жүрегіміздің
кеңдігі адасқанға дем болса, ауырғанға ем бол-
са, Құдай да әкемізге осындай ұрпақ өсіргені
үшін ыразы болып, жұмаққа кіруіне сеп болар ма
екен... Әкемнің даналығы ғой, соңғы демі үзілген-
ше «Аллам ырза болсын!» деп, ғибратты ғұмыр
кешіпті...» – деп, көзіне кермек жас үйірген-тін.
Себебі, атам осыған дейін мұндай бата бер-
меген еді. Дүниеден өтерінен бір күн бұрын ба-
сын сәждеден көтермей, ұзақ дұғада отырыпты.
Көбіне-көп әжемнің жанында болып, ыстық ала-
қанын шекесіне басып, өмірлік жолдасына деген
алғысын үнсіз, көзбен ғана білдіргендей болып-
ты. Бір жолы ғана: «Сұлу келіншек, мен саған
ыразымын» деп, мейірленген қалпымен әжемді
жүрегінің тұсына қарай жақындатып, маңдайын
көкірегіне басыпты. Мұны әжем: «Момыным-ау,
мені уайымдамасын дегені ғой. Өлмей жатып
өлетін кісінің сөзін айтып, бақұлдасып жатсам,
бекерге жылатып алармын-ау деп, өмірінің соң-
ғы күнінде де мені ойлапты-ау... Әйтпесе, түсінде
108
анасын көргенін, өмірден өтерін сезіп жүргенін
маған да білдіртер еді ғой...» дегенге саяды. Атам
бір апта бойы түсіне анасының кіріп жүргенін қо-
йындәптеріне жазыпты. Тіпті, ақ параққа жазыл-
ған соңғы сөзін «Екі күн...» деп бастапты. Дәл екі
күнен соң қайтып кетті…
Атамның әжеме: «Мен саған ырзамын» деген
сөзінде де қаншама даналық жатыр десеңші... Ол
бірнеше күндік қоштасу сөзін бір-ақ ауыз сөзге
сыйдыра білді. Әжем де ондай лебізді естуге құ-
лықты-тұғын. Өйткені, адал жар үшін азаматы-
ның ыразылығын алудан асқақ тілек жоқ. Өмір-
дегі әйел затына тән еншінің ең үлкені де осы
екен.
Сөйтіп, менің атам сексенге қараған шағында
дүниеден озды. Мен үшін бұл тым ерте. Атам ма-
ған әлі де керек еді.
Сол күні қандай қайғылы күндерді бастан өт-
кергенімізді айтпай-ақ қояйын, айтуға әлім де
жетпес, зауқым да жоқ. Атамызды алып кеткен-
де төрт қызғалдағы болып, төрт қызы қара жерді
құшақтап, егіле бердік. Бізді ешкім тоқтата алма-
ды. Қиналғанымыз соншалық, сол сәттер есімде
де қалмапты. Атамның жетісінен соң ғана ес жи-
дық.
Әйтеуір, жүрдек уақыт әдетіне салып жылдам
өте берді. Жетісін өткіздік, қырқы да өтті. Жақы-
ныңнан айырылғанда жаның – жиһазы жоқ, пер-
десі де ілінбеген, шамы жанбаған, қара қабырға-
лы пәтердей босап, қаңырап қалады екен. Ешқан-
дай сөз жаныңның жалынын сөндіре алмайды.
Іштей күйіп кете жаздайсың. Алматыға қайтсам
да, оқуыма бір айдай бара алмадым. Мен барлық
109
жерден атамды іздедім. Алатаудың қарлы бөк-
терінен де, ауылымыздың жұлдызды аспанынан
да іздедім, таппадым. Гүлзар бақтан да, көше-кө-
шеден де іздедім, таппадым. Ең болмаса түсімде
көрсем дедім. Бірақ қырық күн ішінде ол бірде-
бір рет түсіме де кірмеді. Әкемнің басынан тас-
тамай киіп жүрген атамның тер иісі сіңген ескі та-
қиясын мен де қайта-қайта иіскей бердім. Алай-
да, уайым-қайғымды, атама деген сағыныш-сы-
рымды ақ параққа жайып салып отырдым. Сонда
ғана жаным жай тауып қалатын болды. Қайғы-
дан езіліп отыра бермедім, көзімнің жасын ты-
йып, тәкаппар таулар жаққа үмітпен иек артуға
тырыстым. Сөйтіп үйдегілерге, артымнан ерген
бауырларыма күш бергім келді. Мұның себебін
енді түсінгендеймін. Мені осы күнге атамның өзі
баулып, өзі тәрбиелепті. Сол үшін де мен атамды
ақ теңіз, көк теңізден іздеспей, өз жүрегімнен із-
деп үйрендім. Ендігі ғұмырымда атамның жаз ди-
дар бейнесі менің жүрегімде, тек жүрегімде ғана
сақталады…
***
Атамды алыс мұнар сағым жақтарға алып кет-
кен қатал қыс ұзаққа созылды. Әдетте Жаңа жыл
– Наурызға қарай қара жердің көбесі көріне бас-
таушы еді, осы жылы қар біздің суық көңілдеріміз
сияқты ұзаққа дейін ерімей, сіресіп жата берді.
Жаңа жылды да кеудедегі ауырлықпен қарсы ал-
дық, көктемгі күннің шуағы да көңілімізді жібі-
те алмады. Әсіресе, әжеміз осы үш айдың ішінде
қатты жүдеп кетті. Тізесіне еркелеп жатқанымда
байқағаным, әжемнің атам барда көзінің астын-
110
дағы жазық даладай тегіс терісі солбырасып,
әжім басқанын байқадым. Мүмкін, кеуде керне-
ген күйік-шерін бізге көрсетпей, оңашада жылап
та алатын шығар. Жастығы сағыныш жасына
малшынып, жаңбыр астында қалғандай шыл-
қылдайтын да шығар. Әжемнің сөзі де, күлкісі де
сиреп кетті. Көбінде мазасызданып қалса, анама
немесе Аққуға айтады.
Сіңлім екеуміз ауылымызға атамның қырқы-
нан соң, наурызға қарай бір-ақ бардық. Алма-
тыда, оқуда жүрдік. Мен атамсыз өткен үш айда
терең ойда жүрдім, осы аралықта бір де бір өлең
жазбадым, түс көруім де сиреді. Басымнан өткен
жағдайды ұмытқандай болдым.
Ауылдағы қара шаңырағымызға кіре берерде
үлкен дуал тұратын. Сол дуалдың қабырғасына
атамның суретін іліп қойыпты. Суреттегі атам
біздерге күлімсірей қарап, «Келдіңдер ме, құлын-
дарым-ау» деп тұрғандай... Менің де сол суретті
құшақтап, еңіреп жылағым келді. Алайда үйдегі-
лердің онсыз да құлазып тұрған көңілін одан са-
йын құлазытқым келмеді. Атамның суретінің жа-
нына түнде бардым. Нақтырақ айтсам, атамның
портреті ілінген дуалдың жанында тұрған төсек-
ке жатып алдым да… сырласа бастадым. Төрт са-
ғат бойы бар сырымды, мұңымды, өкінішім мен
өткенімді атамның алдына төктім, тоқтамадым…
Сол сәтте атамды жаңадан тапқандай болдым.
Талмаусырап отырып, таң намазының уақыты
келіп қалғанын байқамай да қалдым.
Атаммен өткен соңғы күндерде түсімдегі аза-
матты өңімде кездестіргенімді, тіпті түсімдегі
111
ақ жаулықты ана – Қасымханның анасы екенін
де айтпадым. Атам бұлардан бейхабар еді. Атам-
ды қаншалықты сырласым деп білсем де, бұл
жайды оның алдына барып айтуға қымсындым.
«Қарлығашым, көңіл-хошың дұрыс па? Әлгі түс-
терің, өлеңдерің не болды?» деп сұрағанына да:
«Ата-ау, бәрі дұрыс. Не болса да Аллаға аян ғой.
Қазір тәуірмін» дедім де, келгелі бері атамның
маған ғана байқалған ойлы жүзіне шуақ-нұр се-
бердей себеп іздестім. Ол: «Сен жақсы болсаң,
мен де жақсымын, жарығым!» деді де қойды.
Әдеттегідей әңгімесін әріден бастап, салиқалы
сөздерімен жалғаған да жоқ. Біздің қоштасуы-
мыз осындай болды. Үнсіз қоштастық. Білмей
қоштастық. Тек қана «Қарлығашым, аман бол,
адал бол» десіп, құшағына мені құшырлана ба-
сып, маңдайымнан иіскеп, көлікке дейін шыға-
рып салды. Осы бір сөздерін Алматыға барар жо-
лыма емес, өмірлік жолыма арнағанын қайдан
білейін. Қайран, атам-ай…
***
Атамды мен енді мынау фәни өмірде көре ал-
маймын. Өкінішті.
Көзімнің жасын сүртер, жан дүниеме үңіліп,
жан сырымды ұғар ең жақын адамым – атама
мен енді жан сырымды ақ парақ хат арқылы ғана
жеткізе алармын, одан басқа қайран жоқ. Әрине,
жан сырымды әкем мен анама да, бауырларыма
да айта алар едім. Әсіресе, әжем мен анама кез
келген сырымды аманат етуге бармын. Әжем де,
112
анам да мені түсінер, басымнан сипап, баурына
басып, жаураған жанымды жылыта білер, алайда,
атама жетері бәрібір де жоқ…
Сондықтан ендігі сырымды атамның рухы-
мен тілдесе отырып, қауырсын қанат хат арқы-
лы жеткізгім келді. Енді мен атамның ақ парақ-
ты қалай қадірлей білгенін еске алып, ең сыр-
лы сезімдер мен жырларды ақ параққа төге бас-
таймын. Енді менің жан сырымды, қатпар мұ-
ңымды, жалын нұр жырымды менің жазған хат-
тарымнан оқып білерсіздер.
113
114
115
Екінші бөлім
116
Достарыңызбен бөлісу: |